Тақырыбы :. Оқу-тәрбие процесінің жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


-тарау. Оқыту және өндірістік практика жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет5/6
Дата25.11.2023
өлшемі60,87 Kb.
#126918
1   2   3   4   5   6

5-тарау. Оқыту және өндірістік практика жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


70. Жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдары топтарының (сыныптарының) толтырылуы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.03.2022 № ҚР ДСМ-31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

71. Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының "сатылы" режимін қолданады. Қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан, қазаннан бастап 45 минуттан жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіледі.
Бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бір апталық демалыстар болуы тиіс.
72. Жалпы білім беру ұйымдарындағы апталық оқу жүктемесі осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нормалардан аспауы тиіс.
Кестедегі сабақтар саны ата-аналар комитетімен келісіледі.
73. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді.
Сабақ кестесін жасаған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушының ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескеріледі және осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қиындығы бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады.
74. Мектептің сабақ кестесі міндетті және факультативтік сабақтар үшін жеке жасалады. Факультативтік сабақтар міндетті сабақтардың саны барынша аз күндері жоспарланады.
Күн сайынғы оқу жиынының салмағы:
1-3-сыныптардың білім алушылары үшін – 1,5-2,0 килограмм (бұдан әрі – кг);
4-5-сыныптардың білім алушылары үшін – 2,0-2,5 кг;
6-7-сыныптардың білім алушылары үшін – 3,0-3,5 кг;
8-11(12)-сыныптардың білім алушылары үшін – 4,0-4,5 кг - нан аспауы тиіс.
Сабақ кестесі оқу портфельінің немесе аспалы сөмкенің (рюкзактың) салмағынсыз күн сайынғы оқу жиынының (оқулықтар, ОӘК және жазу құралдары) гигиеналық нормативтерін ескере отырып құрылады.
75. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.
Үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, қозғалыс ойындарымен өткізеді.
Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.
76. Мектепалды сыныптардағы сабақтардың барынша рұқсат етілген саны – ұзақтығы 25-30 минуттан болып төрт сабақтан аспайды. Сабақтар арасындағы үзілістер кемінде 10 минутты құрайды.
Мектепалды сыныптарда және мектептерде тікелей бейнетерминалмен, дербес компьютермен, планшетті дербес компьютермен және ноутбуктермен сабақтардың үздіксіз ұзақтығы оқу сағаты ішінде:
1) мектепалды, мектепке дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1 сыныптарда – 15 минуттан аспайды;
2) 2-3 сыныптарда – 20 минуттан аспайды;
3) 4-5-сыныптарда – 25 минуттан аспайды;
4) 6-8 сыныптарда – 25 минуттан аспайды;
5) 9-11 (12) сыныптарда – 30 минуттан аспайды.
Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

77. ТжКБ, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім алушыларының оқу жүктемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарыбелгіленеді.
78. Жазғы демалыс кезінде жалпы білім беру ұйымдары жанында дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбие қызметін және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мәдени бос уақытын өткізуді жүзеге асыратын мектеп жанындағы лагерьлерді (алаңдарды) ұйымдастыруға жол беріледі. Мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеген уақытта тамақтандыруды және күндізгі ұйқыны ұйымдастыруға жол беріледі. Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде осы Санитариялық қағидалардың талаптары ескеріледі. Күндізгі ұйқыны ұйымдастыру кезінде жатын үй-жайы бөлінеді, жеке кереуеттер (жазылатын кереуеттер) орнатылады, жеке төсек-орын жабдықтары (жайма, жастықтың тысы, көрпенің тысы) және кемінде екі орамал (аяққа және қолға арналған) көзделеді.
79. Өндірістік практика оқу-тәрбие процесінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің технологиялық жабдықты жөндеуіне жол берілмейді.
80. Ойын және спорт алаңдарының жабдықтарын қоса алғанда, жиһаз бен жабдық білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойына және жасына сәйкес келеді. Спорт, ойын жабдығы жарамды күйде ұсталады.
81. Оқу жиhазын іріктеп алуды білім алушылардың бойына сәйкес жүргізеді. Оқу жиһазының өлшемдері осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген.
82. Объектілерде оқу кабинеттері, зертханалар жұмыс үстелдерімен, арқалығы бар орындықтармен жабдықталады.
Мынадай білім алушылар мен тәрбиеленушілер:
есту, көру қабілеті бұзылған білім алушылар мен тәрбиеленушілер тақтаға жақын, алдыңғы қатардағы үстелдерге;
жиі суық тиіп ауыратын білім алушылар мен тәрбиеленушілер сыртқы қабырғадан алыс отырғызылады.
83. Оқу үй-жайларындағы жиһаз сол жақ бүйірден табиғи жарықтандыру қамтамасыз етіле отырып, орнатылады. Негізгі жарық ағынының білім алушылар мен тәрбиеленушілердің алдынан және арт жағынан түсуіне жол берілмейді.
84. Физикалық және химиялық реагенттерді пайдалана отырып, зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін физика мен химия кабинетіндегі демонстрациялық және оқу зертханалық үстелдерге электр энергиясын жүргізу, химия кабинетінде (орталықтандырылған сумен жабдықтау болғанда) су және кәріз жүргізу көзделеді.
Химия кабинетінде сыртқа тарту шкафы жабдықталады.
85. Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттер, қышқылдар мен сілтілер таңбаланады, жауапты адамның бақылауымен арнайы бөлінген сейфте сақталады.
86. Оқу шеберханаларында мамандандырылған верстактарда және үстелдерде жұмыс істеу кезінде өздерінің мақсатына сәйкес арқалығы жоқ көтеріліп-бұрылатын отырғыштар қолданылады.
87. Шеберханалар шуы аз жабдықпен жарақталады, шу мен діріл деңгейлері нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
88. Спорт залдарының жанындағы киім шешетін орындар киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен және орындықтармен жабдықталады.
89. Спорттық төсеніштер мен снарядтардың жабыны (қаптамасы) ылғалды тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретіндей бүтін болады.
90. Секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза құммен (тас, бұтақтар, жапырақтары жоқ) толтырады, секіру алдында іші қопсытылады және тегістеледі. Шұңқырлардың ағаш ернеулері жердің бетімен бір деңгейде болуы тиіс, олар брезентпен немесе резеңкемен қапталады.
Жүгіру жолдарының бетінің қатты, жақсы құрғатылатын жабыны болуы, нығыз, шаңданбайтын, атмосфералық жауын-шашынға төзімді жоғарғы қабаты болуы тиіс.
91. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су құятын қолжуғыштарды орнатуға жол беріледі.
92. Объектілердің санитариялық тораптарында унитаздар, қол жуатын раквиналар, қолды жууға және кептіруге арналған құралдар, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған унитаздар жабық кабиналарда орналастырылады, білім беру объектілерінің мектеп алды сыныптары үшін балаларға арналған унитаздар орнатылады.
Объектілердің оқу және тұрғын корпустарындағы санитариялық аспаптарға қажеттілік осы Санитариялық қағидаларларға 6-қосымшаға сәйкес көзделеді.
Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтар үшін санитариялық құралдардың орнатылуы және оларға қажеттілік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес нормаланады.
93. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін сатып алынған өнімдердің (ойыншықтар, аяқ киім, киім, ыдыс, жеке гигиена құралдары, мектеп және жазу құралдары, төсек-орын жабдықтары, парфюмерлік-косметикалық өнім, жиһаз) оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет