Тақырыбы: Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы. Мақсаты


Тақырыбы: Климаты Білімділік мақсаты



бет4/13
Дата07.01.2022
өлшемі83,67 Kb.
#20227
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
қмж

Тақырыбы: Климаты

Білімділік мақсаты – Африка материгінің климат ерекшелігін айту, климат қалыптастырушы факторлардың маңыздылығы туралы білім беру, жеке аймақтарда климатты сипаттап қорытынды жасау.

Күтілетін нәтиже: Африка материгінің климат ерекшелігін айтады, климат қалыптастырушы факторлардың маңыздылығы туралы білім алады, жеке аймақтарда климатты сипаттайды

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Африканың физикалық картасы,

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатып, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексеріп, сосын орындаған тапсырмаларды тексереді. Қателіктерін айтады.

Одан кейін балаларға келесі сұрақтарды қояды: 1. Африканың жер бедерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?

2. Африкада қандай пайдалы қазбалар бар?

3. Африканың шайып жатқан мұхиттары қандай?



Мұғалімге өз дәптерлерін тексеруге береді. Сосын Африканың таулар мен жазықтарын көрсетіп, тауларды жату бағыттарын анықтайды. Одан кейін сұрақтарға жауап береді:

1. Материкте 200-1000м болатын үстірттер басым, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай көтеріңкі болып келеді, т.б.

2. Мыс, мырыш, қалайы, уран, алтын, алмас, тұз, боксит, марганец, темір, көмір, т.б.

3. Атлант пен Үнді мұхиты.



ІІІ

Ең алдымен мұғалім Африка қандай ендіктер арасында орналасқан? Географиялық орнына қарай Африканың қандай қысым белдеулері кесіп өтеді? деген сұрақтарды қояды.

Африка материгінің климат ерекшелігін айту, климат қалыптастырушы факторлардың маңыздылығы туралы білім беру, жеке аймақтарда климатты сипаттап қорытынды жасау.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мұғалімді тыңдайды, білген білімдерін еске түсіреді.

Тақырыптық карта көмегімен Африканы кесіп өтетін климаттық белдеулерді атап, оларды картадан көрсетеді.

Африка материгінің климат ерекшелігін айтады, климат қалыптастырушы факторлардың маңыздылығы туралы білім алады, жеке аймақтарда климатты сипаттайды


ІV

Материалды бекіту кезеңінде оқушылар оқыған тақырыптары бойынша бір-біріне сұрақтарды қояды.

Сосын мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді: Оқулықтағы қалалардың климаттық диаграммалардың біреуіне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама беріңдер.



Білімдерін бекіту үшін оқушылар оқыған тақырыптары бойынша бір-біріне сұрақтарды қояды. Бір-бірін тыңдап білімдерін бекітеді. Оқулықтағы қалалардың климаттық диаграммалардың біреуіне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама береді.

V

Үй жұмысы:

1. §46 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға климаттық белдеулерді түсіру


Оқушылар үй жұмысын жазып алады. Түсінбеген жерлері бар болса, сұрайды.




Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: Турмагамбетова С.Э


Сыныбы 7

Күні: 09.01.16ж пәні: География

Тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет