Тақырыбы: Ағза қызметтерін реттеудегі гипоталамды- гипофизарлы бүйрек үсті жүйесінің ролі


Гипофиздің артқы бөлігінің гормондар



бет7/9
Дата21.10.2023
өлшемі360,32 Kb.
#120508
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Гипофиздің артқы бөлігінің гормондар

Бұл гормондар гипоталамуста түзіледі. Нейрогипофизде жинақталады. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядросының жасушаларында окситоцин мен вазопрессинннің (антидиуретттік гормон) синтезі атқарылады. Синтезделген горомндар тасымалдаушы протеин – нейрофизин арқылы аксондық тасымалдану жолымен, гипоталамо-гипофизарлық трактімен, гипофиздің артқы бөлігіне тасымалданады. Гормондар осы бөлікте деполанады және ары қарай қанға өтеді.

Антидиуреттік гормон (АДГ), немесе вазопрессин

  • Ағзада антидиуреттік әрекетті, ол нефронның дистальді бөлімінде су реабсорбциясы стимулденуінде байқалады, іске асырады.
  • Бұл V-2 типтегі вазопрессиндік рецепторға гормонның әсерлесуі арқылы атқарылады. Бұл каналшалар қабырғасы мен су жинақтаушы түтікшелер өткізгішітігінің жоғарлауына, оның реабсорбциясына және несептің концентрациялануына әкеледі. Сонымен бірге, каналшалар жасушаларында гиалуронидазаның активтенуі өтеді. Бұл гиалурон қышқылының деполимеризациясы күшеюіне әкеледі. Нәтижесінде судың реабсорбциясы жоғарлайды, айналыстағы сұйық көлемі жоғарлайды.

Окситоцин

Жатырдың жазық бұлшықетіне таңдаулы әсер етеді, босану кезінде оның жиырылуын дамытады. Жасушаның беткейлік мембранасында арнайы окситоциндік рецепторлар болады. Жүктілік кезінде окситоцин жатырдың жиырылушылық белсендігін жүргізбейді, бірақ босану алдында эстрогендердің жоғары концентрациясы кезінде жатырдың окситоцинге сезімталдығы кенет жоғарлайды. Окситоцин лактация (сүт түзілуі) үдерісіне де қатысады. Ол сүт бездерінде миоэпителий жасушалары жиырылуын күшейтіп сүттің бөлінуін қабілеттендіреді. Окситоцин секрециясының жоғарлауы жатыр мойны рецепторларының импульстері әсерінен және емізу кезінде сүт бездері үрпілерінің механорецепторларының импульстерінен өтеді. Эстрогендер окситоцин секрециясын күшейтеді. Ерлер ағзасындағы окситоциннің әсері толық зерттелмеген. Әйелдерде окситоцин өндірілуінің жетіспеушілігі жүктілік әрекеттің әлсізденуін дамытады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет