Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Сөж
Тақырыбы: 1.1 А. Асқарбаеваның «Кластан тыс оқу методикасы» оқу құралын оқу және талдау.
1.2 Сыныптан тыс уақытта оқуға арналған әр сыныпқа арналған шығармаларды топтап, кестеге түсіру.
Алматы 2021-2022
Оқытушы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты түсініктерінбайқайды;
Әрбір оқушы қандай дәрежеде оқи алатынын тексеріп біледі;
Сыныпта дауыстап оқыту арқылы оқушылардың жеке сөздерді дұрыс оқуға, сөйлем ішіндегі сөз мағынасын дұрыс түсінуге жаттықтырады;
Әңгіме, мақала, өлең, ертегі, сияқты көркем шығарма жанрларын оқу үстінде оқушыларға әңгіменің я мақаланың ой түйінін, негізгі идеясын анықтай білуге үйретеді.
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы басты да өзекті үрдіс – сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланысты, яғни соның жалғасы сияқты болуы керек. Бұл байланыстылықты өзара жұмдастыра жүргізу мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне, қабілетіне қарай әр түрлі дәрежеде жүргізіледі. Осыдан барып әр мұғалім сыныбы арқылы дәрежелі білім деңгейін меңгеретіндігі шығады. Қашанда ізденгіш, балаларды жанымен жақсы көретін, өзінің ұстаздық парызына адал оқытушылардың шәкірттері ұқыпты да тәртіпті, білімді болады. Дәл осы арада сыныптан тыс жұмысты тек қана былай жүргізу, олай жүргізбе деп айтудың, нұсқау берудің қажеті жоқ. Себебі, жоғарында айтқандай әр мұғалімнің ұяты мен шеберлігі біледі. Дегенмен сыныптан тыс оқылатын кітаптың жоспарлы оқу материалдарына сәйкестенуін, соны кеңейте түсуін ескерген жөн. Мысалы, табиғатқа ондаған жан-жануарларға байланысты сабақ өтілгенде сыныптан тыс оқу үшін А.Сейдімбектегінің «Тауға біткен жалбыз» кітабынан бірнеше үзінділер ұсынуға болады. Атап айтқанда «Айқас» әңгімесіндегі жыландар мен құрбақалардың жан беріп, жан алысқан айқасын оқуға ұсынса бала дүниетанымының кеңі түсінетіні даусыз. Осы арада айта кететін бір нәрсе «ойбай ол ересектерге арналған шығарма ғой, бала түсінігіне ауыр болады» деген жаттанды қағидадан аулақ болу керек. Себебі, психолог-лингвист ғалымдар дәлелдегендей мектеп жасына келген бала тілдің бүкіл фаналогиялық жүйесін түсінеді.
Cыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларының кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш сыныпты бітіргенде, ақын-жазушыларының белгілі шығармаларымен таныс болулары қажет екенін де үнемі ескертіп отырады.
Сыныптан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардың ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі-түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.
2-сыныптан бастап мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан алған кітаптарды бере бастайды. Оларға кітапты дұрыс ұстап, күте білудің ережелерін үйретеді: кітапты тыстап қою, оқыған кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау, т.б. Мұғалім бұл ережелерді анық етіп жазып, сыныпқа іліп қояды.
Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен оқи алу дағдыларын арттырумен бірге, «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқиғаға өзінің қалай қарайтынын айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы қажет.
Сыныптағы оқу сабақтарында оқушылар көркем тілмен жазылған шығармалардан басқа тарих, табиғаттану т.б. пәндерінен мағлұмат беретін материалдармен танысады. Осындай, сыныпта алған ұғым сыныптан тыс оқу кезінде нығая, жетіле түседі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарында мұғалім балалардың қандай кітаптарды оқығандарын біліп отырумен қатар, алдағы уақытта не туралы оқығылары келетінін де есепке алуы қажет.
Бастауыш мектептердегі сыныптан тыс оқудың мазмұны мен ұйымдастыру жолы жөнінде жаңа бағдарламаның жобасында былай делінген: «Сыныптан тыс оқудың мақсаты: баланың сыныптан тыс оқуы арқылы барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қажетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу; өз бетімен жұмыс істеу дағдысын нығайта түсу; оқуға, білуге ынтасын, құштарлығын арттыра түсу; баланың эстетикалық және дүниетану құмарлығын арттыру.Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың ең негізгі принципі — оның сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланыста болуы. Оқушының сыныптан тыс оқитын кітаптары сыныпта өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде ұсынылады. Оны мұғалім күнделікті оқу, дүниетану, сурет, ән, еңбек т.б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сұрап, сыныпта оқығандарына байланыстырып отырады … ».
Сөйтіп, сыныпта оқу сабағы жақсы ұйымдастырылса, онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе, балаларды мұғалім осы мәселелер жайында тағы да біле түсуге қызықтыра алса, сыныптан тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді. Оқушыларға қандай кітаптарды оқу керектігі, олардың тізімі беріледі. Мысалы, сыныпта М.Әлімбаевтың «Ұқыпты бала» және «Ұқыпсыз бала» өлеңдері оқылды делік, оның жалғасы ретінде «Ұқыпты оқушы» өлеңін оқытуға болады. Т.Бигелдиновтың «Қаһарлы күндерде» әңгімесін оқығаннан кейін, сөз жоқ, оқушылар Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған, ұшқыш Т.Бигелдиновтың балалық шағы жөнінде білгілері келеді. Ол үшін мұғалім С.Бақбергеновтың «Талғат» атты кітабынан үзінді беруіне болады.
Сыныпта оқушылар жазушының бір шығармасынан үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра оқу сыныптан тыс оқуда іске асырылады. Кейде белгілі ақын-жазушылармен балаларды толығырақ таныстыра түсу мақсатында оның сыныпта оқылғаннан басқа шығармаларымен сыныптан тыс таныстыруға болады. Мысалы, Ы.Алтынсаринның «Әдептілік» әңгімесін оқығаннан кейін, оның «Баланың айласы», «Аурудан аяған күштірек», «Өтіріктің залалы» т.б. әңгімелері сыныптан тыс оқуға беріледі. Қейбір жекелеген шығармаларды сыныптан тыс оқу сабағында да талдауға болады. Онда талданатын шығармалардың тәрбиелік жағы күшті болуы қажет.
Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы және бейім екендіктерін білу үшін мұғалім олардың әрқайсысымен оқыған кітаптары жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін, жазып алғандарын қарап, бүкіл деректермен жеке танысады. Кейде кітапханадағы карточкасын қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты тексерудің нәтижесінде, балалардың қайсысы қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады. Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері ерлік жайлы шығармаларды, ал бірсыпырасы қиял-ғажайып ертегілерін т.б. ұнатады. Осыдан кейін мұғалім балаларды бір жақтылықтан сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға қызықтыру жолдарын іздестіреді.
Балаларға сыныптан тыс оқуға арналған тартымды кітаптарды іріктеп немесе жаңадан шығып жатқан шығармалардың ішінен іріктеп ұсынады, әдемі суреттермен безендірілген кітап жаймаларын, түрлі әдеби ойындар ұйымдастырады т.б.
Сыныптан тыс оқылуға тиісті кітаптардың тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан сайын ұсынылып отырады. Балалардың оқуға ынтасын арттыру мақсатымен мұғалім ұсынып отырған кітаптарының ішінен кейбір оқиғаларды бастап айтып, «одан әрі не болатынын осы кітапты оқып білесіңдер» деп аяқтайды. Кейде кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі кейбір әдемі суреттердікөрсету арқылы да қызықтыруға болады. Ал енді бір жағдайларда шығарманың, кітаптың атын, авторын ғана айтып, оның осылайша неге аталғанын білуді тапсыруға болады.
Бастауыш сынып оқушыларын оқуға қызықтыру үшін 5-6 сынып оқушыларының да көмегі зор. Өздерінің кішкене бауырларына бұрын оқыған кітаптары, әңгіме, ертегілері жөнінде, өздеріне ұнайтын жазушылар жөнінде әңгімелеп айтып берсе, олар сол кітапты өздері де тауып оқиды.
Оқу жылы аяғында балаларға жазғы демалыс кезінде оқитын кітаптарының тізімі беріледі де, оқу жылының басында сол көрсетілген кітаптардың қайсысын оқыған-оқымағандарын тексереді. Олардың оқыған кітаптары туралы жазғандарын, әсерлерін, пікірлерін, кейбір үзінділерді, кейіпкерлердің аттарын, суреттерін т.б. қарайды, оқытады.
Міне, осындай жұмыстардан кейін қосымша оқуға тиісті қітаптардың тізімі беріледі. Мектептерде әдебиеттік оқу сабақтарының өтілу жайы мен сыныптан тыс оқудың мазмұнына сай, бастауыш сынып оқушыларымен мынадай жұмыстар орындауға болады:
1) Көркем шығармаларды (бір шығарманы немесе тақырыбына қарай топталған бірнеше шығарманы), ертегілерді, мақалаларды талдау.
2) Күнделікті баспасөздегі («Балдырған», «Ақ желкен», «Зерде» журналдары мен «Ұлан» газеті, т.б.) мақалаларды оқу.
3) Кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Көркем шығармаларды талдау үшін сюжетті әңгімелер қолайлы.
Оқушылардың өз беттерімен оқитын шығармаларына сұрау берудің қажеті жоқ, олар өз беттерінше қорытынды шығарғандары жөн, яғни әркімнің өз оқығандары жөнінде өз кезқарастары болғаны дұрыс. Кейде оқығандары жөнінде жолдастарынан сұрау, пікір алысу т.с.с. тыйым салынбайды.
Сыныптан тыс оқу сабақтарында кернекі құралдар қолданудың да пайдасы мол. Мұнда да шығармада кездесетін қиын сөздер түсіндіріліп отырғаны жен.
Сыныптан тыс оқуда бір жазушының шығармасын талдауда сол жазушының емірі мен қызметінен толығырақ мағлұмат беруге болады. Мұндай сабақ шамамен былай ұйымдастырылады:
а) мұғалім немесе балалардың бірі жазушы жөнінде қысқаша әңгімелеп береді;
ә) жазушының балаларға таныс кітабы я шығармасынан үзінді оқылады, кейде бір шығармасынан әдеби монтаж, ойын ұйымдастыруға да болады.
Бірінші сабақта сол жазушының өмірбаяны туралы айтылып, оның балалар оқыған шығармасы жайлы қысқаша әңгімеленеді де, басқа бір шығармасы тағы оқуға тапсырылады.
Екінші сабақта оқуға берілген шығарма талқыланады, ал үшінші сабақта қорытындыланады.
Жоғарыда бастауыш сыныптарда балалар ертегі оқуға өте құмар келеді дедік. 2-3 сыныптарда көбіне жануарлар туралы ертегілерді жақсы көреді. Мұндай сабақтарға көрнекі құралдарды балалардың өздеріне жасатуға болады. Бірқатар ертегілер жөнінде шыққан суреттер де бар («Түлкі мен бөдене» т.б.), ал көптеген ертегілер бойынша диафильмдер жасалды.
2-3 сыныптарда оқу үшін ұсынылатын материалдарды мұғалім өзі іріктейді, ал 4-сыныпта балалар өздері іріктеп алады.
Оқушыларды газетпен таныстыру сабағын мына сияқты жүйемен жүргізуге болады:
а) балаларды өздерінің «Ұлан» газетіне қызығатындай етіп, газеттегі басылған мақалалардан үзінді келтіре отырып (балалардың мектептегі, үйдегі іс-әрекеттері мен еңбектері, балалардың өз мектебіне, қаласына, ата-анасына қандай көмек көрсеткендері т.б.), әңгіме ұйымдастыру (балалар газетті оқи ма, ондағы мақалаларды түсіне ме, қандай мақалалар ұнайды т.б.).
ә) газетті кімдер шығаратынын, қай жерде, қай күндері шығатынын, қай кезден бастап шыға бастағанын айту.
б) «Ұлан» атты газетінің кезекті номерінің құрылысымен (макетімен) және мазмұнымен таныстыру. Мұндай сабақтарда қажет жерлері болса, географиялық карта, кітап жаймасы т.б. болғаны жөн.
«Балдырған» журналымен таныстыру сабағында журналдың кітаптан айырмашылығы (ай сайын шығып тұратыны, тақырыптарының алуан түрлілігі) айтылады.
Балаларды ез беттерімен кітап оқуға үйреткен кезде мұғалім оларға кітаптың маңызы, оқу мәдениеті, оқу ережелері т.б. жөнінде үнемі ескертіп отыруы қажет. Сыныптан тыс оқуды есепке алып, тексеріп отыру жөнінде жоғарыда да айтқанбыз. Оған қосымша, оқыған кітаптары жөнінде оқушыларға күнделік жаздырып үйретудің де орасан зор тәрбиелік мәні бар екенін еске сала кетудің артықтығы болмаса керек. Бұл – балаларды ойларын жинақы, өз сөздерімен жаза білуге дағдыландырады, жазу қабілетін жетілдіреді. Күнделікке кітаптың аты, авторы, шыққан жылы, оқығаны қандай мақала екені және ол жөніндегі өзінің пікірі жазылуға тиіс.
2-3 сыныптарда балалар оқыған кітаптарының авторы мен атын, шыққан жылын жазып, өздеріне ұнаған кейбір оқиғаларға сурет салып қояды, ал 4-сыныпта осыларға қосымша, өз пікірін жазып отыруы керек.
2.2. Сыныптан тыс уақытта оқуға арналған әр сыныпқа арналған шығармаларды топтап, кестеге түсіру.
2- сынып
|
3- сынып
|
4- сынып
|
«Жалқау жапалақ» ертегі
«Достық» ертегі
«Өсімдіктер қалай өседі»
«Торғайлар»
«Тәкаппар піл» ертегі
«Жәрдемші»
«Тосын шешім»
«Пайдалы кеңес»
«Қайырымдылық»
«Қимас достар» ертегі
«Жабайы алма»
«Түлкі мен жылқы»
|
Алға жетелеген арман»
«Өсімдіктер қалай өседі»
«Тәкаппар піл» ертегі
«Қос қарлығаш»
«Шана»
«Бұл дүниеде не қымбат?» халық ертегісі
«Көк тудың желбірегені» әңгіме
«Гүлдер таласы» ертегі
«Шөжелерім менің» әңгіме
«Бақта болған оқиға»
|
«Лашын»
«Масыл деген не?» ертегі
«Көк ат пен қызғалдар» ертегі
«Сыпайылықтың салтанаты»
«Ақ барыс»
«Пайдалы кеңес»
«Ең алғашқы автокөлік қандай болған?»
«Мыстан кемпір неге жәбірленді?» ертегі
«Қызыл қораз» әңгіме
«Ұмытшақ» әңгіме
«Қараниет қалай ақниет атанды?»
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |