Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет79/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   119
Алмасу тамырлары деп- нағыз капиллярларды айтады. Капиллярлар қабырғасы арқылы қан мен ұлпа арасындағы зат алмасу процесi жүредi.
Сиымдылық тамырларынавена бөлiмi жатады. Олар бұкiл денедегi қанның 2/3 бөлiгiн сидыра алады.
Шунттық тамырларға- капиллярларға жетпей артерия мен вена тамырларын жалғастыратын анастомоздар жатады. Бұл тамырлар жұмысқа қосылғанда капиллярлар арқылы өтетiн қанның мөлшерi күрт төмендейдi не тоқтайды.
Денедегi капиллярлардың жалпы саны жүздеген миллион, сондықтан жеке капиллярлар ұзындығы 0,3-0,7 мм, диаметрi 5-20 мкм болғанымен, олардың жалпы ұзындығы 100 мың км-ге жетедi, бұл дегенiмiз жер экваторының ұзындығынан 2,5 есе көп.
2. Қан қысымы және оған әсер ететін факторлар.
Жүректiң қанға беретiн потенциалдық энергиясы, қан қысымы. Жүректен тамыр алыстаған сайын қысым төмендейдi.
Мысалы, Қолқа тамырында – 150-180мм с.б.
Артерияда-110-120мм с.б.
Артериалдарға-50
Капиллярларға-20-40
Веналарға-10-15ммс.б.
Ірi веналарға-0 тең.
Жүрек жиырылғанда пайда болатын қысым систолалық немесе максимальдық қысым, ал диастола кезiндегi қысым- диастолалық немесе төменгi қысым дейдi. Екеуiнiң айырмашылығын пульстық қысым деп атайды.
Қан қысымының деңгейi көптеген факторларға байланысты (адам жасына, салмағына, малдың өнiмдiлiгiне, физиологиялық күйiне) өзгередi.
Қанның ағуына қан қысымы мен қатар тамыр қабырғаларының серпiмдiлiгi, капиллярлар қабырғасында жиырылғыш Руже клеткаларының болуы, вена қабырғаларында қақпақшалардың болуы, қаңқа бұлшық еттерiнiң жиырылуы, кеуде қуысындағы терiс қысым әсер етедi. Артералдық пульс- артерия қабырғаларының тербелiсi. Сфигмограмма- артериялардың соғуын бейнелейтiн қисық сызық, ол екi бөлiктен тұрады:
Анокрота- көтерiлген бөлiгi
Катакрота-төмендеген бөлi
Веналық пульс- жүрекке жақын орналасқан вена қабырғаларының соғуы. Алынған қисық флебограмма дейдi, онда үш толқын байқалады
А- толқыны-жүрекшелер жиырылған кезде,
С-толқыны- қарыншалар жиырылғанда
V- толқыны- веналарды қанның iркiлiп, олардың қабырғасының керiлуiмен байланысты.
Қан ағысының екi түрлi жылдамдығын ажыратады: көлемдiк және сызықтық.
Көлемдiк жылдамдық деп белгiлi бiр уақыт iшiнде қан тамырлары арқылы өткен жолын айтады(ол мл/с мөлшерiмен өлшенедi)
Сызықтық жылдамдық деп қанның белгiлi бiр бiр уақыт iшiнде өткен жолын айтады.(мм/с).
Қан ағысының сызықтық жылдамдығы тамырлардың көлденең қиындысына керi пропорционалды.
Қанның толық айналым мерзiмi деп қанның белгiлi бiр мөлшерiнiң үлкен және кiшi қан айналу шеңберлерiнен өтуiне қажет уақыты айтады( 22-24с).
Қанның бiр бағытта ағуына әсер ететiн себептер:
1.Жүрек жұмысы.
2.Қан қысымының айырмашылығы
3.Қан тамырларының қабырғасының серпiмдiлiгi.
4.Капиллярлар қабырғасында жиырылғыш Руже клеткаларының болуы.
5.Вена қабырғаларында қақпақшаларының болуы.
6.Қаңқа еттерiнiң жиырылуы.
7.Көкiрек қуысындағы терiс қысымның ықпалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет