Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет3/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Бақылау сұрақтары:

  1. Адам және жануарлар физиологиясының мәнi мен маңызы.

  2. Физиология ғылымының салалары және мiндетi.

  3. Физиологияның басқа пәндермен байланысы.

  4. Физиологияда қолданатын зерттеу әдiстерi.

  5. Физиологияның даму кезеңдерi, оларға сипаттама.

  6. Физиологияның Қазақстанда дамуы.

  7. Ұлпа, мүше, мүшелер жүйесi, ағза деген түсінiктерге сипаттама берiңiз.

  8. Ағзаның негiзгi фунциялары мен процестерiне түсінiктеме берiңiз

10.Ағзаға қандай биологиялық реакциялар тән.
11.Гомеостаз және гомеокинез дегенiмiз не, тiршiлiк үшiн маңызы қандай.
Модуль 1. Жүйке жүйесінің физиологиясы

Лекция №2. Қозғыш ұлпалардың физиологиясы




Лекция жоспары:

  1. Қозғыш ұлпалардың жалпы қасиеттерi.

2. Қозу процесiнiң даму сатылары.
3 Тiтiркендiру заңдары.


Лекция түрі: ақпараттық
Тірек ұғымдары: «қозғыштық», «тірі ұлпаларға тән қасиеттер», «тітіркендіргіш», «биотоктар», «мембраналық потенциал»

1. Қозғыш ұлпалардың жалпы қасиеттерi.


Адам мен жануарлар дүниесiндегi көптеген клеткалардың әр қайсысының құрылысы мен қызметi, өзiн-өзi реттеу мүмкiншiлiктерi бiркелкi болмайды. Эволюциялық кезеңiнде түрлі ұлпалар терең жiктелiп, жеке мүшелер белгiлi бiр қызмет атқаруға машықтанады. Осының нәтижесiнде биологияның негiзгi талабының бiрi- организм мен сыртқы ортаның бiртұтастығын сақтау заңдылығы қамтамасыз етiледi. Сыртқы орта жағдайлары үздiксiз өзгерiп отырады, сондықтан бұл заңдылықты сақтау үшiн организм қоршаған орта жағдайларына беиiмделуге мәжбүр болады. Ал бейiмделу процестерi тiрi құрылымдардың физиологиялық қасиеттерi мен әркеттерiнiң өзгеру нәтижесiнде жүзеге асады. өз ретiнде организмде жүретiн аталған құбылыстар негiзiнде қозу және тежелу процестерi жатады.
Тiрi организмде ұлпаларды “Қозғыш” , “Қозбайтын” деп екi топқа бөледi. Қозғыш ұлпаларға жүйке, қаңқа, жүрек, бiрiңғай салалы еттер, сөл бөлетiн бездер, ал “Қозбайтын” ұлпаға дәнекер ұлпа, шемiршек, терi эпителийлерi жатады.
Қозғыш ұлпалар үш түрлі физиологиялық күйде болуы мүмкiн: физиологиялық тыныштық, қозу және тежелу жағдайларында.
Физиологиялық тыныштық деп- жеке ұлпалар мен мүшелердiң өзiне тән әрекетiн атқармаған, бiлдiрмеген күйiн айтады. Мысалы, ет жиырылмаса, без сөл бөлмесе – тыныштық күйде деп есептейдi. Бiрақ бұл тыныштық салыстырмалы түрде, себебi онда зат алмасу процесi жүрiп отырады.
Органдар әрекетi екi түрде байқалады – қозу және тежелу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет