Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет4/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Қозу физиологиясының негiзгi түсінiктерi.
Қозу деп – тiтiркендiргiштiң әсерiнен тiрi ұлпаның әрекеттiк, белсендi, белгiлi бiр қызмет атқара алатындай жағдайға келуiн айтады. Мысалы, еттiң жиырылуы, бездiң сөл бөлуi, т.б. Қозу түрлі физика-химиялық, функциональдық өзгерiстер жиынтығынан тұратын күрделi биологиялық реакция. Қозу тек тiрi ұлпаларға, тiрi организмдерге тән қасиет. Қозу процесiне әр түрлі өзiндiк және жалпылама белгiлер тән. Қозған ұлпаларда бiрiншi жалпылама белгiлер сезiледi. Мысалы, зат алмасу процесi күшейедi, оның химиялық құрамы мен физика-хииялық қасиеттерiнде сандық пен сапалық өзгерiстер пайда болады. Мысалы, бұлшық ет пен нервтер қозғанда мембрана бетiмен жайыла таралатын электр тоғы пайда болады. Сонымен қатар клетка мембранасының электрлiк зарядының өзгеруi болып табылады.
Қозудың өзiндiк белгiсi әр бiр мүшенiң өзiне тән қызмет әреке-тiмен бейнеленедi. Ет талшықтарының жиырылуы, без сөл бөлуi, импульстер пайда болуы. Қозу процесi басқа жерлерiне жайыла таралады.
Қозғыш ұлпалардың жалпы қасиеттерi.
Тежелу - тiрi құрылымдардың ерекше биологиялық процесi. Тежелу де тiрi ұлпаның тiтiркендiргiшке беретiн белсендi реакциясы.
Тежелу процесi қозу процесiмен бiрлесе отырып тiрi организмнiң сыртқы орта жағдайларына бейiмделуiн қамтамасыз етедi. Тежелу кезiнде органдардың қозғыштығы, лабильдiгi күрт төмендейдi, терiс потенциал тұзiледi.
Барлық тiрi құрылымдарға тiтiркендiргiштiк, қозғыштық және лабильдiлiк қасиеттерi тән.
Тiтiркендiргiштiк деп - тiрi құрылымдардың тiтiркендiруге өзiндiк сипатсыз жалпылама реакциялармен зат және энергия алмасу процесiнiң өзгеруiмен беретiн жауабы. Бұл қасиет жануарлар клетка-ларына да, өсiмдiктер клеткаларына да тән.
Қозғыштық деп – тiрi құрылымдардың - ет және нерв торша-ларының тiтiркендiруге таралатын әрекет потенциалымен – тiтiркенiспен, арнаулы өзiндiк реакциямен жауап беруiн айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет