Адамдардың тууы мен өлуі – биологиялық құбылыс. Сол сияқты халықтың ұдайы өсуіне әр түрлі климат және табиғат жағдайларына үлкен әсер етеді. Ал өлімге келсек, бұл – қайтымсыз процесс. Көбінесе адамдар физиологиялық қартаюдан емес, негізінен, олар аурудан немесе басқа да себептерден өледі. Аурудың таралуы әрбәр жердің табиғи ортасына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, батпақты жерлерде – безгек ауруы, тропикада – ұйқы ауруы т.б.
2. Әлеуметтік – экономикалық фактор.
Бұған жататындар: халықтың тұрмыстық хал-ахуал деңгейі, денсаулықты сақтау шараларының дамуы, әйелдердің қоғамдық жағдайы, халықтың мәдени және білім деңгейі, шұғылданатын кәсібі, т.б.
3. Табиғи өнімнің мөлшеріне әсер етуші факторлардың келесісі – демографиялық топқа біріктіріледі. Бұларға: халықтың жастық және жыныстық құрамы, некелесу және ажырасу факторлары да жатады.
4.Табиғи өсімге үлкен әсер етуші негізгі факторлар тобының бірі – ол мәдени әлеуметтік және психологиялық факторлар. Мысалы, көп балалы болу, әдет-ғұрыптарының сақталуы, мұндай жағдай демографиялық дәстүр деп аталады. Діннің әсеріне келсек, Ислам, Индус, Католик, т.б. Діндер көбеюді қолдайды. Кейбір діндердің тууға онша әсері жоқ, мысалы, Будда, Протестант, Провославие діндері.
5. Халықтың табиғи өсіміне әсер етуші факторлар арасында ерекше орындысоғыс пен стихиялық апаттаралады. Әсіресе соңғы екі дүниежүзілік соғыстың зардабы аса көп. Бірінші дүниежүзілік соғыста шамамен 10 млн— нан аса адам көз жұмса, екінші дүниежүзілік соғыста 50 млн-ға жуық адам қаза тапты. Соғыстың зардабы сонымен бірге адамдардың тұрмыс ахуалының төмендеуіне, аш-жалаңаштыққа, түрлі ауруларға шалдықтырады. Әрі қосымша шығындарға ұшырады. Мысалы, некеге тұрушылар санының азаюы, халықтың жыныстық құрамы бұзылуы, еркектердің біраз бөлігінің соғыста шығынға ұшырауы туудың мөлшерінің азаюына алып келді. Табиғи апаттардың – жер сілкіну, су тасу, дауыл, құрғақшылық, температуралық режимдердің шұғыл өзгерісі, т.б. жыл сайын мыңдаған адам өмірін қиюда.
XX ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге жердегі қазір өмір сүретін адамдардың 3/4-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. 50 жылдары 533 млн болса, 60-жылдарда — 66,7 млн, 70-жылдарда — 70,3 млн, 80-жылдарда — 86,4 млн. адам. Адам санының 1 млрд-тан — 2 млрд-қа өсуі үшін 107 жыл қажет болса (18201927 ж), ол 3 млрд.-қа дейін - 32 жыл (1959 ж) 4 млрд.-қа - 15 жыл (1974), 5 млрд-қа - 13 жыл (1987), 6 млрд.-қа - 12 жыл (1999), халық санының соңғы рет екі еселенуіне небәрі 38.
Демографиялық дүмпу кезеңінде өлімнің азаюы тууыдың азаюынан асып түсіп жатады да, ал халың санының қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық жағдайларға тәуелсіз түрде – ақ жедел өсуіне алып келеді.
Дүние жүзіндегі халық санының өте тез өсуі 20 ғасырдың 2 жартысынан басталады. Мысалы, жер шары халқының жыл сайынғы абсолют өсуі 20 ғасырдың басында 40-50 млн-ға ғасырдың соңында 90 млн адамға жетті. Дүние жүзінің түрлі аймақтарында халық санының өсуі әр түрлі. Қазіргі кезде демографиялық дүмпуді басынан өткеріп отырған елдерде бүкіл планета халқының ¾ бөлігі тұрады.
Оның ішінде Азияның хылқы жыл сайын шамамен 55 млн адамға, Африканың халқы 20 млн адамға, Латын америкасында 10 млн – нан астам адамға өсіп отырады. Демографиялық дүмпудің әсері қазақстанда да қарқынды сипат алды. Әсіресе 20 ғасырдың 2-жартысында халық саны тез өсті. Нәтижесінде, халық саны 9,3 млн–нан астам (1959) 16,5 млн-ға (1989) дейін ұлғайды.
Қазақ халқының саны 13 миллондық деңгейден 1945 – 74 ж жедел өсу яғни нағыз демографиялық дүмпу қарқыны салғындай түсті. 2002 жылдан қазақстанда жаңа демографиялық дүмпу құбылыс басталатына болжануда.
Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз аралығында өтті. 2015 жылғы 1 ақпанға еліміздегі халық саны 17 439,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 646,3 мың (55,3%), ауылдықтар – 7 793,0 мың адамды (44,7%) құрады. 2014 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 252,3 мың адамға немесе 1,5% өсті.
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың қаңтар-тамызындағы Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы жаңа деректерді жариялаған болатын.