Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Жоғары дәрежелi нерв қызметiн зерттеу әдiстерi



бет33/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

3. Жоғары дәрежелi нерв қызметiн зерттеу әдiстерi.
Жоғарғы дәрежелi нерв қызметiн зерттеуде қолданатын түрлі әдiстер:
1.Бақылау әдiсi.
2.Ми қыртысын тiтiркендiру әдiсi (электр тогы немесе химиялық заттар).
3.Алып тастау (экстирнация) әдiсi.
4.Электрофизиологиялық әдiс – электiр құбылыстарын тiркеу.(ЭЭГ)
5.Шартты рефлекстер әдiсi.
Ми қыртысы мен қыртыс асты түйіндер әрекетiмен адам мен жануарлардың жоғары дәрежелi жүйке қызметi – шартты рефлекстер қалыптастыру, күрделi мақсатты мiнез-құлықтық реакцияларды қалыптас- тыру қабiлеттерiмен байланысты.
Ми қыртысы алынып тасталған сүтқоректiлердiң көптеген қызметi бұзылады. Гольц, Ротман, Г.П.Зеленский иттердiң ми қыртысын алып тастап,оны жыл бойы аман сақтап, бақылаған. Бақылау кезiнде бiрде-бiр бұзылған қызмет қалпына келгенiн байқаған. Бұл иттер көбiне ұйықтап, тек тамақ жеуге, оянып отырған,барлық шартты рефлекстерiн жоғалтқан.
4. Рефлекстер және олардың түрлерi.
Рефлекстер туа бiткен және жүре пайда болған рефлекстер деп бөледi. Туа бiткен рефлекстердi И.П.Павлов шартсыз рефлекстер деп атаған. Шартсыз рефлекстердiң дайын құрылымы болады. Шартсыз рефлекстер – тағамдық, қорғаныс, бағдарлау, жиынтық т.б. рефлекстер.
Шартсыз рефлекстер анатомиялық құрылымына қарай қарапайым, күрделi және өте күрделi деп үш топқа бөлген.
Қарапайым рефлекстер жұлын деңгейiнде, күрделi-ми бағаны, ал өте
күрделi рефлекстер ми қыртысы мен қыртысасты құрылымдарда атқары-лады. Күрделi рефлекстердiң iшiнде тұрлік және даралық рефлекстердi ажыратады. Бұл организмнiң түрiн және дербестiгiн сақтайды.
Шартты және шартсыз рефлекстердiң айырмашылығы шартсыз рефлекс туа пайда болады, ал шартты рефлекстер тiршiлiк барысында түзіледі.
Шартсыз рефлекстер түрге тән, ал шартты рефлекстер жеке организмге тән.
Шартсыз рефлекстер тұрақты болады, ал шартты рефлекстер тұрақсыз, өзгергiш келедi.
Шартты рефлекстер үлкен ми сыңарлары қыртысында тұйықталады, ал шартсыз рефлекстер жұлын ,ми бағаны деңгейiнде жасалады. Шартты рефлекстер тек шартсыз рефлекстердiң негiзiнде пайда болады. Шартты рефлекстi әртүрлі шартты тiтiркендiгiшке қалыптастыруға болады.
5. Шартты рефлекстердiң түрлері және олардың қалыптасу механизмi.
Шартты рефлекстердің қалыптасу механизмі бiрдей болғанмен шартты рефлекстер шартты сигналдар мен шартты тiтiркендiргiштер, сыртқы орта мен организм қатынастарға байланысты бiрнеше түрге бөлiнедi.
1. Бiрiншi реттiк және жоғарғы реттiк рефлекстер. Бiрiншi реттiк рефлекстер шартсыз рефлекс негiзiнде пайда болады.Бұл жағдайда шартты сигналдан кейiн (қоңырау, жарық) бiрден шартсыз тiтiркендiргiш (азық) әсер етедi. Ал екiншi, үшiншi реттiк рефлекстер пайда болған шартты рефлекстер негiзiнде қалыптасады.
2. Қапталдасқан және iздiк шартты рефлекстер.
Қапталдасқан рефлекстердi қалыптастырғанда шартсыз тiтiркендiргiшке шартты тiтiркендiргiш қапталдаса қатар әсер етедi де, уақытша байланыс орталық нерв жүйесiнде қатар қозған екi орталық арасында пайда болады.
lздiк шартты рефлекстердi қалыптастырғанда шартсыз тiтiркендiргiш шартты тiтiркендiргiштiң әсерi тиылғаннан кейiн әсер етедi. Бұл кезде уақытша байланыс шартсыз рефлекс әрекетiнiң орталығы мен қозу процесi өше бастаған шартты тiтiркендiргiш анализаторы орталығының арасында пайда болады.
3. Мерзiмдiк шартты рефлекстер. Бұл рефлекстер әртүрлі уақыт аралықтарында (бiрнеше секунд, сағат, тәулiк арасында) қалыптасады. Оқтын-оқтын пайдаланатынәсер орталық нерв жүйесiнде мезгiл-мезгiл қозу ошағының туындап отыруына себепкер болады.
4. Шартты рефлекстер тiтiркендiргiштiң түрiне қарай табиғи және
жасанды болып бөлiнедi.
Табиғи рефлекстер шартсыз тiтiркендiргiштердiң табиғи белгiлерiне қалыптасады. Мысалы, тамақтың иiсiне немесе түсіне сөл бөлiнедi.
Жасанды рефлекстер метраном дыбысына, жарыққа қалыптастыруға болады.
5. Шартты рефлекстер өздерi пайда болған шартсыз рефлекстер
табиғатына қарай қоректiк, жыныстық , қорғаныстық , бағдарлау болып бөлiнедi.
6.Рецепторлар белгiсiне қарай экстро, интерорецепторлар
рефлекстердi ажыратады.
7.Шартты сигналдарды қабылдайтын анализаторлар табиғатына
қарай шартты рефлекстер бейнелiк, дыбыстық. Иiстiк болып бөлiнедi.
Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстер негiзiнде қалыптасады. Шартты тiтiркендiргiш шартсыз тiтiркендiргiштiң алдында әсер етуi қажет.
Шартты рефлекстiң қалыптасуы екi сатыда жүредi:
1.Жалпылану (генерализация) сатысында – бұл сатыда реакция тек шартты тiтiркендiргiшке ғана емес, оған ұқсас тiтiркендiргiштерге де туындай бередi.
2.Нақыштану (мамандану) сатысы – тiтiркендiргiштер әсерi тiркес қайталанып отырса, онда шартты рефлекс бекiп, тек шартты сигналға ғана жауап бередi.
Шартты рефлекс ми қыртысындағы қатар қозған екi орталықтың - шартты және шартсыз тiтiркендiргiштер орталықтарының арасында уақытына байланысты пайда болуы нәтижесiнде қалыптасады.
И.П.Павловтың иттерде сiлекей бөлу шартты рефлекстi қалыптастырғанда – шам жағып және тамақ берудi 10-20 рет қайталағанда шартты сiлекей бөлу рефлексi қалыптасқан. Бұл кезде ми қыртысында көру орталығы мен ас қорыту орталығы да қозады. Себебi тамақтың әсерiмен ауыз қуысындағы сезiмтал ұштары тiтiркенiп, қозу сопақша мида орналасқан сiлекей бөлу орталығына берiледi, ал одан орталықтан тепкiш нервтер арқылы сiлекей бездерiне бағытталып, сiлекей бөлiнедi (шартсыз сiлекей бөлу). Бұл рефлекс атқарғанда қозу толқыны тек сопақша мимен (иррадация), ми қыртысындағы ас қорыту орталығын қоздырады. Сопақша ми қыртысында екi қозу ошағы пайда болады. Сонымен қатар ас қорыту орталығы көру орталығымен салыстырғанда күштiрек қозады да қозуды өзiне тартады, екi орталық арасында байланыс пайда болады, iз түседi.
Уақытша байланыстың тұйықталуының физиологиялық негiзiнде нерв орталықтарының доминанттық, данғылдану, жинақтау қасиеттерi жатады.
Шартты рефлекстi зерттеудi И.П.Павлов 1900 ж. бастаған. Шартты тiтiркендiргiш ретiнде – қоңырау, жарық т.б. қолданған. Бұл тәсiл И.П.Павловтың классикалық сiлекей бөлу тәсiлi деген.
Сонымен қатар қимыл қорғаныстық және қимыл-қоректiк тәсiлдерi кеңiнен қолданылады.
Шартты рефлекстi қалыптастыру үшiн төмендегi ереженi орындау қажет:
1.Шартты тiтiркендiргiш шартсыз тiтiркендiргiштiң алдын алу керек.
2.Ми қыртысы нейрондары белсендi күйде болуы қажет.
3.Рефлекс орталығының қозғыштық деңгейi жоғары болуы қажет. Егер ит тоқ болса, ас қорыту орталығының қозғыштығы төмен болады.
4.Шартты тiтiркендiргiштiң күшi орташа болуы қажет.
5.Пайдаланатын организм сау болуы керек.
6.Бөгде тiтiркендiргiштер әсер етпеуi қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет