Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы.Үйірменің үйретері көп. Бала білімінің молаюына, дүниетаным аясының кеңеюіне үйірмелердің, сыныптан тыс жұмыс түрлерінің тигізетін әсері мол. Үйірме жұмысы алдымен оқушылардың функционалды оқу сауаттылығына бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта-ықыласын толық қанағаттандыра алады.
Үйірме сабақтарында проблемалық, эвристикалық әдістерді жиі пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденгіштік дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Пәндік үйірмелер – мектеп бағдарламасы бойынша түрлі пәндерді кеңіте, тереңдете оқыту арқылы тиісті ғылым, әдебиет салаларына оқушылардың қызығушылығын көздейтін сыныптан тыс ғылыми білімділік жұмыс түрі. Пәндік үйірмелер оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзіндік зерттеушілігі мен дағдыларын қалыптастырады.
«Таңғажайып жасыл әлем» үйірмесінде оқушыларға қоршаған орта мен адамның арасындағы қарым – қатынастар, табиғи ортаның біртұтастығы және бір - бірімен қатынас түрлері, табиғат нысандары, өсімдіктер мен жануарлар туралы алғашқы оң және теріс көзқарастар туралы білім беріледі. Адамның табиғатқа деген сұранысы мен қамқорлығы, туған өлке мен атамекен, тұрмыстық ғимараттар, оның табиғаттан алынып жасалатыны, тұрған мекені мен оның құрауыштарының қажеттілігі туралы ой - өрістері дамытылады. Адамның табиғатты пайдалану кезіндегі теріс іс әрекеттерін көрсету арқылы олардың табиғатқа деген қамқорлығын, аяушылық сезімдерін ояту, өсімдік пен жануарлар дүниесінің адамға қажет екеніне толық көздерін жеткізу, үй және мектеп үлесіндегі өсімдіктерге қамқорлық жасау элементтерін бойларына дарыту.
Оқушыларда өсімдіктер мен жануарлардың әр түрлілігі мен бірлестіктерін, топтарын ажырату, олардың тіршілігі туралы қызығушылықтары мен ынтасын арттыру көзделеді.
Алғаш рет тірі организмдерді қорғау керектігін түсіндіру. Қызыл кітаптың мақсатын ұғындыру. Сол сияқты оқушылардың қоршаған ортаның сапасы, ластану және адамның денсаулығы арасындағы байланыстарды ажырату деңгейіне дейін білімдері дамытылады.
Оқушылар естіген және көргендерін қолымен ұстап түйсініп, табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан ләззат алады. Туған мекенге деген алғашқы патриоттық сезімі оянады.Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалып
тастыруды сол әсем табиғатты қорғаудан, туған жер табиғатын сүюден бастауға болады.
Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген.