1. Түсі – эритроциттер ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар түзуіне байланысты.
2. Дәмі – тұзды, құрамында NaCl көп болуына байланысты.
3. Иісі – құрамында тез буланатын май қышқылдарына байланысты.
4. Қанның меншікті салмағы – 1,050-1,064
плазманың меншікті салмағы – 1,024-1,032 формалық элементтердің
меншікті салмағы – 1,089-1,098
Қанның меншікті салмағы негізінен қан құрамындағы эритроциттердің аз-көптігіне байланысты (физиологиялық және патологиялық)
5. Қанның тұтқырлығы – 4-5 (қан жасушалары мен плазмадағы ірі молекулалық заттардың деңгейіне байланысты).
Осмостық қысымы – 290-310 мосм/л
Қанның құрамындағы тұздар (электролиттер) мөлшеріне байланысты туындайтын қысымды осмостық қысымы дейді. Қанның осмостық қысымы негізінен NaCl иондарына байланысты.
Онкотикалық қысымы – 3,0-4,0 мосм/л
Қанның құрамындағы белок молекулары тудыратын қысымды онкотикалық қысымы дейді. Қанның онкотикалық қысымы аз, бірақ оның қан мен тін арасындағы су алмасу үрдістерін реттеуде маңызы зор.
Қан құрамындағы сутегі (Н+) мен гидроксил (ОН-) иондарының ара-қатынасына байланысты. Өте тұрақты көрсеткіштердің бірі, 0,1-0,2 мөлшерге өзгерсе қауіпті.
Түсі.
Қанның буферлік жүйелері
Қанның буферлік жүйелері - қышқыл-сілтілі тепе-теңдігін қамтамасыз ететін, эритроциттер мен қан плазмасында болатын арнайы күрделі әрекеттік жүйелер.