3-оқушы /АҚШ өкілі: Европада евро деген валюта 1999 жылдың 1-қаңтарынан
бастап Австрия, Белгия, Испания, Италия, Германия, Люксембург, Грекия,
Португалия, т.б. 13 елде қолданысқа енді.
- Валюта жайлы әңгімемізді БАӘ-дан келген өкілдер жалғастырады.
4-оқушы: БАӘ өкілі: БАӘ –дирхам деген ұлттық валюта жүреді. 1973 жылдан бастап енген, ең жоғары банкнот -1000 дирхам.
5-оқушы ҚХР өкілі: Юань-ҚХР-дың ұлттық валютасы , 1835 жылы күміс
монеталар, кейіннен қағаз банкноттар шыға бастады. Юань-ел билеген династияның құрметіне берілген атау.
5-сұрақ. «Ақша туралы қандай мақал-мәтелдер бар?»
-Бұл сұраққа балалар өздеріңнің қатысуларыңмен жауап беріп көрейік.
Алдымен мына көріністі тамашалап алайық.
Көрініс.
Әкесінің екі ұлы болыпты.Бірі Асан және Сапар.Әкесі алыс жолға шығып бара жатып балаларын шақырып алып былай дейді:
Міне сендерге менің байлығымның бір бөлігі . Бір жылдан соң ораламын. Сонда сендер менің байлығымды қалай сақтағандарыңды көреміз дейді.
Қысқа ма ұзақ па уақыт өтке соң әкесі келіп балаларын көріп қауышқан соң балаларынан сұрайды:
-Ал, балаларым, мен жоқта қалай тұрдыңдар? Менің байлығымды қалай сақтадыңдар?
Сапар жер астындағы орынға түсіп, әкесі берген алтын ақшаны алып шығып –Міне, әке сенің берген ақша . Қарашы қалай сақтағанымды.
Әкесі ақшаны алды да Асанға бұрылды. Ал, сен ше?
Асан күлімсіреді де қалтасынан 5 алтын ақшаны алып берді.
-Мен сен берген ақшаға бір сиыр сатып алдым.Оны жақсылап күтіп едім сүтті көп берді.Оны біз іштік.Артылғанын сатып отырдық. Міне, сен берген ақша 5-еу болды және бір сиыр қорада тұр.
-Балалар қалай ойлайсыңдар, байлық неден құралады екен ? (Еңбектен)
Әр отбасы ақшаның құнын бағалау керек.Оны орынды жұмсай білу керек. Халық арасындағы ақша жайында мақал- мәтелдер өте көп.
Топпен жұмыс
«Моншақ тізу» әдісі арқылы оқушылар өздері білетін
мақалдарды жазып жарысады
1.Теңге тиыннан өсер, 2.Ақша кетуге тырысады,
Жылқы құлыннан өсер. Есеп ұстауға тырысады.
3.Есепсіз дүние жоқ. 4.Базары
жақын байымас