Лекция түрі: пікір алмасу Тірек ұғымдары: «ми қыртысындағы тежелу», «ұйқы және оның түрлері», «гипноз», «темперамент»
1. Ми қыртысындағы тежелу түрлерi. Ми қыртысындағы тежелу және қозу процестерiнiң әсерiнен оның қалыпты қызметi iске асады. Қозу процесi шартты рефлекстiң қалыптасуын қамтамасыз етсе, тежелу процесi – оны өшiрiп отырады.
И.П.Павлов шартты рефлекстердiң тежелуiн зерттей келе оны екi топқа бөлдi: шартсыз және шартты.
Шартсыз тежелу өте шапшаң пайда болып, ұзаққа созылмайды. Тежелудiң бұл тұрi сыртқы және шектен тыс тежелу болып бөлiнедi.
1.Сыртқы тежелу – сыртқы немесе iшкi тiтiркендiргiштiң әсерiнен ми қыртысында жаңа қозу ошағы пайда болады,қыртыстың басқа аймақтарының қозғыштығы төмендейдi, тежелу процесi байқалады. Мысалы,қоңырау дауысына итте шартты сiлекей бөлу рефлексi қалыптасқан, осы кезде кенеттен бiр бөгде дыбыс пайда болса (есiктiң қаттыжабылуы т.б.) сiлекей бөлу рефлексi тежеледi. Сонымен қатар iшкi мүшелердiң қабынуы, ауырса шартты рефлекс тежеледi.
2. Шектен тыс тежелу организмге әсер ететiн тiтiркендiргiштiң күшi тым күшейiп кетсе, немесе әсер уақыты созылып кетсе шартты рефлекс тежеледi, мұны И.П.Павлов шектен тыс тежелу деп атады. Шектелудiң қорғаныштық маңызы бар, ол нерв жүйесiнiң iстен шығуын, қайта қалпына келуiн қамтамасыз етедi.
Шартсыз тежелу нерв жүйесiнiң туа бiткен қасиеттерiне тән.
Шартты тежелу – ми қыртысына тән құбылыс, бiртiндеп қалыптасады және ұзақ мерзiмге сақталады.
Шартты тежелудi И.П.павлов 4 түрге бөлдi:
1. Өшу – шартты тiтiркендiргiш (қоңырау) шартсыз (тамақпен) тiтiркендiгiшпен бекiтiп отырмаса, бұл рефлекс бiрте-бiрте өшедi.
2. Жiктеу – бұл тежелу бiр-бiрiне ұқсас екi шартты тiтiркендiргiштердiң бiрiн бекiтiп, екiншiсiн бекiтпеу нәтижесiнде қалыптасады. Мысалы, итте метраномның минутына 100 рет жиiлiкпен соғуына шартты сiлекей рефлексi қалыптасқан. Осыдан соң метраномды минутына 96 рет соғатын жылдамдыққа қойып, оны шартты тiтiркендiгiшпен ұштастырмай қойса, алғашқыда ұқсас екi тiтiркендiргiш те жауап реакциясын тудырады. Бiрақ бiренше рет қайталаудан кейiн екiншi тiтiркендiргiш (96 соққы) жауап тудырмайды, ми қыртысында тежелу процесi туындайды.
3. Бөгдеу (кешiктiретiн тежелу) – егер шартты сигнал әсерiнiң бас-талу мерзiмi мен оны шартсыз тiтiркендiргiшпен ұштастыру уақыты алшақтау болса (2-3 минут), онда шартты рефлекстiң басталуы да дәл осындай мерзiмге бөлеледi (кешiгедi).
4. Шартты тежелу – егер шартты рефлекс тудыратын тiтiркен-дiргiшке тағы бiр бөгде тiтiркендiргiш қосып, оны шартсыз (тамақпен) тiтiркендiргiшпен ұштастырмаса, онда бұл тiтiркендiргiш әрекет тудырмайды, рефлекстiң тежелуiне себепкер болады.
Қорыта айтсақ, шартты рефлекстердiң тежелуi нәтижесiнде организм орта жағдайларына жақсырақ, дәлiрек бейiмделедi, үлкен ми сыңарларында нақтылы атқарылады.
2. Орталық нерв жүйесiндегi қозу және тежелу процестерiнiң қарым-қатынасы. Ми қыртысында қозу және тежелу процестерiнiң белгiлi заңдылықпен таралуы, алмасуы нәтижесiнде шартты рефлекстер қалыптасады.
Шартты рефлекстердiң қалыптасуы күрделi процесс. Алдымен қозу мен тежелудiң жайылу (иррадация) және шоғырлану (концентрация) процесi
жүредi. Қозу және тежелу процесiнiң өзiнiң бастапқы пайда болған аймағынан ми қыртысының басқа аймағына таралуын иррадация деп атайды. Бұл процестiң белгiлi бiр шекке дейiн жайылып, қайтадан бастапқы пайда болған орталығына жиналуын шоғырлану деп атайды.