Тақырыбы : «Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында» Бағыты: Қазақстан тарихы Жетекшісі



бет11/14
Дата15.04.2023
өлшемі161,87 Kb.
#82719
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Қабетхан Баян ааааа

1.2.Берлин үшін шайқас

Берлин операциясы-Ұлы Отан соғысы барысындағы аса ірі шабуыл операцияларының бірі. 1945 ж. 16 сәуір мен 8 мамыр аралығын қамтыды. Оған Қазақстанда жасақталған үш атқыштар дивизиясы мен бір артиллерия, екі атқыштар полкі қатысты.


Одер мен Нейсе бойындағы майданда фельдмаршал Фердинанд Шёрнер басқарған “Орталық” армия топтарының бір бөлігі мен генерал-полковник Хельмут Хайнрицидің “Висла” армиясынан қалған жауынгерлік топтар қорғанып жатты.
Олардың 1 млн-ға жуық адамы, 10400 зеңбірегі мен минометі, 1500 танкісі мен шабуылдық техникасы және 3300 әскери ұшағы болды. Бұған қоса Берлинде 200-ден астам фольксштурм батальондары (жастары 16-дан 60-қа дейінгі ер адамдардан құралған халық жасағы) жасақталды. Олардың қатарында 200 мыңға тарта адам болды. Герман әскері тұрғын халықты қатыстыра отырып, Берлинді қорғау үшін 20 — 40 км-ге дейін созылатын үш бағыттық қорғаныс шептерін құрды. Мұнымен қатар сыртқы, ішкі және қалалық айналма қоршау-қорған шептері жасалды.
Бұларға 2062 мың солдаты мен офицері, 42 мың зеңбірегі мен минометі, 6250 танкісі мен шабуылдық техникасы және 7500 әскери ұшағы бар кеңестік әскер қарсы шықты. Тыл қызметі әскерлерге күнделікті және ұрысқа қажеттіліктердің бәрін жеткізіп тұрды. Олардың атқарған жұмыс көлемін бір ғана цифр арқылы елестетуге болады: бұл операция барысында жұмсалған оқ-дәрілерді тасу үшін 11635 вагон керек болды. Берлин операциясы үш кезеңде өтті.
Бірінші кезеңде (16 — 19 сәуір) 1-Беларусь майданының әскерлері маршал Г.К. Жуковтың қолбасшылық етуімен жаудың үш бірдей бағыттағы қорғаныс шептерін түгел бұзып, Берлинді солтүстік және оңтүстік-шығыс жақтарынан орап алуға жағдай жасады. Маршал И.С. Иван Степанович Конев басқарған 1-Украина майданының әскерлері Нейседегі жау қорғанысын бұзып, Ширейге шықты да, Берлинді оңтүстік жағынан қоршауға мүмкіндік алып берді. Маршал К.К. Рокоссовскийдің 2-Беларусь майданы әскерлері Одер өзенінің батыс және шығыс екі жақ саласын бірдей басып алды.
Екінші кезеңде (19 — 25 сәуір) 1-Беларусь майданы әскерлері Берлиннің солтүстік, сонан соң оңтүстік және шығыс шеттеріне, 1-Украина майданы жауынгерлері оңтүстік және оңтүстік-батыс шет аймақтарына басып кірді. Нәтижесінде алдымен жаудың франкфурт-губан, ал 24 сәуірде берлиндік топтары қоршауға алынды. Ертесіне Торгау ауданында, Эльба бойында 5-гвардиялық армия мен 1-американдық армия әскерлерінің кездесуі болды. Бұл кезде 2-Беларусь майданының әскерлері Одердің шығыс жағынан өтіп, жау күштерін қыспаққа алды да, олардың оңтүстік бағытта қарсы шабуылға шығу мүмкіндігін жойды.
Үшінші кезеңде (26 сәуір — 8 мамыр) кеңестік әскерлер франкфурт-губен тобын, ал 2 мамыр күні берлиндік топты жойды. Соңғы топпен шайқас қиян-кескі жағдайда өтті. Қаланың әрбір ғимараты қарсыласу торабына, бекініске айналып кетті.
Жау метроны әскери күштердің маневр жасауы үшін, ал жер асты қатынас жүйелерін — шабуылшы диверсанттар мен ұсақ жауынгерлік топтарды тылға жіберіп отыру үшін кеңінен пайдаланды. Қалалық көше шаршылары мен жекеленген ғимараттарды атқыштардан, саперлер мен артиллеристерден арнайы біріктіріліп жасақталған шабуылшы отрядтардың, топтардың күшімен алуға тура келді. 30 сәуірде Берлинді қорғаушы әскерлер бірнеше бөлікке бөлініп тасталды. Рейхстагқа шабуыл жасау құрметіне ие болғандар қатарында қостанайлық 151-атқыштар бригадасы негізінде 1943 жылдың соңында құрылған 756-атқыштар полкі да бар еді. Осы полктің 1-батальоны 30 сәуір күні үшінші шабуылдан кейін Рейхстаг ғимаратына алғашқылар қатарында енді. Бірінші қабаттың терезесіне лейтенант Р. Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г. Булатов бірінші болып ту тікті. Сағат 22-ден 50 мин. өткенде Рейхстаг күмбезіне 756-полктың барлаушылары М.А. Егоров пен М.В. Кантария жеңіс жалауын орнатты. Бірақ ғимарат ішіндегі шайқас мұнан соң да бір жарым тәулікке созылды. 2 мамыр күні бүкіл Берлин қаласының әскери күштері қаруларын тастады. 5 мамырда қаланың шет аймақтарынан батысқа қарай шепті бұзып өтуге әрекеттенген ұсақ топтары жойылды. Екі күннен соң үш майданның әскерлері Эльба алабында ағылшын-американ әскерлерімен кездесті. 8 мамыр күні сағат 22-ден 43 минут өткенде Берлин қаласы жанындағы Карлсхорст деген жерде германдық қолбасшылар өкілдері үзілді-кесілді тізе бүгу туралы актіге қол қойды.
Берлин операциясы кезінде кеңестік әскерлер 78291 адамынан айрылды, 274 184 адамы жаралы болды, контузия алды. Жау жағы жаяу әскерлерден тұратын 70 дивизиясынан, моторлы техникалы 23 дивизиясынан айрылды, 480 мың адамы тұтқынға алынды. Берлин операциясындағы ерліктері үшін қазақстандық 26 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ал шабуылшы-ұшқыш Т. Бигелдинов бұл атаққа екінші рет ие болды. 38 жерлесіміз 1-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталып, бұл награданың үш дәрежесінің де толық иегерлері атанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет