Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет27/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Мишық оның қызметі. Мишық – көпiр мен сопақша мидың үстiңгi жағында орналасады. Мишық қос жарты шардан және ортаңғы бөлiктен тұр-ады. Сұр зат беткей жағында орналасып мишық қыртысын құрайды, iш жағында - ядролар құрайды. Ақ зат мишықтың iш жағында орналасқан.
Мишық қыртысы үш қабатты нейроннан құралады: сыртқы молекулалық, ортаңғы түйіндi және iшкi - дәндi торшалардан. Ортаңғы қабатта орналасқан тежегiш нейрондар - Пуркинье торшалар аксондары мишықтың шығар жолын құрайды. Мишық алдыңғы жол арқылы - сопақша мимен, ал көпiр арқылы- үлкен ми жартышарлар қыртысымен байланысады.

Мишыққа мишық жолдары және сопақша ми мен торлы құрылым арқылы терi, бұлшық ет және сiңiр рецепторларынан импул-ьстер үздiксiз келiп отырады. Ал сопақша ми арқылы вестибулярлық мүшеден, ортаңғы ми арқылы көру және есту анализаторларынан им-пульстер келедi. Мишыққа жеткен импульстер Пуркинье торшаларына берiледi. Бұл торшалар мишық ядроларына, торлы құрылымға және Дейтерс ядроларына тежеушi әсер етедi. Сондықтан жұлынға төмендеу жолымен өтетiн импульстер мишықтың тежеушi ықпалының бақылауында болады.


Луганин Л. 1890 жылы мишықтың қызметiн анықтау үшін ит пен маймылдың мишығын алып тастаған. Организмде төмендегiдей өзгерiстер байқалған:
1) Атония - ет тонусы күрт төмендеген.
2) Атаксия - қимыл үйлесiмдiлiгi, атқарылатын қимыл мен бұлшық еттiң жиырылу күшiнiң арасындағы сәйкестiк бұзылған.
3) Астазия – аяқтары мен денесi дiрiлдеп, теңселiп тұруы.
4) Астения – көп, артық қозғалыс жасағаннан тез шаршайды, жатаған келедi.
5) Асинергия – дененiң екi жағындағы бiрiңғай еттер қимылының бiркелкiлiгi бұзылады.
6) Дисметрия – қозғалыс бағыты мен жылдамдығы, тепе-теңдiк бұзылады.
Қорыта айтсақ, барлық қозғалыстардың негiзгi реттеушiсi, сонымен қатар вегетативтiк қызметiне де әсер етедi. (көздiң қара-шығы, артерия қысымы жоғарылауы т.б.).
Көпiр өткiзгiштiк қызмет атқарады. Көпiр сұр затында V-XIII жұп ми жүйкетерi ядролары, торлы құрылым ядролары және көпiрдiң ядролары орналасады. Құрамында ақ зат көп. Дем алу, дем шығару процесiмен алмастырып тұратын пневмотоксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтiн апнейстiк орталықтар орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет