Жұлынның өткізгіш жолдары.
Өрлеу жолдарына:
1) Голл және Бурдах будалары жатады. Бұлар терi, бұлшық ет рецепторларынан басталып, жұлын арқылы бас миға барады. ұзын будалардың бiрiншi нейроны сопақша мида аяқталып, екiншi көру төмпешiгiне ал үшіншi ми қыртысында аяқталады.Қысқа будалар жұлын сегменттерiнде аяқталады.
2) Артқы мишық немесе Флексиг жолы.
3) Алдыңғы мишық немесе Говерс жолы – бұл екi жол арқылы ет, сiңiр мен буын рецепторларынан қозуды мишыққа жеткiзедi.
4) Арқа көру төмпешiгi жолдары температуралық пен ауру қозуларын жұлын арқылы көру төмпешiгiне жеткiзедi.
Жұлынның төмен түсетiн жолдары:
1)Пирамидалық жол - үлкен ми жартышарлары қыртысының қозғағыш аймақтары нейрондарының аксондарынан құралады. Кейбiреулерi сопақша мида айқасып, кейбiреулерi айқаспай жұлын арқылы терi мен бұлшық еттерге барады.
2)Рубро-жұлындық (Монаков жолы) ортаңғы мидың қызыл ядроларынан басталып, варолиев көпiрi мен мишықта айқасып жұлын арқылы бұлшық ет пен буындарға барады.
3)Вестибулярлық жолдар сопақша мидың Дейтерс ядроларынан басталып, жұлын арқылы бұлшық еттер мен буындарға барады. Бұлшық ет тонусы, қимыл үйлесiмi, дене тепе-теңдiгi реттеледi. Егер зақымдалса қозғалудың бағыты мен үйлестiгi нашарлайды.
4)Ретикуло-арқалық жолдар ретикулярлық құрылымының белсендiлiк немесе тежеу әсерiн жұлын нейрондарына бердi.
Бақылау сұрақтары:
1.ОНЖ-iң жалпы құрылысы мен қызметi.
2.ОНЖ-iң қызметiн зерттеу әдiстерi.
3.Жұлынның құрылысы және қызметi.
4.Жұлынның өткiзгiш жолдары.
Лекция 8. Орталық жүйке жүйесiнiң жеке бөлiмдерi.
1.Сопақша ми және оның қызметi
2.Артқы ми. Мишық және оның қызметі.
3. Ортаңғы мидың құрылысы мен қызметi.
4.Артқы, ортаңғы мидың тонустық рефлекстерi.
Мидың құрылысы мен қызметi. Ми бассүйек қуысында- ми сауытында орналасады. Мида ақ зат өткiзгiш жолдарын түзейдi, миды жұлынмен және бөлiктерiн өзара байланыстырады. Сұр зат өз алдына шоғарланып, ақ затта ядролар түрінде орналасады. Мойын омыртқаның бассүейкпен жалғасқан жерiнде жұлынның құрылысы өзгерiп, ал ми сабағына айналады. Ми сабағы (бағаннан)- сопақша ми, көпiр, ортаңғы ми және аралық ми құрылымдарын бiрiктiредi.
Артқы ми. Сопақша ми бас миды жұлынмен жалғастырады. Сопақша мидан он екi жұп бассүйек ми жүйкетерiнiң сегiз жұбы (V- XII) сопақша мидан басталады (әкеткiш, беттiк, есту, тiл-жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты жүйкелерi). Сопақша ми рефлекстiк және өткiзгiштiк қызмет атқарады.
Сопақша мида тыныс алу, жүрек қызметiн реттеу, тамыр қозғағыш орталықтар, көмiрсулардың алмасуын реттеу, шайнау, сiле-кей бөлу, жұту, қарын сөлiн, ұйқы безi сөлiн бөлу орталықтары, сонымен қатар қорғаныс рефлекстерi - жөтелу, түшкiру т.б. орталық-тары орналасқан.
Сопақша мидың қызметi бұзылса адам да жануар да өмiр сүре алмайды. Сопақша мидың қызметiн ми қыртысы реттейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |