Табиғи орта жағдайын бақылау


класс (ШРКжз < 0,1 мг/м3) - айрықша қауіпті; 2 класс



бет26/51
Дата16.10.2023
өлшемі362,68 Kb.
#115973
түріПрактикум
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
Таќырып 2 Табиѓи орта жаѓдайыныњ экологиялыќ мониторингі-emirsaba.org

1 класс (ШРКжз < 0,1 мг/м3) - айрықша қауіпті;

2 класс (ШРКжз = 0-1 мг/м3)- жоғары қауіпті;

3 класс (ШРКжз = 1- 10 мг/м3)- орташа қауіпті;

4 класс (ШРКжз = > 10 мг/м3)- болымсыз қауіпті.
Мысал ретінде, 3.2 кестеде кейбір зиянды заттарға сипаттам берілген.

3.2 Кесте – елді мекендердегі атмосфералық ауа құрамындағы кейбір зиянды заттардың шекті рауалы концентрациясы






Код


Заттар


Қауіптілік класы


ШРК, мг/м3


Максималды бірлік


Орташа тууліктік

0330

Күкірт диоксиді

3

0,5

0,05

0333

Күкіртсутек


2

0,008

-

0334

Күкірт көмірсутк


2

0,03

0,005

0301

Азот диоксиді


2

0,085

0,04

0303

Аммиак

4

0,20

0,04

1401

Ацетон

4

0,35

0,35

0602

Бензол

2

1,5

0,1

0856

Дихлорэтан

2

3,0

1,0

0612

Изопропилбензол (кумол)


4

0,014

0,014

0521

Пропилен


3

3,0

3,0

1071

Фенол

2

0,01

0,003

0337

Көміртек оксиді

4

5,0

3,0

1530

Капролактам (аэрозоль)


3

0,2

0,2

0616

Ксилол

3

0,2

0,2

0703

Бенз(а)пирен

1

-

1 г/м3


1213

Винилацетат

3

0,15

0,15

0328

Сажа

3

0,15

0,05

0621

Толуол

3

0,6

0,6

0620

Стирол

2

0,04

0,002

2603

Микроорганизмдер және микроорганизмдер - продуценттер

-

5000 кл/м3 (ОБУВ)

1 нг/м3





ШРК мб.- елді мекеннің ауасындағы заттардың шекті рауалы максималды бір жолдық концентрациясы, мг/м3.бұл концентрация ауаны 20 минуттай жұтқанда адам организмінде рефлекторлық реакцияны туғызбауы қажет;

ШРК от.- елді мекеннің ауасындағы улы заттардың шекті рауалы орташа тәуліктік концентрациясы, мг/м3. Зиянды агенттің адам организміне өткенде (демалу, тамақпен және т.б) оларға қатты ықпал жасамайтын ең көп мөлшері.
Ластағыш заттардың мөлшері кәсіпорындардың территориясында ШРКжз-ның 0,3 бөлігінен аспайтын етіп белгіленеді. Кәсіпорындар территориясындағы ШРКжз- 3 есе аз мөлшер белгіленген себебі осы территориядағы ауа өндіріс ғимараттарындағы ауаны жаңартуға қолданылады, олардың ауасындағы қоспалардың мөлшері анда-санда өте жоғарылап тұруы мүмкін. Атмосфералық ауаны ластайтын басқа да көздері бар аймақта жаңа кәсіпорынды салу жобаланса, онда оның ауаға жіберетін қоспаларын нормалағанда бұрыннан салынған және істеп жатқандардың шығарындылары міндетті түрде ескеріледі. Егерде қоршаған ортаны зиянды заттармен ластайтын бірнеше көздер болса, онда ауаның сапасы төмендегідей анықталады. Кәсіпорында территориясында

N
∑ Сi ≤ 0.3 ШРКжз - Сф (11)


і=1
елді мекеннің ауасында

N
∑ Сmi ≤ ШРКауа – Сф (12)


і=1
мұнда Сі- і көзден түсетін зиянды заттардың концентрациясы;
Сmi – атмосфералық ауаға і-көзден түсетін зиянды заттардың максималды концентрациясы;
N-ауа бассейініне белгілі зиянды заттарды жіберетін көздердің саны.
Егер де атмосфералық ауада зиянды эффектісі бар бірнеше заттардың шығарындылары болса, онда мөлшерсіз концентрацияға көшу қажет. Санитарлық норма келесі жағдайда ғана орындалады, егер
N
∑ qi ≤ 1, qi = Сі/ (ШРКі - Сфі) (13)

і=1
3.3 Кесте - Ауаға арналған шекті рауалы концентрациялардың топтастырылуы




Шекті рауалы концентрация (ШРК)

жұмыс зонасындағы максималдық біржолдық (ШРКжз)


өнеркәсіп территориясындағы (алаңдағы) максималдық біржолдық (ШРКөа)


Елді мекеннің атмосфералық ауасының ШРК е.м


Максималды біржолдық


ШРК м.б


Ортатәуліктік


ШРК о.т


Үлкен қалалар мен денсаулыққа шипалы болатын жерлердің максималды біржолдық (0,8 ШРК м.б)


3.4 Кесте - Қазақстан республикасы бойынша елді мекендердегі атмосфералық ауа құрамындағы кейбір зиянды заттардың (қосылыстардың) шекті рауалы концентрациясы




Қосылыстардың аты


ШРК, мг/м3


Қауіптілік классы


Максималды бірлік


Орташа тууліктік

Көміртек оксиді


5,0

3

4

Азот оксиді

0,4

0,06

3

Диоксид азота

0,085

0,04

2

Шаң-тозаң (өлшенді заттар)

0,5

0,15

3

Фенол

0,001

0,003

2

Формальдегид

0,035

0,003

2

Қорғасын

-

0,0003

1

Аммиак

0,2

0,04

4

Күкірт диоксиді

0,5

0,05

3

Күкіртсутек

0,008

-

2

Хлор

0,01

0,03

2

Фторлы сутек

0,02

0,005

2

Мыс

0,003

0,001

2

Хлорлы сутек

0,2

0,2

2




3.4 Атмосфераны ластаушы көздерді және зиянды физикалық әсерлерді бақылау
Атмосфералық ауаны ластаушы көздерді бақылау «Атмосфераны ластаушы көздерді бақылау әдістемесі» ОНД — 90 және басқа да әдістемелік құжаттармен атқарылады. Зиянды заттардың массалық шығарындысы әртүрлі нақтылықпен келесі әдістермен анықталады: инструментті, инструментті – зертханалық, индикаторлы және есептік.


Инструментті әдіс – бақылаудағы көздерден шығарылатын шығарындылардың қосындыларының концентрациясын үздіксіз өлшейтінавтоматты газоанолизаторларды қолдануға негізделген.

Инструментті – зертханалық әдіс- қолданғанда біріншіден ластаушы көздердегі газдардың үлгілерін алады, одан кейін олар зертханада автоматты және жартылай автоматты құралдарда анализдейді.

Индикаторлы әдіс шығарындылардан шығатын қосылыстардың концентрациясына байланысты өзінің түсін өзгертетін индикаторлы элементтреді қолдануға негізделеді. Бұл әдіс шығарынды газдар қосылыстарының концентрациясын алдын-ала бағалау және экспресс-анализ үшін қолданады.

Есептік әдіс- ластаушы заттардың массалық шығарындыларын анықтау үшін қолданылады. Онда шикізатпен отынның құрамы туралы мәліметтер бойынша, технологиялық режим, газдарды тазарту дәрежесі және т.б негіздерді есепке ала орындалады.
3.5 Кестеде химиялық өндірістердің шығарындыларының көпкомпонентті құрамын зерттеу үшін қолданатын, ауа анализінің негізгі инструментті әдістері келтірілген

3.5 Кесте – Ауа анализінің негізгі инструментті әдістері




Анализ әдісі


Сезімталдық, г


Анализдеуші заттар

Жалынды фотометрия


10-8


Күкірт диоксиді, күкіртсутек, күкірторганикалық қосылыстар, күкірткөміртек және т.б.


Кондуктометрия


10-6


Күкірт диоксиді, күкіртсутек, аммиак және т.б.


Масс-спектрометрия


10-11


Органикалық және бейорганикалық қосылыстар


Газды хромотография


10-8 - 10-13


Органикалық қосылыстар


Сұйықтықты хромотография


10-8


Органикалық қосылыстар


Жұқақабатты хромотография


10-7


Көмірсутек, альдегидтер, майқышқылы, фенол, этиленгликол және т.б.



Хроматографиялық әдістер жоғары сезімталды және селективті боылп келеді, ол жекелеген органикалық заттардың және күрделі қосылыстардағы компоненттредің концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді. Хроматографтың сезімталдығы және нақтылығы қолданатын детектор типіне байланысты болады. Қазіргі газды хроматографтарда жоғарысезімталды жалынды-ионизациялық, электрондыұстамды және трмионды детекторлар қолданылады.

Өндірістік жағдайларда шығарындыларға сандық және сапалық анализ жүргізу үшін аса қарапайым индикаторлы әдістерді қолданады. Тәжірибеде УГ-2 и УГ-3 газанолизаторлары аса кең қолданылады. Осы күрделі емес құралдың көмегімен зиянды қосылыстардағы 20-ға жуық заттарды анықтауға болады, соның ішінде күкіртсутек, аммиак, ацетон, этилді эфир және т.б қосылыстар қатарындағы элементтерді анықтайды. Бұл құрал өте қолайлы, қарапайым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет