Тақырыбы : «Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында» Бағыты: Қазақстан тарихы Жетекшісі


Қасым Қайсенов қазақтың қас батыры



бет13/14
Дата15.04.2023
өлшемі161,87 Kb.
#82719
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Қабетхан Баян ааааа

Қасым Қайсенов қазақтың қас батыры

Араға бір жыл салып, 1941 жылы Киевте алғашқы ұрысқа қатысты. Әскери барлаушы мектебін аяқтағаннан кейін, оңтүстік-батыс майданының штабына жөнелтілді. Ол жерде арнайы тапсырма алып, басқыншылардың қолында қалған Украина аумағында партизандық қимылдарды ұйымдастыру үшін жаудың тылына жіберілді. Бір жылдың ішінде барлау ісінің қыр-сырын меңгерген сарбазды Украинаның Богуслав деген қаласының маңындағы орманға қарамағындағы он жауынгермен бірге парашютпен түсіреді. Алайда қалың дұшпанның ортасында жанындағы серіктері қаза табады. Он шақты күн бойы орман ішінде аштықты көреді. Сол жерде жау тылында астыртын жұмыстар атқарып жүрген Иван Кузьмич Примакпен кездесіп, партизандық жолын жалғастырған.


"Мен соғыстың кезінде ажалдың алдына неше барып, неше қайтқан адаммын. Періштем қақты ма, әлде суішкілігім болды ма, соның бәрінде аман қалдым. Ал алғаш шабуылға шыққан күні-ақ бірінші оққа ұшқан бейшаралар аз ба?! Солардан менің қай жаным артық еді. Ендеше, мына көріп жүрген күндерімді "олжа" демей, не деймін", - дейді Қайсенов естелігінде.


1941-43 жылдары екі адамнан жеті мың адамға дейін жеткен ірі партизан құрамына еніп, №6 отрядтың командирі болады.
1943 жылдың 21-22 қыркүйегінде Қасым Қайсенов басқаруындағы 120 адамнан тұратын партизан отряды түнде тұтқиылдан ұрыс сала жүріп Григорьевка, Луковицы, Зарубинцы хуторларын басып алады. Сол жерде қоластындағы жүзге жуық сарбаз ерлік көрсетіп қаза табады.

1941-44 жылдары Қайсенов жау тылына төрт рет десантпен түсірілген. Әуелі 1941 жылы Украинаға, 1943 жылы Молдавия жеріне, 1944 жылдың басында Румынияға, соңғы рет 1944 жылы маусымда Карпат тауына парашютпен тасталған.


Карпат тауындағы ерлігі үшін Қасым Қайсенов төртінші Украин майданының партизан штабы тарапынан III дәрежелі "Богдан Хмельницкий" орденіне ұсынылды.
Мен Украинада легендарный адаммын, онда мені тек "Вася" деп біледі. Украинада маған орнатылған ескерткіш бар. Карпат тауының ең ұшар басына, ең соңғы рет жау тылына барғанда алпыс адам ұшақтан түсіп, іріткі салған ғой. Ол тауға түскен алпыс адамның елу үші қаза тауып кетті, жетеуіміз тірі қалдық. Сол Карпатта ұрыс салған алпыс адамға арнап, таудың ең биігіне мрамордан ескерткіш орнатқан", – деп айтқан болатын Қайсенов.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет