Тақырыбы: Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы. Мақсаты



бет2/13
Дата07.01.2022
өлшемі83,67 Kb.
#20227
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
қмж

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Үй тапсырмасы:

1. Географиялық қабық қандай компоненттерден тұрады? Олардың өзара қандай байланысы бар екенін өз жерлерінің табиғаты мысалында сипаттаңдар.

2. Табиғаттағы зоналылық дегеніміз не? Сендер тұратын жерлерде қандай табиғат зонасы бар?


Оқушылар үй тапсырмасына жауап береді.

ІІІ

Бұл бөлімге оқушылардың көңілін аудару үшін мұғалім олардың материктің табиғаты жөнінде не білетінін сұрайды.

Одан кейін мұғалім қай материк Африкадан үлкен, ал қай материк кіші деген сұрақтарды қояды.

Мұғалім материктің шеткі нүктелерін оқушыларға анықтатады:

Африка жан-жағынан бірнеше мұхиттар мен олардың теңіздерімен шайылып жатыр. Тек қана солт-шығысында жіңішке мойнақ арқылы Азиямен жалғасқан. Бұл қандай мойнақ деп сұрайды. Мойнақ арқылы ұзындығы 161 км канал қазылған. Суэц каналының іске қосылуы дүние бөліктерінің өзара байланысын жақсартып, Атлант және Үнді мұхиты арасындағы су жолын қысқартты. Мысалы, канал салынбай тұрған уақытта Үндістанға бару үшін Африканы айналып өту керек болса, канал салынған соң, Еуропадан Үндістанға бару үшін жол 6000-8000 км-ге, сол сияқты Аустралияға баратын жол 10000 км-ге қысқарды. Суэц каналы 19ғ ортасынан басталып, 10 жыл бойы салынған. Канал Египет Араб Республикасына қарайды.

Теңіздер мен мұхиттарға сипаттама бергенде Қызыл теңіздің, Атлант және Үнді мұхиттарының жағаға таяу бөліктерінің географиялық орнын, ұзындығын, енін суреттеу үшін картамен жұмыс жасайды.

Сосын мұғалім Солтүстік Африканың ежелгі мемлекеттері, материктің табиғат байлықтары туралы нені білетінін айқындап алады. Сонымен бірге мұғалім Африканың Еуропадан онша алыс еместігіне қарамастан, еуропалықтардың оған бара алмағандығының себебін түсіндіреді. Оның ішкі аймақтарына апарар жолды солтүстікте Сахара шөлі, ал батысы мен шығысында материкке енуге қиындық келтіретін тік жағалар бөгеп жатты және еуропалықтарды Африканы зерттеуге құлшындырған себептерді көрсетеді, оқушыларға ең алдымен алғашқы саяхатшылар мен зерттеушілердің қандай жағдайда жұмыс істегенін баяндайды, отарлаушы елдердің басқыншылық саясат жүргізгеніне және африкалықтарды 400 жыл бойы аяусыз қырғынға ұшыратқанына ерекше көңіл бөледі.

Еуропалықтарға материк туралы ұғым 15ғ аяғында ғана белгілі бола бастады. Португалдықтардың ашқан жерлерін сипаттағаннан кейін мұғалім адамзат тарихындағы масқара оқиға – құл саудасы туралы айтып береді. Африканың байырғы халқының қариялар мен ауру адамдар өлтіріліп, еркектер, әйелдер мен балалар аяусыз құлдыққа салынған. Бұдан кейін мұғалім Д.Ливингстон, В.В.Юнкер, Н. И. Вавиловтың зерттеулері жөнінде айтып береді.


Оқушылар Африка жайлы радиодан естіді, теледидар хабарлдарын көрді, көп оқыды. Өзіндік ерекшелігі бар мол Африка жайында көптеген қызықты кітаптар жазылғанын айтады.

Оқушылар мұғалімнің тапсыруы бойынша экватордың нөлдік меридианның, тропиктің қай арадан өтетінін, параллельдер мен меридиандардың неше градус аралықта жүргізілгенін, карта масштабы қандай екендігін анықтайды. Оқушылар «материктің географиялық орны» ұғымын кеңейтеді, материктің ендік пен бойлықтағы орнының оның табиғат жағдайының қалыптасуына қандай маңызы болатынын анықтайды.

Сосын материктің шеткі нүктелерін және олардың координаталарын анықтайды.

Солт.-те Эль-Абьяд мүйісі – 370 с.е 100 ш.б.

Оңт.-те Игольный мүйісі– 350 о.е 200 ш.б.

Батыста Альмади мүйісі – 150 с.е 180 б.б.

Шығыста Хафун мүйісі – 100 с.е 510 ш.б.

Кескін картаға материк жағалауындағы жылы және суық ағыстардың бағыттарын белгілеп, олардың пайда болуын түсіндіреді. Ағыстардың материк табиғатына тигізетін әсерлеріне нақты мысал келтіреді.

Балалар Солтүстік Африканың ежелгі мемлекеттері, материктің табиғат байлықтары туралы білгендерін айтып береді.

Оқушылар олардың саяхат маршруттарын картадан қадағалап отырады.




ІV

Сабақ соңында өтілген материалды бекіту мақсатында мынадай жұмыстарды береді:

  • Кескін картаға Африка материгі жағалауларын шайып жатқан мұхиттарды, теңіздерді, түбектерді, аралдарды тауып және материктің шеткі нүктелерінбелгілеңдер.

Сабақ барысында оқушылар өз беттерінше орындаған жұмыстарын кескін картаға Африка материгі жағалауларын шайып жатқан мұхиттарды, теңіздерді, түбектерді, аралдарды тауып және материктің шеткі нүктелерін белгілейді.

V

Үй жұмысы:

1. §44, оқып, мазмұнын айту.

2. Тапсырмаларды аяқтау.


Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.



Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: Турмагамбетова С.Э

Сынып: 7 Күні:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет