Гипоталамус гормондарының арасында гипофиз қызметіне тежеуші әсер ететін гормондар да бөлінген. Оларды статиндер деп атайды, мысалы, соматостатин, пролактостатин, меланоцитостатин және т.б
Гипоталамус гормондарының арасында гипофиз қызметіне тежеуші әсер ететін гормондар да бөлінген. Оларды статиндер деп атайды, мысалы, соматостатин, пролактостатин, меланоцитостатин және т.б..
Аденогипофиз паренхимасымен гипоталамустың орташа төмпешігіндегі кең тарқатылған капиллярлық торлар арқылы байланысатын қанайналымының порталдық жүйесі бойынша либериндер гипофиздің алдыңғы бөлігіне түседі және гипофиздің троптық гормондарының түзілуін күшейтіп қанға бөлінуін дамытады.
Гипофиздің троптық гормондарының әсерінен шеткері эндокриндік мүшелердің секреттеуші белсенділігі жоғарлайды. Олардың әсерінен болатын нысана-жасушадағы метаболиттік концентрацияның өзгеруі – кері байланыс принципі бойынша гипоталамусқа әсер етіп гормондардың синтезін тежеуге арналған механизмді іске қосады. Сондықтан, троптық гормондардың синтезі және секрециясы шеткейі бездер гормондары арқылы тежеледі.

Берілген кесте эндокриндік жүйе – гипоталамус пен гипофиздің, босатушы гормондары арасындағы өздері басқаратын үдерістің схемасы.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің (аденогипофиздің) гормондары
Аденогипофизде келесі гормондар түзіледі: аденокортикотропты гормон (АКТГ) немесе кортикотропин; тиретропты гормон (ТТГ) немесе тиреотропин, гонадотропты гормондар: фолликулстимулдеуші гормон (ФСГ) немесе фоллитропин және лютеиндеуші гормон (ЛГ) немесе лютропин, соматропты гормон (СТГ) немесе өсу гормоны, немесе соматотропин, пролактин. Бастапқы 4 гормон ішке секреттеуші шеткейі бездер қызметін реттейді.
Соматотропин мен пролактин нысана-ұлпаға өздері әсер етеді.