Тақырыбы: Акселерация мен ретардация, организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі. Орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің құрылысы мен қызметі. Невроздар. Олардың пайда болу себептері және алдын алу ббб акт 3-жылдық



бет3/7
Дата27.11.2023
өлшемі44,08 Kb.
#128598
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Химетова Дильнура Акселерация

Жіңішке шоғыр талшықтары арқылы дененің артқы бөліктері мен
аяқтардан, ал сына тәрізді шоғыр арқылы- дененің алдыңғы бөліктері
мен қолдардан (алдыңғы аяқтардан) келетін импульстер өткізіледі
Аталған шоғырлар талшықтары жұлынды бойлай өз жақтауымен сопақша мидағы Голл және Бурдах ядроларында аяақталады. Осы жерде
олар екінші нейронмен синапс түзеді. Ал, екінші нейрон аксондары
осы сопақша ми деңгейінде айқасып қарсы бетке өтеді де, таламустың арнаулы ядроларында аяқталады. Осы жердегі үшінші нейрон
өсінділері үлкен ми жарты шарлары қыртысының IV-қабатының
нейрондарында аяқталады. Жалпы бұл жол арқылы тітіркендіргіштердің әсер еткен аумаған, олардың мерзімдік сипатын ажыратуға мүмкіндік беретін айқын сигналдар өткізеді.
Латеральдық жұлын-таламус жолы ауырсыну және температуралық әсерлерді, ал вентральдық жұлын-таламус жолы – тактильдік (жанасу) әсерді өткізеді. Кейбір деректерге қарағанда бұл жолмен проприо- және висцерорецепторларда туындаған импульстер де өткізіледі. Қозу толқынының өту жылдамдығы 1-30 м/с құрайды. Бұл жолдың бастапқы талшықтары не өздері енген сегментте аяқталады, не айқасып, қарсы бетке өтіп, не өздері жұлынға енген жағымен бірнеше сегментті бойлай өрлеп, қарсы беттегі нейрондармен жалғасады. Бұл нейрондардан басталған аксондар көру төмпегінде (таламуста) аяқталады. Таламус нейрондарының аксондары үлкен ми жарты шарлары қыртысыңда аяқталады. Жұлын-таламус жолы арқылы тітіркендіргіштердің сапалық сипаты жайлы ақпарат алынады.
Дорсальдық жұлын-мишық жолын немесе Флексиг шоғырын, жұлынның дорсальдық мүйізінде орналасқан нейрондар аксоны құрайды. Бұл жол талшықтары айқаспай өз беткейімен мишыққа барады, қозу импульсін 110 м/с жылдамдықпен өткізеді. Бұл жолмен аяқ – қол еттері мен буын байламдары рецепторларынан тарайтын импульстер өткізіледі.
Вентральдық жұлын-мишық жолы, немесе Говерс шоғыры, жұлынның дорсальдық мүйізіндегі нейрондар аксондарынан құралып, импульстерді 120 м/с жылдамдықпен мишықтың дененің қарсы беткейіндегі жартысына жеткізеді. Бұл жол сіңірден, тері мен ішкі рецепторлардан тараған импульстерді өткізеді, дене қимылдарын қамтамасыз етіп, дене кейпін бақылауға мүмкіндік береді.
Ми жарты шарлары мидың ең жоғары және филогенездік тұрғыда ең жас бөлімі. Сыртынан ол жалпы қалыңдығы 1,5-4,5 мм шамасын құрайтын сұр затпен қапталады. Оны үлкен ми қыртысы деп атайды. Ми қыртысы мидың ең күрделі құрылымы, ол түрлі сенсорлық тітіркеністерді қабылдап, өңдеп, әрекеттерді қалыптастыратын сигналдарды тудырады, организмнің күрделі мінез-қылығын үйлестіріп, бағыттап отырады.
Морфологиялық тұрғыдан ми қыртысы орасан көп (12-18 млрд.) нейрондардан, олардың өсінділері мен синапстардан, нейроглия торшаларынан құралған. Ми қыртысын құрайтын нейрондар пішімі мен қызметіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олардың бірін пирамидалық торшалар құрайды. Олар ми қыртысы беткейінде вертикаль (тігінен) орналасады және үшбұрыш пішіндес келеді. Бұл торшалардан жоғары қарай Т-тәрізді тармақталған дендрит, ал төменгі табанынан аксон басталады да, ол ми қыртысының басқа аймақтарына бағыталатын, немесе қыртыстан басталатын, төмендеу жолына қосылады.
Қыртыс нейрондарының келесі тобын майда жұлдызша торшалар құрайды. Олардың өсінділерінен қыртыстық байланыстар түзеледі.
Нейрондардың үшінші тобын шүйкелі (ұршық тәрізді) торшалар түзеді. Олардың аксондары горизонтальды не тік бағытта жайылады. Аталған нейрондар топтарының денесі мен өсінділері белгілі ретпен орналасады да, ми қыртысын алты горизонтальды қабатқа бөледі. Олар сыртқы молекулалық қабат, сыртқы дәнді қабат, сыртқы пирамидалық торшалар қабаты, ішкі дәнді, ішкі пирамидалық торшалар қабаты және әртекті (полиморфты), немесе шүйкелі, торшалар.
Анатомиялық тұрғыдан ми қыртысы төрт бөлікке – маңдай, төбе, шүйде және самай, бөлінеді. Бұл бөліктердің әрқайсысы сезімтал, (проекциялық) және жалғастырушы аймақтарға бөлінеді. Ми қыртысының арнаулы афференттік жолдар тірелетін жерлерін сезімтал (проекциялық, сенсорлық) аймақ дейдіОларға соматосенсорлық (төбе бөлігінде), көру (шүйде бөлігінде), есту (самай бөлігінде) дәм сезу (төбе бөлігінде) аймақтары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет