Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет5/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

2. Қозу процесiнiң даму сатылары.
Қозатын ұлпалардың қозғыштығы бiрдей емес. Мысалы, жүйке ұлпасы басқа ұлпалармен салыстырғанда қозғыш келедi, қаңқа етiнiң жүрек етiне қарағанда қозғыштығы жоғарырақ, ал бiрiңғай салалы еттiң қозғыштығы басқа еттерден төмен болады. ұлпаның қозғыштығын тiтiркендiру арқылы анықтайды.
Қозғыштықтың кезеңдерi :

  1. Ұлпаның қозғыштығы оны тiтiркендiргеннен бастап-ақ өзгередi.

Қозғыштық қасиетi төмендеп, тiтiркендiргiш қаншама әсерлi болса да, бiразға дейiн келесi тiтiркендiргiш күшке жауап бермейдi. Бұл кезеңдi – абсолюттiк рефрактерлiк кезең деп атайды,(ұзақтығы 1-2 мс нерв,4-5 мс ет талшықтарында, синапста 8-10 мс.).
2. Салыстырмалы рефрактерлiк кезең - бұл сатыда ұлпалардың қозғыштығы бiртiндеп бастапқы қалпына келедi. Бұл кезең нерв талшықтарында 1-10, ал ет талшықтарында – 3 мс дейiн созылады.
3. Экзальтация сатысы – ұлпалардың қозғыштығы жоғарлайды. Экзальтация сатысының ұзақтығы нервте-20 мс, бұлшық етте-50 мс шамасында.
4. Экзальтация сатысынан соң ұзақ субнормальдық саты басталады. Бұл кезде ұлпалар қозғыштығы тыныштық сатысымен салыстырғанда төменiрек болады. Бұл кезең iздiк гиперполяризациямен сәйкес келедi.
Қозудың табиғатын түсіндiретiн мембраналық теорияға сәйкес абсолюттiк рефрактерлiк саты Na +- иондарының торша iшiне өтуiнiң тиылып, мембрананың К+- иондары үшiн өтiмдiлiгiнiң жоғарлауымен байланысты. Осының нәтижесiнде мембрананың қозғыштығы уақытша жоғалып, онда жаңа тiтiркендiруге жауап ретiнде әрекет потенциалы туындамайды.
Салыстырмалы рефрактерлiк жағдайында Na+- индарының өтiмдiлiгiн төмендететiн, К+- иондарының өтiмдiлiгiн жоғарылататын жағдайлар жойылып, мембрананың тыныштық күйiндегi қасиеттерi қалпына келедi. Осының нәтижесiнде торшалар мембранасының қозғыштығы мен оның әрекет потенциалын тудыру қабiлетi бiртiндеп қалпына келедi.
Экзальтация сатысында торшаларда қалыптастыру процестерi толығымен аяқталады. Іздiк деполяризация кезiнде шегiне жақындап, торшаның қозғыштығы жоғарлайды. Деполяризация деп мембраналық потенциал деңгейiнiң төмендеуiн айтады. ұлпаның қозғыштығы жоғарлайды, егер тiтiркендiргiш әсерiнiң ырғағы экзальтация сатысымен сәйкес келiп отырса, онда Ұлпалардың қызметi күшейiп, олар тиiмдi әрекет етедi.
Лабильдiк немесе функциональдық жылжымалық деп ұлпа дара қозу тiтiркенiсiнiң толық кезеңiнiң пайда болып және аяқталып үлгеру жылдамдығын айтады.
Лабильдiлiк бiрлiгi деп 1 с. iшiнде тiтiркендiрулерге жауап ретiнде ұлпада пайда болып үлгеретiн қозу тiтiркенiстерiнiң ең көп мөлшерiн айтады. Түрлі ұлпаларда лабильдiлiк қасиетi бiрдей емес. Мысалы, сомалық нервтерде 1с iшiнде 500 қозу импульсi пайда болса, вегетативтiк нервте –200 қозу импульсi пайда болады.
Ұлпаларға белгiлi ырғақпен әсер ете бастағанда, олар бiрден сол ырғақты игермейдi. Сондықтан жұмыс үстінде бастапқы деңгеймен салыстырғанда лабильдiлiктiң жоғарылауы немесе төмендеуi мүмкiн. Бұл өзгерiстi А.А.Ухтомский ырғақты игеру деп атады. Бұл жалпы биологиялық құбылыс болып табылады. Ырғақты игеру организмнiң жеке мүшелерiнiң қызметiнiң арасындағы үйлесiмдiлiктiң негiзi болып саналады.
Н.В.Введенский жүргiзген тәжiрибесiнде нерв-ет препаратының нервiн сирек ырғақпен тiтiркендiргенде еттiң күштi жиырылуын дәлелдеген, бұны оптималдi ырғақ деп атаған. Пессимум – тiтiркендiру жиiлiгi лабильдiк шегiнен асып кеткенде байқалады. Бұл кезде еттiң жиырылу күшi әлсiрейдi немесе мүлдем жауап қайтармайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет