4 Тәжірибелік бөлім Тапсырма 1 Жұмыс орындары ауасы құрамындағы СО2 көлемін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: көмірқышқыл газының құрамын сандық анықтау арқылыауа сапасын бағалау.
Біз тыныс алатын ауа құрамындаөте аз мөлшерде көмірқышқыл газы болады. Бірақ адамдар немесе жануарлармен шығарылатын ауаның жиналу, органикалық заттардың ыдырауы, көмір немесе мұнай жағу салдарынан жеке аудандарда оның концентрациясы күрт өсуі мүмкін. Бұл жұмыста сіз ауаның кейбір үлгілеріндегі көмірқышқыл газының құрамын салыстырасыз.
Әдіс принципі:
Ұсынылып отырған әдіснақты әрі қолайлы болып табылады. Анализ СО2 кальций гидроксидімен өзара әрекеттесуіне негізделген.
Жұмыс барысы: 1) кальций гидроксидінің қаныққан ерітіндісін дайындау. 200С қаныққан ерітіндіде Са(ОН)2 массалық үлесі 0,1647 пайызды құрайды. Бұл ерітіндінің тығыздылығы 1,001 г/мл;
2) компрессор ІІ өнімділігін (л/мин) анықтау. Ол үшін бір минут ішінде суы бар аударылған цилиндрге толтырылған ауа көлемінсуды ығыстыру жолымен анықтаған жөн;
3) практикумда және басқа да кафедра бөлмесінде (ұстаздың нұсқауымен) ауа анализін өткізу. Ол үшін цилиндрге 200 млдистилденген су құю керек. Пипеткамен өлшеп оған 2 мл қаныққан кальций гилроксидінің ерітіндісін енгізу. Фенолфталеиннің 1 пайыздық ерітіндісінің 10 тамшысын қосыңыз.шашыратқыш цилиндр түбіне жететіндейгаз шығаратын компрессор түтігін цилиндрге орналастыру. Компрессорды ток көзіне қыстырып, секундомер көмегімен ерітіндінің толық түссізденуіне кететін уақытты анықтау;
4) өтіп жатқан процесстердің реакция теңдеулерін жазу.
5) ауадағы СО2мөлшерін есептеу;
Y= Vсо2 /Vауа 100;
СО2 шектік рауалы мөлшермен салыстыру.
Келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер:
1) Қандай процесстер ауадағы СО2 көзі болып табылады?
2) Сіз зерттеген бөлмелерде СО2мөлшерін азайту үшін қандай шараларды ұсынуға болады?