Жүргізуші: Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және аудармашы. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятады.
Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,
Сап- сары аяқтары ұзын маса,
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Өлеңдері оқылады (8-с қыздары: Ақерке,Назерке, Нұрай, Мадина)
9-сынып қыздарының орындауында «Қазақ биін» қарсалыңыздар!
Жүргізуші: Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.
...Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді... «Бес арыс» Айқын 5-сыныптың әншілері Мамырхан Абзал мен Сайдуллай Айқынның орындауында «Бұл біздің жер» әнін қарсалыңыздар! Жүргізуші Қарқаралыда мұғалiм болып жүргенде патша үкiметiнiң әдiлетсiздiгiне қарсы наразылық бiлдiрушiлердiң қатарында болғаны үшiн, 1909 жылы Семей түрмесiне қамауға алынады. Кейiн қазақ жерiнен тысқары жерде тұруға үкiм шығарып, 1910 жылдың наурызынан 1917 жылдың соңына дейiн Орынбор қаласында тұрады. Семей түрмесiнде жатқанда анасына арнап «Анама хат» атты өлең жазды.
Анама хат Қарағым, айналайын, қамқор анам
Арнап хат жазайын деп алдым қалам.
Сенi онда, менi мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай едi хақ тағалам
Бара алмай, өтiрiкшi болып әбден,
Семейдiң түрмесiнде отыр балаң.
Мал ұрлап, кiсi өлтiрген айыбы жоқ,
Өкiмет- өр зорлыққа не бар шараң
«Үмiтсiз шайтан болсын» деген сөз бар,
Жолдар көп жәннетке де тарам-тарам.
Оқ тиiп он ішiмде ой түсiрiп,
Бiтпеген жүрегiмде бар бiр жарам.