Тақырыбы: «Алаштың – жарық жұлдызы»


Мектебіміздің биші қыздарының орындауында «Қазақ биін» қарсалыңызда!



бет3/4
Дата12.02.2023
өлшемі78,85 Kb.
#67295
1   2   3   4
Байланысты:
А.БАЙТҰРСЫНОВ СЦЕНАРИ

Мектебіміздің биші қыздарының орындауында «Қазақ биін» қарсалыңызда!
(6,7сынып қыздары)


Ахмет тек өзi ғана жазып қоймай, аудармашылықпен де айналысқан. Ол «Қырық мысал» 1909 жылы Петербург қаласында бастырады. Орыстың классик мысалшысы И.А. Крылов мысалдарының бiр тобын аударған. Крыловтан аудармалары өз елiне тән, жақын екенiн сезiп отырып таңдаған. Бұл тұңғыш аударма едi. Ол «Замандастарыма» деген кiрiспесiнде
 «Орыстың тәржiме еттiм мысалдарын,
Әзiрге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа- сабыр,
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым»- дейдi.
«Қасқыр мен қозы»  мысалынан көрініс. 5сынып оқушылары Нұрлыбай Нұрым, Мамырхан Абзал. Автор сөзін оқушы 9сынып оқушысы Жанат Әмина.


9сыныптың әншә қыздары Батғолда Айым мен Мұхамер Сезімнің орындауында «Қазақстан»әнін қабыл алыңыздар! 


Жүргізуші
1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.
Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,
Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…-
деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді
АХМЕТ АҒАҒА АРНАУЛАР ОҚЫЛАДЫ. 6-сынып оқушылары


7-сынып оқушысы Мұхамер Іңкардың орындауында «Тәуелсіз қазақ қызымын»әнімен қарсалыңыздар!


Жүргізуші: 
-Ахмет Байтұрсынұлының -еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахмет Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахмет атаны өзінің басшысы деп санайды. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.
Сезім:
-Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.
ҚҰРМЕТТІ қонақтар Ахмет атамыз арман еткен тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, көк туымыз көкте самғасын, Қазақстан мәңгі жасасын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет