Нейтрофилдер –қанның ақ түйіршіктерінің ең көбі олар лейкоциттердің 50-75 % құрайды. Өзінің атауын түйіршіктері бейтарап түске бояла беретіндіктен алған. Нейтрофилдер ядросының пішіміне қарай жас (метамиелоциттер), таяқша ядролы, сегмент ядролы болып бөлінеді.
Лейкоформулада жас метамиелоциттер 1% дан көп емес, таяқша ядролы-1-5% , сегментядролы- 45-70 % құрайды. Әр түрлі ауру кезінде жас нейтрофилдер саны көбейеді. Жас және қалыптасқан формалардың ара-қатынасын солға бұрылу (регенерация индексіне ) көлеміне байланысты, бұл атауды түсіндіру үшін лейкограмма бланкісінде нейтрофилдердің тізімі ұлғайған дәрежесіне қарай солдан оңға қарай тізілген. Бұл қисын миелоциттердің, жас және таяқша ядролы формасының сегментядролының көлеміне, қатынасына байланысты. Қалыпты жағдайда 0.05-0.1. Ал ауыр жұқпалы аурулармен қабыну процестері кезінде ол 1-2 жетеді. Қисынның жылжу көрсеткішіне қарай аурудың ауырлығымен ағзаның оған әсері көсетіледі. Қанда үнемі нейтрофилдердің тек 1 % дейін ғана циркуляцияланады. Ең негізгісі ұлпаларда негізделген. Сонымен қатар кемік майында қанда жүрген нейтрофил санынан 50 есе көп қоры бар. Олар ағзада керек жағдайда бірден қанға түсе алады. Нейтрофилдердің ең маңызды қызметі- ағзаның сырттан келген улы заттар мен микробтардан қорғау. Нейтрофилдер жарақат алған жерге бірінші жетеді, әрі лейкоциттердің алпауыты болып саналады. Олардың асқынған жерде бірден пайда болуы жылдам қозғалуына байланысты. Олар өздерінен псевдоподилерін шығарып, капилляр қабырғасынан оңай өтіп, ұлпаларда жылдам жүріп, микроб өткен жерге оңай жетеді.Олардың жылдамдығы 40 мкм-ге жетіп, ол жасуша диаметрінен 3-4 есе үлкендігін көрсетті. Лейкоциттердің ұлпаға шығуын миграция деп атайды. Өлі немесе тірі микробтармен, өз ағзасында бұзылып жатқан жасушамен және бөгде бөлшектермен кездесіп, оларды жұтып, қорытып, өздерінің бойындағы ферменттер мен бактерияға қарсы заттарымен жойып отырады. Бір нейтрофил 20-30 бактерия жоя алады, алайда бұл жағдайда өзі де өлуі мүмкін (сонда бактерия көбейе береді). Фагоцитоздан бөлек нейтрофилдер басқа да микробқа қарсы әсер ете алады.Олар қоршаған ортасына лизосоманың катионды ақуызы мен гистондарды секреттейді. Вирусқа қарсы әсерін нейтрофилдер интерферон бөлетін затқа байланысты. Нейтрофилдер қызметін арттырып немесе кемітіп отыратын физиологиялық белсенді заттар бар: адреналин, ацетилхолин, гормондар және т.б. Олардың белсенділігі улы зат бөлетін микробтардың өміршеңдігіне байланысты.