Тақырыбы: Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы. Мақсаты


Тақырыбы: Жер бедері және пайдалы қазбалары Мақсаты



бет3/13
Дата07.01.2022
өлшемі83,67 Kb.
#20227
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
қмж

Тақырыбы: Жер бедері және пайдалы қазбалары

Мақсаты – Оқушыларға материктің жер бедері құрылысының ерекшелігін және пайдалы қазбаларының орналасуы жайлы білім беружәне ерекшеліктерді көрсету.

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға материктің жер бедері құрылысының ерекшелігін және пайдалы қазбаларының орналасуы жайлы білім алады және ерекшеліктерді көрсетеді.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Африканың физикалық картасы,

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау:

Ең алдымен мұғалім балалардың кескін карталарын тексеріп, Африка материгін картадан сұрайды.

Мұғалім материктің шеткі нүктелерін оқушыларға анықтатады.


Оқушылар өздерінің кескін карталарын көрсетіп, Африка материгін картадан көрсетеді.

Африка жан-жағынан бірнеше мұхиттар мен олардың теңіздерімен шайылып жатыр. Тек қана солт-шығысында жіңішке мойнақ арқылы Азиямен жалғасқан. Бұл қандай мойнақ деп сұрайды. Мойнақ арқылы ұзындығы 161 км канал қазылған. Суэц каналының іске қосылуы дүние бөліктерінің өзара байланысын жақсартып, Атлант және Үнді мұхиты арасындағы су жолын қысқартты. Мысалы, канал салынбай тұрған уақытта Үндістанға бару үшін Африканы айналып өту керек болса, канал салынған соң, Еуропадан Үндістанға бару үшін жол 6000-8000 км-ге, сол сияқты Аустралияға баратын жол 10000 км-ге қысқарды. Суэц каналы 19ғ ортасынан басталып, 10 жыл бойы салынған. Канал Египет Араб Республикасына қарайды.

Теңіздер мен мұхиттарға сипаттама бергенде Қызыл теңіздің, Атлант және Үнді мұхиттарының жағаға таяу бөліктерінің географиялық орнын, ұзындығын, енін суреттеу үшін картамен жұмыс жасайды.


ІІІ

Сосын мұғалім Солтүстік Африканың ежелгі мемлекеттері, материктің табиғат байлықтары туралы нені білетінін айқындап алады.

Бұдан кейін мұғалім Д.Ливингстон, В.В.Юнкер, Н. И. Вавиловтың зерттеулері жөнінде айтып береді. Материктің табиғат байлықтарын пайдалы қазбаларын, жер асты суларын зерттеуде кеңестік мамандар көп еңбек сіңірді.

Мұғалім Африка жер бедерін анықтау алдында оқушылармен бірге Африканың физикалық картасының қай топқа жататынын, онда табиғаттың қандай компонеттері бейнеленгенін сұрайды. Африканың жер бедерін оқып үйрену карта бойынша жүзеге асырады. Бұл үшін оқулық соңындағы жоспарды пайдаланады.


Балалар Солтүстік Африканың ежелгі мемлекеттері, материктің табиғат байлықтары туралы білгендерін айтып береді.


Одан кейін оқушылар жер қыртысының түрлері және жер шары бедерінің ірі элементтерінің орналасу заңдылықтары туралы білімдерін еске түсіру үшін оқулықтағы мәтіннің алдында тұрған сұрақтар бойынша әңгімелер өткізіледі. Африканың жер бедерін оқып үйренгенде карта бойынша және оқулық соңындағы жоспар бойынша жүзеге асырады.

ІV

Сабақ соңында өтілген материалды бекіту мақсатында мынадай жұмыстарды береді:

1. Африка материгінің жер бедеріне жоспар бойынша сипаттама беру.

2. Кескін картаға Кап, Атлас тауларының жату бағыттарын және салыстырмалы жасын анықтап, таулардың, таулы қыраттар мен жазықтардың аттарын және шартты белгілер арқылы пайдалы қазбалардың орындарын белгілеңдер.


Сабақ барысында оқушылар өз беттерінше орындаған жұмыстарын, яғни Африка материгінің жер бедеріне жоспар бойынша сипаттама береді және кескін картаға Кап, Атлас тауларының жату бағыттарын және салыстырмалы жасын анықтап, таулардың, таулы қыраттар мен жазықтардың аттарын және шартты белгілер арқылы пайдалы қазбалардың орындарын белгілейді.

V

Үй жұмысы:

1. §45 оқып, мазмұнын айту.

2. Тапсырмаларды аяқтау.


Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.



Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: Турмагамбетова С.Э

Сынып: 7 Күні:






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет