Тақырыбы: Ахмет – ұлт ұстазы Мақсаты



бет1/5
Дата15.12.2023
өлшемі41,02 Kb.
#138206
түріПрезентация
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ахмет -ұлт ұстазы


Тақырыбы: Ахмет – ұлт ұстазы
Мақсаты:1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми
еңбектері туралы мағлұмат беру.
2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның
көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу
3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту
Ресурстар: Ахмет Байтұрсынұлының портреті, кітап көрмесі, ақынның қанатты сөздері, презентация.
Ұлт ҰстазыЖүргізуші:Құрметті ұстаздармен оқушылар!Бүгінгі Ұлт Ұстазы атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналады.Алдымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.
1.Өмір жолы
2.Ахмет-Ағартушы
3.Ахмет- Ақын
4.Ахмет- Аудармашы
5.Ахмет - Алаш Арысы
1.Айгерім: Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Арғын тайпасының Шақшақ руынан шыққан. Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
2.Шұғыла:Атасы Шошақ оның немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет