АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТҮР-ТҮС КОНЦЕПТІСІ
Кез келген ұлт мәдениетіндегі түр-түс әлемі өзіндік ерекшелікке ие. Түр - түстердің символдық мәні бар. Ол символдық мән әр халықта әр түрлі.
Мәдениеттегі түр-түс арқылы халық өзіндік эстетикалық көзқарасын, эмоционалдық қалпын, адамгершілік түсініктерін, ырымдарын, наным сенімдерін білдірген.
Түр-түс – ұлт мәдениетін танытатын бір тұғыр. Түр-түс ата-бабаларымыздың мифтік түсінігімен астасып жатады.
Түр-түстердің өзіндік сипаты, зерттелу тарихы, семантикасы, қолданылуы т.б. мәселелер төңірегіндегі зерттеуді Ә.Қайдар, З.Ахтамбердиева, Б.Өмірбековтердің «Сырға толы түр мен түс», «Түр –түстердің тілдегі көрінісі» еңбектерінен көруге болады. Бұл еңбектерде түр-түстің символдық мәні туралы да пәрменді сөз қозғалған: «Түр-түске байланысты» әр дәрежедегі, әр алуан, әр типтес символдардың пайда болуына о баста себеп болған не?» деген сұраққа: ең алдымен, жеке адамдардың өзін қоршаған табиғи түрлі түстер мен реңктерге көзқарасы, оларды сезінуі мен қабылдауы», - деп жауап береді [4,74б].
Басқа халықтардағыдай қазақ халқы үшін де әлем екі түске – ақ пен қараға бөлінген. Оның бірі ақ түс-күллі игі, жақсы қасиеттер бернесі болса, көп жағдайда қара түс-жамандық біткеннің бедеріне ие: «Ақ» дегені – алғыс, «Қара» дегені – қарғыс»; «Ақ»пен «Қараны» шындық айырар»; «Ақ пейілдің аты арып,тоны тозбайды»; «Ақтың отын ақымақ өшіре алмайды»;
« Ақ сауыттың жағасы бар,жеңі жоқ, Шың жақсының ашуы бар,кегі жоқ»; «Ашамай нарға жарасар,ақ түйе барға жарасар»; «Ақ қар көп болса, ақ нан көп болар»; «Ақ сұңқар ұшар жем үшін,ер жігіт туар ел үшін»; «Ақ сөз ащы болар, ғайбат сөз тәтті болар»; «Аштың көңілі ақ ұнда, тоқтың көңілі сағымда»; «Ағын су арнасын табады,ақ адам орнын табады»; «Ақ бидайдың қадірін ашыққанда білерсің,ағарғанның қадірін қыс шыққанда білерсің»; «Ананың алды-ақ жаулық».
Абай Құнанбаев өлеңдеріндегі түр-түс символикасы өзіндік ерекшелікке, символдық мәнге ие. Яғни, «мәдениеттегі түр-түс» арқылы халық өзіндік эстетикалық көзқарасын, эмоциялық қалпын, адамгершілік түсініктерін білдірген. Мысалы,Абай Құнанбаевта ақ түс символдық мағынасында келіп, халықтың ұлттық танымдық жолын білдіреді.
Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы? ( 29 бет. Интернатта оқып жүр)
Бұл жерде ақ пен қара қарама-қарсы алынып,яғни істің дұрысы, адалдығы ақ, ал істің бұрыстығы қара деп алынған. Іс-әрекет дерексіз, деректі зат сияқты алынған, түсі де анықталған. Халық танымындағы «ақ» түсінің адалдық, пәктік, тазалық мағынасына сүйенген. «Қара» түсі де халық таныма сай мағынасында, яғни «ақ» түске антоним ретінде жұмсалған.
Абайда:
Аққа тартқан,
Жөнге қайтқан,
Ақыл айтар пенде жоқ. (129 бет. Бойы бұлғаң, сөзі жылмаң)
Өлеңде ақ түсі халықтың ақ – пәктік пен ақтықтың нышаны, қуаныш пен жақсылықтың белгісі, махаббат, үміт, қайырымдылық деген ізгі сезімдердің символы ретінде алынатын мағынасында жұмсалған. Қазақ халқының жанына жақын, көңіліне қалаулы түс – ақ түс. Себебі, Өйткені бұл – қазақтың ең қасиетті тағамы – сүттің түсі. Жалпы халқымыз киелі нәрселер мен қасиетті заттарды ақ атауымен атап, оларды аққа балаған. Сондықтан да сүттің түсі қазақтың ұлттық танымында көптеген жағымды ұғымдардың нышанына айналған. Мәселен, дүние тұтқасы, барлық тіршіліктің бесігі, адамзат өмірін өрбітуші ананы ақ ана дейді, оның махаббат-мейірімімен, іңкәрлік сезімімен қайнар бұлақтай құйылған тіршілік нәрін-ақ сүт атаған.Сондықтан қазақ үшін ең жоғары адамгершілік парыз – ананың ақ сүтін ақтау. Халық «аққа Құдай жақ» деп бекер айтпаған. Мысалы, Абайда:
Достарыңызбен бөлісу: |