Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері



бет18/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   119
4. Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері:
1. ОНЖ қозу толқынын тек бiр бағытта өткiзедi. Бұл заңдылықты Белл-Мажанди заңы деп атайды. Қозу афференттiк нейрондар арқылы эфференттiк нейрондарға өтедi. Бұның себебi синапстық байланыста болады.
2. Қозу әр синапста 0,2-0,3 мс-тай кiдiрiп, жүйке орталығынан баяу өтедi.
3. Қозудың жайылуы-иррадациялануы – ОНЖ-де қозу толқыны бiр орталықтан екiншi орталыққа берiлiп, таралуы.
4. Конвергенция – тоғысу – ОНЖ-де әр тұрлі жүйке талшықтары арқылы келетiн қозулардың ұшырасуы, тоғысуы. (Ч.Шеррингтон)
5. Дивергенция – ОНЖ-не бiр нейрон арқылы жеткен импульс бiрнеше нейрондарға таралуы.
6. Жеңiлдету. Әрбiр тiтiркенуден кейiн жүйке орталығының қозғыштығы жоғарылайды. Импульстердiң бiрiншiсi келесi импульстер әсерiн жеңiлдетедi.
7. Окклюзия (кептелу, бiтелу). іргелес орналасқан екi сезiмтал жүйке бiр мезгiлде тiтiркендiргенде жауап реакциясының күшi осы жүй-келердi жеке тiтiркендiргендегi жауаптың қосындысынан кем болады.
8. Жүйке орталықтарының қозғыштық қасиетi жүйке талшықтарымен салыстырғанда төмен болады. (қорғаныстық қызмет).
9. Жүйке орталықтарына баяу функциональдық өзгергiштiк (лабильдiлiк) қасиет тән.
10. Қозу ырғағы мен күшiн тұрлендiру (трансформациялау). Жүйке орталықтары өздерiне келген аференттiк импульстер ырғағын өзгертiп, өзiндiк «орталыққа» тән ырғақ тудырады (қозу ырғағы сиретiледi немесе жилетiледi және күшi де өзгередi – әлсiз импульстер күшейiп, күштi импульстер әлсiрейдi).
11. Әрект iз. Жүйке орталығы тiтiркендiргiш әсерi тоқтағаннан кейiн де бiраз уақыт, өз реакциясын жалғастыра бередi.
12. Қозуды жинақтау. Бұның екi түрін ажыратады – тiзбектi жинақтау және ауқымды жинақтау. Бұл қасиетiн орыс ғалымы И.М.Сеченов ашқан.
Әлсiз тiтiркендiргiшпен бақа сирағына бiрнеше рет әсер еткенде жауап реакциясын тудырған. Бұл құбылысты И.М.Сеченов тiзбектi жинақтау деп атаған. Ал бiрнеше афференттiк жүйкетi бiр мезгiлде әлсiз тiтiркендiргiшпен тiтiркендiрсе жауап реакциясы байқалған. Бұл кезде де қозу импульстерiжүйке орталығында жинақталады.
13. Икемдiлiк – жұмыс органы (эффектор) өзгергендегi жүйке орталығы қызметiнiң өзгеруi.
14. Қайтарып беру феноменi – бiр рефлекстiң өзiне қарама қарсы рефлексiне жылдам ауысуы.
15. Тонусты қозу – жүйке орталықтарының үнемi үздiксiз қозуда болуы.
16. Жүйке орталығының қажуы.
17. Инерттiлiк. Жүйке орталығына алдыңғы қозудың iзiн сақтап қалу. Ес пен ақыл, әдет пен үйрену осы қасиетiне байланысты.
18. Доминанттық. Доминанттық деп белгiлi бiр жүйке орталығының күштi қозу нәтижесiнде уақытша басымдылық алуын айтады. Бұл қасиетiн орыс ғалымы А.А.Ухтомский (1928) ашқан. Бұл орталық өте қозғыш келедi, басқа орталықтарға бағытталған серпiнiстердi өзiне тартып өзiндегi қозуды күшейтедi де басқа орталықтардың қызметiн тежейдi. Қозу тек жинақталады, сызыңқы болады.
19. Орталық жүйке жүйесiндегi тежелу, оның түрлерi.
Жүйке орталықтарына толқынды қозу белсендiлiгiн тежеу қасиетi тән. Бұл қасиетiн алғаш рет И.М.Сеченов (1862 ж) ашқан. (Орталықтағы тежелу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет