Табиғи орта жағдайын бақылау


Топырақтың ластануын бақылау



бет35/51
Дата16.10.2023
өлшемі362,68 Kb.
#115973
түріПрактикум
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
Байланысты:
Таќырып 2 Табиѓи орта жаѓдайыныњ экологиялыќ мониторингі-emirsaba.org

5.6 Топырақтың ластануын бақылау
Топырақ үлгісін, сондай-ақ көлік, шаруашылық-тұрмыстық, ауыл шаруашылық және өндірістік ластаушы көздер әсер ететін аудандарда топырақтың жалпы және жергілікті ластануын, топырақтың құнарлы қабатын бақылау үшін, сонымен қатар топырақтың сапасын бағалау үшін алады.
Топырақтың ластануын бақылау және топырақтың сапасын бағалау мақсатында химиялық, бактериологиялық және гельминтологиялық анализдер жүргізу үшін үлгіні бір жылда бір рет ғана алады. Топырақтың ауыр металдармен ластануын бақылау үшін топырақ үлгісін 3 жылда бір рет ғана алады.
Бала-бақша территориясындағы, емдеп-сауықтыру орындарындағы және демалыс аймақтарындағы топырақтың сапасын бағалау үшін үлгіні бір жылда екі рет алып зерттеу жүргізеді, яғни жылдың күз және көктем мезгілдерінде.
Топырақтың өзін-өзі тазарту динамикасын зерттеуде үлгіні бір ай аралығында апта сайын алады, одан кейін, өзін-өзі тазарту процессінің белсенді фазасы аяқталғанға дейін вегетациялық кезең аралығында ай сайын зерттеу жүргізіліп отырады.
Бақылауға алынған территорияда алдын-ала тексеру жұмыстары жүргізіледі. Тексеру нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша және қолда бар құжаттарға сүйене отырып зерттеуге алынған жердің төлқұжаты толтырылады және топыраққа толық сипаттамам беріледі.
Өндірістік кәсіпорындар территориясындағы топырақтың ластануын бақылауда үлгіге алынған аудандарда «жел бағытына қарай» векторын бойлай белгілейді. Жер бедері тегіс болмаған жағдайда үлгі аудандарын жер бедерінің элементтері бойынша орналастырады. Картаға және жоспарға ластаушы көздерді, үлгі аудандарын, сонымен қатар үлгі алатын орынды түсіреді.
Ауыл шаруашылық жерлердегі топырақ сапасын бақылау үшін жер бедеріне және дақылдар егілуіне, ластаушы көздердің сипатына байланысты әрбір 0,5-20,0 га территорияға мөлшері 10х10 метрден кем емес үлгі ауданын салады.
Өндірістік ластаушы көздер әсер ететін аймақтардағы топырақтың санитарлық жағдайын бақылау үшін үлгі аудандарын саниатрлыққорғау аймақтарының үш қайтара көлеміне тең болатындай етіп орналастырады.
Бау-бақша, ойын алаңдары және тағы да басқа территориясы аса үлкен емес аудандарды алып жатқан нысандар орналасқан территориядағы топырақтың санитарлық жағдайын бақылағанда үлгі алаңының көлемі 5х5 м болуы керек.
Нүктелі үлгі бір немесе бірнеше қабаттардан және горизонттардан конверт әдісімен диогональ бойынша алынады. Нүктелі үлгіні пышақпен немесе шпательмен топырақ бұрғысынан алады. Біріккен үлгіні бір үлгі алаңынан алынған нүктелі үлгілерді қосу арқылы құрайды.
Химиялық сараптама жүргізу үшін біріккен үлгіні бір үлгі алаңынан алынған бес нүктелі үлгіден құрастырады оның массасы бір кг кем болмауы тиіс.
Нүктелі үлгіні алғанда және біріккен үлгіні құрастырғанда олардың екінші қайтара ластану мүмкіндігін болдырмау керек.
Топырақтың құрамындағы ауыр металдарды анықтағанда нүктелі үлгіні құрамында металл жоқ құралмен алу керек. Үлгіні алар алдында топырақтың беткі қабаттары мен қабырғаларын полиэтиленді пышақпен немесе пластмассалы шпательмен тазалаған дұрыс. Ал, химиялық ұшпа заттарды анықтауға арналған топырақ үлгісін алғанда үлгіні мықты тығындары бар шыны ыдыстарға , флакондарға үлгіні тығынға дейін толтырып салады. Сондай-ақ, пестицидтерді анықтауға арналған топырақтаннүктелі үлгіні полиэтилен немесе пластмассадан жасалған ыдыстарға салуға болмайды.
Бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін бір үлгі алаңынан 10 біріккен үлгіні қосып біріктіреді. Әрбір бірікен үлгіні 0-5 және 5-20 см тереңдіктен қабат аралық алынған әр нүктелі үлгінің массасы 200-ден 250 г болатындай үш үлгіден қосады. Бактериологиялық зерттеу мақсатына арналған үлгіні екінші қайтара ластанудан сақтау үшін бірқатар ережелерді сақтап, стерилденген құралмен стерилденген ыдысқа салады.
Топыраққа гельминтологиялық зерттеу жүргізу үшін әрбір үлгі алаңынан 0-5 және 5-10 см тереңдікте қабат сайын алынған әр нүктелі үлгінің массасы 20 г болатын 10 нүктелі үлгілерден тұратын, массасы 200 г құрайтын бір біріккен үлгіні алады. Қажет болған жағдайда үлгіні топырақтың терең қабаттарынан қабат аралық немесе генетикалық горизонт бойынша алады.
Топырақ үлгілерін тасымалдағанда және сақтау процесінде оның екінші қайтара ластану жағдайын болдырмау мақсатында шаралар орындалуы тиіс. Топыраққа химиялық зерттеу жүргізу үшін топырақ үлгісін құрғақ ауа жағдайына дейін кептіреді және шүберектен жасалған қаптарда немесе картон қораптарда, шыны ыдыстарда сақтаған дұрыс.
Топырақ құрамындағы ұшқыш заттармен химиялық тұрақсыз заттарды анықтауға арналған топырақ үлгісін зертханаға әкелісімен, лехзде анализ жүргізу керек, ал бактериологиялық мақсаттағы анализге арналған топырақ үлгісін алысымен тоңазытқыш сөмкелерге салады да, зертханаға жеткізеді. Егер топырақ улгісіне бір тәулік аралығында анализ жүргізу мүмкін емес болғанда үлгіні 4-50 температурада 24 сағат тоңазытқышта сақтауға болады.

Топырақтағы ішек таяқшаларымен энтерококканы зерттегенде топырақ үлгісін тоңазытқышта үш күннен артық сақтауға болмайды. Гельминтологиялық анализ жүргізуге арналған топырақ үлгісін сол алған уақытта зертханаға жеткізіп анализ жүргізу керек. Егер тез уақыт аралығында анализ жүргізу мүмкін болмаған жағдайда топырақ үлгісін 4- 5°С температурада тоңазытқышта сақтайды. Биогельминт жұмыртқаларын зерттеу үшін топырақты ешқандай өңдеусіз 7 күн сақтауға болады. Ал, геогельминт жұмыртқаларын зерттеу мақсатындағы үлгіні бір ай сақтауға болады.


Үлгілерді сақтағанда оларды кеуіп қалудан сақтау үшін және гельминтер жұмыртқасынан дернәсілдердің дамып кетуін болдырмау мақсатында топырақты аптасына бір рет дымқылдап, аэрациялайды, яғни тоңазытқыштан 3 сағатқа шығарып бөлме температурасында ұстайды, топырақ жақсы ылғалданғанға дейін сулап, қайтадан тоңазытқышқа салады.

Егер топырақ үлгілерін бір айдан артық сақтау қажет болған жағдайда оларды консервілеу әдісін қолданады, яғни топырақты арнайы кристаллизаторға салады да массалық үлесі 3% формалин және массалық үлесі 0,85% натрий хлоридінің ерітіндісін (Барбагалло сұйықтығы) құяды немесе массалық үлесі 3% тұз қышқылын құйып, тоңазытқышта сақтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет