Тақырыбы: 1986
жылғы Желтоқсан оқиғасы
Мақсаты:
Білімділік:1986 жылғы Алматы оқиғасының себеп-салдары, сипаты, қозғаушы күштері мен маңызы туралы түсініктерін кеңейту, әміршіл-әкімшіл жүйенің іріп-шіріп бара жатқан принциптерімен таныстыру.
Дамытушылық:Тақырыптың себеп
салдары байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білуге және өз ойларын еркін айтып, қорытынды жасай білуге қалыптастыру.
Тәрбиелік:Желтоқсан оқиғасының қазақ халқының шынайы ұлттық санасының оянуы мен тәуелсіздікке қол жеткізудегі тарихи рөлін көрсету.
Желтоқсан
құрбандарын еске ала отырып, халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен сол үшін құрбан болған ағалар ерлігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Өткізу әдісі: Интерактивті тақтамен тірек- сызба арқылы түсіндіру.
Көрнекілік: Тірек-сызба, слайд,
суреттер, өлең шумақтары, бейне көрініс.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Жаңа сабақ
Балалар бүгін қандай ай?
Желтоқсан айы
«Желтоқсан» сөзін естігенде ойларына қандай ұғым келеді?
Қыс айы
Суық
Ызғарлы
1986 жыл
Желтоқсан оқиғасы
Алматы
Бүгінгі сабағымыз 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары туралы болмақ.
Сабақты бастамас бұрын оқушылардан Желтоқсан оқиғалары туралы болмақ. Не білетінін сұрап инсерт әдісін пайдаландым. Соңғы бөлім сабақ соңында толтырылады.
II.Сабақты ақын Оразақын Асқар өлең жолдарымен бастамақпын.
Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын,
Желтоқсанда шықты алаңға жастарым.
Әр
ұрпақтың құрбандары жеткілік,
Дербестікке кім сұрамақ басқа құн.
Үйге оқушыларға ізденіп шығармашылықпен жұмыс істеу тапсырылған болатын.
Жоспары:
Бетбұрыс алдында қалыптасқан жағдайлар
Демократияшыл жастар қозғалысының себептері мен басталуы
Желтоқсан оқиғаларының сипаты
Жаппай жазалау
Желтоқсан оқиғаларының қорытындылары мен тарихи маңызы
Интерактивті тақтаны пайдаланып оқушылар
өздері жасаған тірек- сызба, суреттер арқылы сөйлейд