Тақырыбы :. Оқу-тәрбие процесінің жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


-тарау. Сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет3/6
Дата25.11.2023
өлшемі60,87 Kb.
#126918
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сан пин

3-тарау. Сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


26. Объектілерде орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен, ыстық сумен жабдықтау, су бұру көзделеді және олар жарамды жағдайда болуы тиіс.
27. Объектілер нормалау құжаттарының белгіленген талаптарына сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
28. Объектілерде ауыз су режимі ұйымдастырылады. Ауыз су, оның ішінде сыйымдылықтарға (графиндер, шәйнектер, бөшкелер және басқалар) өлшеп-құйылған немесе шөлмектердегі ауыз су сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
Суға арналған кулерлер (диспенсерлер) өндірушінің нұсқаулығына сәйкес тұрақты түрде тазартылады. Су ішу үшін таза ыдыс (шыны, фаянс ыдыс, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланылады.
Жеке шөлмек сыйымдылықты пайдалануға рұқсат етіледі. Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі.
29. Стационарлық ауыз су бұрқақтарының конструктивтік шешімдері судың тік ағынының айналасында биіктігі кемінде он сантиметр болатын шектеу сақинасының болуын көздейді.
30. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектілерде болатын барлық уақыты ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімдігі қамтамасыз етіледі.
31. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда ішкі су құбыры және су бұру құрылғысымен жергілікті ауыз суы мақсатындағы көздерден алынатын су пайдаланылады.
32. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждығы үшін әкелінетін ауыз-суды пайдалануға жол беріледі, оны жеткізу мамандандырылған автокөлікпен, ауыз сумен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалған, уақтылы тазартылатын, жуылатын және дезинфекцияланатын таңбаланған арнайы сыйымдылықтарда жүргізіледі.
33. Әкелінетін сумен жұмыс істейтін объектілерде ауыз су қорын сақтауға арналған сыйымдылықтар орнатылған жеке үй-жай көзделеді. Сыйымдылықтар таңбаланады ("ауыз су"), олар апта сайын (және қажеттілігіне қарай) жуу және дезинфекциялау құралдары қолданыла отырып, тазартылады және дезинфекцияланады. Ауыз суға арналған сыйымдылықтарды өзге де мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
34. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған кезде су жылытқыштар орнатылады. Ыстық және салқын су барлық ванналарға, себезгілерге, кір жуатын орындарға, қолжуғыштарға, оның ішінде санитариялық тораптарға, түстену залдарына, тұратын орындарға, медициналық мақсаттағы үй-жайларға, сондай-ақ ас блогындағы араластырғыштар орнатылған технологиялық жабдыққа жүргізіледі.
Сумен жылыту жүйесіндегі ыстық суды технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.03.2022 № ҚР ДСМ-31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

35. Сурет салуға және жабыстыруға, өсімдіктермен жұмыс істеуге арналған үй-жайлар, шеберханалар, медициналық блок үй-жайлары, ас блогының өндірістік үй-жайлары ыстық және суық су өткізілген раквиналармен, қол жууға және кептіруге арналған құралдармен жабдықталады.
36. Объектілерді кәріз жүргізілмеген және ішінара кәріз жүргізілген орындарда орналастырған кезде жергілікті су бұру құрылғысы көзделеді. Сарқынды суларды, оның ішінде САҚ-тың сарқынды суын қабылдауды объекті аумағының шаруашылық аймағында орналасқан, гидравликалық бекітпесі бар қақпақтармен (сифондар) жарақталған жалпы немесе бөлек жерасты су өткізбейтін сыйымдылықтарға (шұңқырға, септикке) жүзеге асырады, оларды тазалау уақтылы жүргізіледі.
Сарқынды суды ашық су айдындарына және іргелес аумаққа, сондай-ақ су сіңіргіш құдықтар құрылғысына ағызуға жол берiлмейдi.
37. Өндірістік, қойма үй-жайларындағы, тұрмыстық үй-жайлардағы су бұруға арналған кәріз бағандары сыланған қораптарға салынады.
38. Кәріз жүргізілмеген жерлерде жылы санитариялық тораптар (75 адамға 1) және су құйылатын қолжуғыштар (30 адамға 1) орнатылады.
Жылы санитариялық тораптардың жерүсті үй-жайлары және су өткізбейтін материалдан жасалған қазылған шұңқыры болады. Жылы санитариялық тораптарды жинау күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі. Қазылған шұңқыр уақтылы тазаланады.
Жобаланатын, салынып жатқан және реконструкцияланатын білім беру объектілерінде кәріз жүргізілмеген және ішінара кәріз жүргізілген жерлерде санитариялық тораптар, оның ішінде жылы санитариялық тораптар объектілердің ғимараттарында орналастырылады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.03.2022 № ҚР ДСМ-31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

39. Объектілердің ғимараттары орталық жылыту жүйелерімен жабдықталады. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзі болмаған жағдайда сұйық, қатты және газ түріндегі отынмен жұмыс істейтін автономды қазандық көзделеді.
40. Селолық елді мекендердегі шағын жинақталған мектептердің бір қабатты ғимараттарында пешпен жылыту құрылғысына жол беріледі. Пешті жағу жеке есігі бар оқшауланған үй-жайда жүргізіледі.
41. Жылыту кезеңінде ауаның температурасы "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-15 бұйрығы) сәйкес айқындалады.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

42. Үй-жайларды табиғи және жасанды жарықтандыруды сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жобалау керек. Жасанды жарықтандыру үшін жарық диодты, люминесцентті және энергия үнемдеуші шамдарды пайдаланады. Ортақ жасанды жарықтандыру барлық үй-жайларда көзделеді.
43. Объектінің аумағында сыртқы жасанды жарықтандыру болады.
44. Оқу үй-жайларындағы, ойын және жатын бөлмелеріндегі жарық түсетін ойықтарды реттелетін күннен корғайтын құрылғылармен жабдықтайды.
45. Оқу-өндірістік шеберханаларда, спорт залдарында екі жақ бүйірден табиғи жарықтандыруға және аралас (үстіңгі және бүйір жақтан) жарықтандыруға жол беріледі. Оқу үй-жайларында терезенің әйнектерін бояуға жол берілмейді.
Терезелердің әйнектелуі бүтін шыны төсемінен орындалады.
46. Жасанды жарықтандыру кезінде бір үй-жайда бір үлгідегі шамдар қолданылады. Жарықтандыру кезінде шағылысқан және шашыраңқы жарықты шамдарды пайдаланады, оларды плафондармен қамтамасыз етеді.
47. Білім беру объектілерін жасанды жарықтандыру көрсеткіштері № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес көзделеді.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

48. Көру қабілеті бұзылған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған объектілердегі оқу үй-жайларын (сыныптарды, кабинеттерді, зертханаларды, шеберханаларды), сондай-ақ оқу залдарын жасанды жарықтандырудың құрамдастырылған жүйесімен жабдықтайды. Көру патологиясының түріне байланысты жалпы және жергілікті жарықтандырудың жиынтық жарықтандыру деңгейі мынаны құрайды:
1) жоғары дәрежелі күрделі алыстан көрмейтіндер және жоғары дәрежедегі жақыннан көрмейтіндерге – 1000 люкс (бұдан әрі – лк);
2) торлы қабық пен көру нервісі зақымдалғандарға (көздің қарығуы болмайтын) – 1000 – 1500 лк;
3) жарықтан қорқу ауруынан зардап шегетіндерге – 500 лк-тен артық емес;
4) жасанды жарықтандыру деңгейі жалпы жарықтандыру жүйесінен 400 лк-тен аспауы тиіс;
5) әр жұмыс орнын кемінде 400 лк жергілікті жарықтандыру шамдарымен жабдықтайды.
Шамдар үстелдің бетіне нығыз бекітілуі және олардың еңкею бұрышы мен жарық көзінің биіктігін өзгертуге мүмкіндік беретін иілімді кронштейні болады.
49. Істен шыққан шамдар ауыстырылады. Жарамсыз, құрамында сынап бар шамдар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қолы жетпейтін жеке үй-жайда сақталады. Пайдаланылған құрамында сынап бар шамдарды қоқыс жинағыштарға тастауға жол берілмейді. Пайдаланылған құрамында сынап бар шамдарды сақтау және кәдеге жаратуға жіберу объекті басшысының бұйрығымен жауапты адамға жүктеледі.
50. Объектілердің ғимараттары желдету және ауа баптау жүйелерімен жабдықталады. Ас блогында механикалық түрде іске қосылатын желдету жүйесі көзделеді. Жылу және ылғал бөлу көздері болып табылатын жабдықтың үстінде сыртқа тарту шатырлары орнатылады.
51. Желдету және ауа баптау жүйелерін пайдалану кезінде № ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптары сақталады.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

52. Оқу үй-жайларын үзілістер кезінде, рекреациялық үй-жайларды сабақ уақытында желдетеді. Сабақ басталғанға дейін және олар аяқталғаннан кейін оқу үй-жайларында өтпелі желдету жүзеге асырылады. Өтпелі немесе бұрыштан желдетуді білім алушылар мен тәрбиеленушілер болмаған кезде жүргізеді. Өтпелі желдетуді дәретхана үй-жайлары арқылы жүргізбейді.
53. Станоктарда және тетіктерде жұмыс істеу жылу мен шаңның көп мөлшерінің бөлінуімен байланысты болатын шеберханалар сору-сыртқа тарту желдеткішімен және жергілікті шаңұстағыштармен және сыртқа тарту құралдарымен жабдықтайды.
54. Объектілерде нормалау құжаттарына сәйкес үй-жайлардың оңтайлы микроклиматтық жағдайлары (температура, ауа қозғалысының жылдамдығы және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы) № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

55. Ауаның температурасын бақылау үшін білім беру ұйымдарының ойын, оқу және жатын үй-жайларында, балаларды тәрбиелеу және олардың тұратын орындарында, сондай-ақ медициналық пункт үй-жайларында термометрлер орнатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет