Тақырыбы: Ағза қызметтерін реттеудегі гипоталамды- гипофизарлы бүйрек үсті жүйесінің ролі


Адренокортикотропты гормон (АКТГ) немесе кортикотропин



бет6/9
Дата21.10.2023
өлшемі360,32 Kb.
#120508
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Адренокортикотропты гормон (АКТГ) немесе кортикотропин

Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатына стимулдеуші әсер етеді. Оның әсері бүйректің шоғырлы бөлігіне басым түрде болады. Бұл глюкокортикоидтардың түзілуін жоғарлатады, ал аз әсері шумақтық және торлы аймаққа болады, сондықтан минералокортикоидтар мен жыныс гормондары өндірілуіне аса әсер етпейді.

Тиреотропты гормон (ТТГ) немесе тиреотропин

Қалқанша безі қызметін белсендіреді, оның без ұлпасы гиперплазиясын дамытады, тироксин мен трийодтиронин өңдірілуін реттейді. Тиреотропин түзілуін гипоталамустың тиреолиберині стимулдейді, ал тежелуі соматостатинмен атқарылады. Тиреолиберин мен тиреотропиннің секрециясы қалқанша безінің йодқұрамды гормондары арқылы кері байланыс механизмі бойынша реттеледі. Тиротропин секрециясы ағзаның тоңуы кезінде де күшейеді, бұл қалқанша безі гормондары өндірілуін жоғарлатады және қызудың жоғарлауына әкеледі. Глюкокортикоидтар тиреотропин өндірілуін тежейді. Тиреотропин секрециясы жарақат алған кезде, ауырсынуда, наркоз кездерінде басылады.

Фолликул стимулдеуші гормон (ФРГ) немесе фоллитропин

Фолликуллардан жұмыртқаның дамуы мен жетілуін стимулдейді және оларды овуляцияға дайындайды. Ерлерде ФСН әсерінен сперматозоидтар (шәует) түзіледі.

Лютеиндеуші гормондар (ЛГ) немесе лютропин

Жетілген фолликулла қабықшалары жарылуын немесе овуляцияны және сары денешік түзілуін қабілеттендіреді. ЛГ әйелдердің жыныс гормоны – эстрогендердің түзілуін стимулдейді. Ерлерде бұл гормон ерлердің жыныс гормондары - андрогендердің түзілуін қамтамасыз етеді.

Соматотропты гормон (СТГ) немесе соматотропин

  • Өсу гормоны - өсу үдерісін реттеуге және физикалық (дене бітімі) дамуына қатысады.
  • Өсу үдерісінің стимуляциясы ағзадағы протеиндер түзілуін күшейту, РНҚ синтезін жоғарлату, аминоқышқылдардың қаннан жасушаға тасымалдануын күшейту қабілеті арқылы атқарылады. Гормонның әсері негізінен сүйек пен шеміршек ұлпаларына айқын байқалады. Соматопротеиннің әсері «соматомединдер» арқылы өтеді. Ол бауырда соматотропин әсерінен түзіледі. Пигмей тайпаларында, соматотропиннің қалыпты мөлшері соматомедин С түзілмейді. Бұл зерттеушілердің пікірі бойынша олардың бойының қысқа болуының себебі.
  • Соматотропин көмірсу алмасуына инсулин тәрізді әсер етеді. Гормон май депосынан майлардың мобилизациясын күшейтеді және оның энергия алмасуында пайдаландырады.
  • Соматотропин өндірілуі гипоталамустың соматолиберині мен соматостатині арқылы реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет