Table of Contents тар жол, тайғАҚ кешу роман-эссе (1927) тарту


АЛАШ ҰЛЫ ҚАЗАҚ ПЕН АРДАҚТЫ ҚЫРҒЫЗ АҒАЙЫНҒА



бет7/53
Дата22.09.2023
өлшемі419,1 Kb.
#109714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
АЛАШ ҰЛЫ ҚАЗАҚ ПЕН АРДАҚТЫ ҚЫРҒЫЗ АҒАЙЫНҒА
«Ескі үкіметті аударып, бостандық алған кезде Россиядағы жұрттың қуанышы күшті, ынтымағы мол, үміттері зор еді. Жұрттан асқан данышпан, көсем, шешен, жүйріктерінен үкімет сайланып, іс түзелуге бет алып «қой үстіне бозторғай жұмыртқалағандай» замандар туған сияқты болған еді. Онан кейін «ит қарнына сары май жақпаған» сияқты бостандықтың жақсылығы жамандыққа айнала бастады. Орыс жұртының надандығы, партия бастап ел ерткен адамдардың арамдығы бостандықтың қуанышын қорқынышқа айналдырды. Көптің пайдасын ойламай, әр партия өз пайдасын көздеп, халықты қару орнына ұстап әрқайсысы көздеген мақсатына жеткісі келді.
Социал-демократ деген жұмысшылар партиясы солдаттарды құрал орнына ұстап, ақы жағын көбейту, жұмыс жағын азайту мақсатында болды. Социал-революционер партиясы жер біткенді мұжыққа тегін алып береміз деп көңілін аулап, көп мұжықты өзіне ертіп алу мақсатында болды. Бұл екі партиядағы адамдар социалистер деп аталады. Социалистердің большевик деген бір тобы немістен ақша алып, астыртын ақылдас болып, орыстың солдаттарын азғырып соғыстан шығарып отыр және Росияны ішінен шірітіп, аздырып-тоздыру үшін өзді-өзін атыстырып лаңға түсіріп отыр.
Социалист партияларының түпкілікті мақсаты дүниедегі нәрсенің менікі-сенікілігін жоғалту, мал-мүлік бәрін ортаға салып, ортақ пайдалану жолына түсіру.
Қазіргі сынаптай толқып, ауытқып, мемлекет іші тұрақты орнықпай тұрған шақта түпкі көздеген мақсатына жетіп қалайық дейтін социалистер бар. Мешеу қалған Россия түгіл, мәдениет жүзінде алда жүрген мемлекеттерде адам баласы мал-мүлкін ортаға салып ортақ пайдаланатын халге жеткен жоқ. Күшпен істетпесе, ырзалықпен ортаға мал-мүлкін салатын ешкім жоқ. Солай болған соң социалистер халықты ортақтыққа көндіру үшін күш жұмсамаса болмайтын болды.
Бүтін мемлекеттегі жұртты зорлықпен көндіріп, мал-мүлкін ортаға салдырып, ортақ пайдалануға түсіруге көп күш керек. Ондай күш қару-жарақтар асынған, ұрыс-соғыс ғылымын үйренген жиын және дайын тұрған атты-жаяу әскерлерде ғана болады.
Жұртты социалист жолына күшпен саламыз деген партиялар мемлекет күшін қолына алу ұшін өзгеріс болысымен солдатпен қосылып «советтер» жасады. Жұмысшылар және солдаттар депутаттарының советі дейтініміз сол социалистер жасаған советі.
Ескі үкімет өліп, жаңа үкімет туғанда бұл советтер де қатар туып, өкіметпен қатар қабырғаласып қалмастан келе-келе енді мемлекет билігін өкімет қолынан бүтіндей алып, жұртты әкімшілік күшімен социалист жолына түсірмек болып тұр. Орыс солдаты аяғының астынан арғы жерге көзі жетпейтін қараңғы соқыр. Жұрттың мал-мүлкін ортаға салдыртып, тегін мал тауып береміз деген социалистер уақытша үкіметті солдат күшімен алып, абақтыға салып, Петроградта өздерінен міністірлер сайланып елге әкімшілік жүргіземіз деп жатыр. Жұрт онысына көнбейміз деп жатыр. Мал-мүлкін ортаға үлеске сала қою оңай емес. Ырзалықпен жұрт көнбесе күшпен көндіреміз деп, социалистер көнбеген жерлердің адамын қырғынға, мал-мүлкін талауға ұшыратып жатыр. Осы күнгі әр жерде болып жатқан «большевик» бунты деген бүліншілік сол халықты зорлап, күшпен социалист жолына түсіреміз дегендердің ісі. Немісті қойып, енді Россия өзімен соғысып кетті. Солдаттар «большевиктер» жағында, атты қазақтар халық жағында. Петроград, Мәскеу, Қазан, Саратов, Самара, Ташкент сияқты солдат көп жерінде большевиктер жеңіп тұр.
Орынбор, Орал, Дон сияқты атты қазақтар көп жерлерде «большевиктер» қорқып, қозғала алмай отыр. Жаяу әскер көп, атты казактар аз, елдің бойын қорғауға атты қазақ жетпейді. Соғыстан Россия іске аспай шығып тұр. Солдаттар еліне қайтып келе жатыр. Бұрын солдаттарды еліне қайтарарда қару-жарағын тонап алып қайтарушы еді. Оны істейтін өкімет абақтыда жатыр. Солдаттар қару-жарағымен қайтпақшы. Поселке-поселкесіне барып, менікі-сенікі жоқ, бәрі ортақ боларға тиіс деп «большевик» дініне кіріп келген солдаттар келген жерінің бәрінің мал-мүлкін, жер-суын ортақ пайдаланамын деп бүлікті шығармақшы. Қару-жарағы қолында, келеді де алады. Бермеймін дегенді ұрады, қырады, дегенін қылады. «Анархия» яғни жүгенсіздік қалып деген осы болар.
Бұзықты тыятын халық қалаған өкімет абақтыда жатса, оның орнына большевиктен болған өкімет — мал-мүлік ортаға салынсын, талауға түссін десе, алдырған-жұлдырған, шабылған, таланған, орылған, қырылған кімге барар? Кімге паналар? Мұндай шақта әркім өзіне-өзі берік болып, өз қақына өзі ие болып, өз мал-мүлкін өзі қорғамаса, ешкім қорғап бермейді. Мұндай лайсаң заманда әр жұрт өз қамын өзі ойлап, өзгеге жем болмас жабдығын өзі істемесе, өзгелер істеп бермейді. Атты казактардың қару-жарақтары сай, азаматы дайын. Оның мал-мүлік, жер-суына большевиктер тиісе алмайды. «Тастаған шоқпар» сорлының маңдайына тиеді деген, біздің қазақ сияқты қару-құралдан түк жоқ сорлы жұрттар мұндай бейтәртіп жүгенсіздік шақта қорлық-зорлықтың неше түрін көріп, адамы қырғынға, мал-мүлкі, жер-суы талауға түсетіні шәксіз. Жазғы болған жалпы қазақ съезінде осы анархия болатын құқық сездіріліп, қазақ милициясын күшейту керек деген сөз қозғалып еді, ол кезде бірақ «анархия» болатын түрі байқалғанмен, нақ болып жатқан жері бола қоймаған соң айтылған сөз аударылып, ақтарылып қаралмастан қалып еді. Қашан төбемізден келіп түскенше ұйқымызды қия қоймайтын мінезіміз бар ғой.
Енді әуелі жан керек болса, екінші, жан үшін мал керек болса, түсініп оянатын шағың жетті, өлмес қамыңды қылмай арманда болып, артынан өкініп жүрмеңдер. Айту борыш біздікі, істеу-істемеу ерік халықтікі. «Анархия» әлегінен біздің қазақ тысқары қала алмайды. Әсіресе орыс-казак сыбайлас, аралас отырған жерлерге «анархия» шалығы тиетіні шәксіз. Біздің ойлауымызша, «анархиядан» өзін қорғау үшін қазақ-қырғыз айрықша милиция жасау керек, ол милиция «анархия» боларлық құқықты жерлерде болып, елді большевик жолындағы адамдардың қорлық-зорлығынан құтқару керек.
Сол милицияны қалай жасап, қалай қазақ-қырғызды большевиктер әлегінен аман алып қалу жайын кеңесуіміз бір керек.
Екінші, Россия ішінен іріп-шіріп, азып-тозып, тігісінен сөгіліп пара-пара болып кетуі ықтимал.
Россия ондай күнге ұшырағандай болса, біз қалай етпекшіміз, оның жайын кеңесу бұл тағы керек. Сондықтан қазақ-қырғыз болып бас қосатын бір жалпы съезд жасамай болмайды. Съездің нағыз керек кезі осы шақ. Мұнан соң зор түскендей халық жұмыс болмақшы да емес.
Съезд бүкіл қазақ-қырғыз болған жерлердің әр уезінен елге беделді екі ақсақалдан шақырылып, әр областной комитеттен екі зиялыдан шақырылып телеграмма беріліп тұр. Съезд жиылатын орын — Орынбор. Күні 5/XII.
Милиция жасауға азамат, ат және ақша қазақтың өзінен табылады. Бізге тиісті қару-жарағы большевиктерге қарсы қазір күш көрсетіп тұрған атты қазақтар. Біз де большевиктерге қарсы амал қылатын болған соң біздің милиция жасаймыз деген ісімізді өздеріне көмек көріп, атты казактар қару-жарақ жағына қарасса деген үмітіміз бар.
5 декабрьде Орынборда атты казактардың да съезі болмақшы. Екі съезд уақыты бірге болған соң қару-жарақ жағынан да, қалай милиция жасап, қалай тәртіптеу туралы да атты казак съезі мен қазақ-қырғыз съезіне келген адамдар ақылдасар.
Алаш ұлы қазақтан, ардақты қырғыз ағайынымыздан өтінеміз, қаралатын мәселе зор болғандықтан жаңа істейтін іс тез үлгеріліп, тез жарыққа шығуы қажет болғандықтан, шақырылған адамдар түгел және мезгілімен келіп кетсе екен деп.
Съезд шақырушылар: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Бірімжанұлы, Сағыңдық Досжанүлы, Жанұзақ Жәнібекұлы, Файзулла Ғалымжанұлы, Камеледдин Арғынғазыұлы, Ғабдұлхамит Жүндібайұлы, Ғазімбек Бірімжанұлы.»
Орынборға Бөкейханұлдары тағы да екінші жалпы қазақ съезін шақырды. Қазақстанның губерния-губерниясына, уез-уезіне екінші съезге шақырып телеграмма берді. Телеграмма қазақ газетінің жаңағы айтылған 14 қарашада шыққан 250-нөмірінде басылды. Газетке былай деп басылған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет