Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Лейкоциттердің құрылысы және жіктелуі



бет67/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   119
Лейкоциттердің құрылысы және жіктелуі.
Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктері, ақзаны вирустардан, микробтардан, патогенді қарапайымдар, жалпы айтқанда бөгде заттардан қорғап қана қоймай, имунитетпен де қамтамасыз етеді.
Имунитет –ағзаны микробтардан, вирустан, зиянкестер мен генетикалық бөтен жасушалар мен заттардан қорғанатын қасиеті. Түріне қарай микробқа, вирусқа, зиянкеске, ісікке, трансплантацияға қарсы иммунитеттер болып жіктеледі. Имунитет әр түрлі болғандықтан, оларды бейспецификалық және спецификалық деп ажыратады.
Бейспецификалық түріне қорғаныс қызметін атқаратын тері мен сілекей қабығы, бүйрек, ішек, бауыр және лимфа түйіндер жатады. Лимфа түйіндер ұлпадан шығатын лимфаны өткізгіші қызметін атқарады. Лимфаға түскен бактериялар, улы заттар және басқа заттарды лимфа түйіндегі жасушалар зарарсыздандырады және жояды. Ұлпадан қан ағысына дейін лимфа бірнеше өткізгіштен өтіп барып, қанға тазарған күйінде түседі. Бейспецификалық түрге қанның плазмасының қорғаушы заттары жатады. Оларда зиянкестерге қарсы тұрушылар. Ондай заттарға гаммаглобулендер (қалыпты антиденелер) және оларда фагоциттер бактерияларды жұтып, қорытуын жеңілдендіретін қасиеті бар: интерферон, вирустарды залалсыздандырады: (мурамидаза ферменті) грам оң микробтарды (стафилококтер, стрептококкалар) жоюшы: пропердин, грам теріс микробтарды жояды, бета лизиндер (катионды ақуыздар), тромбоциттерден бөлініп, грам оң спора түзуші бактерияларға әсер етеді (газды гангрена). Бейспецификалық қорғаныс түрінде жасушалық механизмде бар. Солардың бірі фагоцитоз (грек тілінен аударғанда - жасуша және жеу) жасушалардағы бөгде заттардың желініп және жасушааралық қорытылуы жатады. Фагоцитозды 1908 жылы ашқаны үшін Нобель сыйлығына Мечников ие болды. Ол фагоцитозға қабілетті жасушаларды, фагоциттер деп атап, оларды микрофагтарға (нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер) және макрофагтар (қанның моноциттері, бауырдың гистиоцит, купферлі жасушалары, қанның базофилдері, альвеолярлы макрофактер, лимфа түйін макрофагі, көк бауырдың ж. т.б). Бүкіл әлемдік Денсаулықсақтау Ұйымының (ВОЗ) 1973 жылғы шешімі бойынша барлығын фагоцитарлы құрылым деп атады.
Спецификалық механизмдер имунитеті лимфоциттермен қамтамасыз етіледі, олар гуморальді (иммуноглобулендер) және жасушалық (иммунды лимфоциттер түзетін) иммунитеттері бөгде антигендерге жауап ретінде түзіледі. Ересектер қанында 4-9 *10 /л (4000-9000, 1-мкл-де) лейкоцит болады. Сондай-ақ эритроцитке қарағанда олар 500-1000 рет аз. Олардың көбейуі-лейкоцитоз, ал кемуі –лейкопения деп аталады.
Лейкоциттерді екі топқа бөледі: гранулоциттер (дәнді) және агронулоциттер (дәнді емес). Гранулациттер тобына нейтрофилдер, эозинофилдер мен базофилдер, ал агранулоциттерге- лимфоциттер мен моноциттер жатады. Лейкоцит көлемінің өзгеруі клиникада оның көлемінің ұлғайуымен емес, олардың ара-қатынасы қарастырылады. Лейкоциттердің пайыздық қатынасы лейкоцитарлы формула (лейкоформула) немесе лейкограмма деп аталады. Соңғы 30-40 жылда лейкоцитарлы формула қатты өзгерді. Сау адамдарда лейкограмма тұрақты, ал өзгеруі –түрлі ауруларға әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет