Тақырыбы: Қан жүйесі. Гомеостаз. Қанның ұюы. Қан топтары


Лейкоциттердің қызметтері



бет5/7
Дата25.08.2022
өлшемі1,46 Mb.
#38247
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қан

Лейкоциттердің қызметтері

  • 1. Фагоциттік.
  • 2. Антитоксиндік қызмет. Эозинофильдер табиғаты белоктық токсиндерді, антиген-антидене кешенін залалсыздандырып, бұзады, аллергия кезінде көбейіп кететін гистаминді бұзатын гистаминаза ферментін жасап шығарады (аллергиялық реакциялар).
  • 3. Биологиялық белсенді заттар түзеді. Базофильдер капиллярлар саңылауын кеңейтетін гистамин және табиғи антикоагулянт - гепаринді жасап шығарады.
  • 4. Лейкоциттер белок алмасу өнімдері мен қоректік заттарды адсорбциялап, тасымалдай алады.
  • 5. Лимфоциттер иммундық жүйенің орталық звеносы болып табылады.
  • Т-лимфоциттер жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді. Олардың түрлері: Т-хелпер, Т-супрессор, Т-киллер, Т-амплифайер.
  • В-лимфоциттер гуморалдық иммунитет қалыптастырады, антиденелер түзеді ( және -глобулиндер).
  • 6. Лейкоциттер қанның ұюына қатысады.
  • 7. Моноциттер өлген жасушаларды фагоциттеп, ұлпа регенерациясына қатысады.
  • 8. Нейтрофилдер интерферон жасап шығарады.

Тромбоциттер (қан пластинкалары), мөлшері 180-320х109/л (103мкл)

  • Қызметтері:
  • Ангиотрофикалық (қан тамырларды қоректендіру);
  • Адгезивті агрегациялық (Жабысып үйінді құру);
  • Ангиотензивтік (серотонин бөліп, қан тамырларды тарылту);
  • Креаторлық (қанның, қантамырлардың табиғи құрылысын сақтауға);
  • Қанның ұюына қатысу (тромбоциттік факторлар, ұйытуға қарсы заттар, адреналин, лизоцим, АТФ, АДФ)

Қанның ұюы (гемостаз) – қан сұйық күйден қоймалжың күйге, одан ұйынды – тромбқа айналатын биологиялық және биохимиялық күрделі үрдіс. Тромб тамырды тығындап, қан кетуді тоқтатады. Қанның ұюына 15 плазмалық және 11 тромбоциттік факторлар қатысады.

  • Гемостаз жүйесінің компонентері
  • Қан ұюы жүйесі
  • Қан ұюына қарсы жүйесі

1 – протромбиннің тромбинге айналуын тездететін плазмалық проакцелерин факторы 2 – фибриногеннің фибринге айналуы тездететін фактор 3 – тромбоцит мембранасында болатын, жарылған кезде босап шығып, қан ұюының 1-ші кезеңіне қатысатын тромбоциттік тромбопластин факторы. 4 – гепаринмен әрекеттесіп,оған қарсы тұратын, қан ұюын тездететін фактор. 5 – фибриноген тәрізді зат, тромбоциттерді бір-біріне жабыстырып,үйінді жасалуына әсер ететін фактор 6 – ұйыған қанды тығыздайтын, актин мен миозин белоктарына ұқсас тромбостенин (ретрактозим) факторы. 7 – фибринолиз жасайтын ферменттің әсерін тездететін антифибринолизин факторы 8 – қан тамырларын тарылтатын серотонин түзу факторы 9 – фибриннің сақталуын қамтамасыз ететін фактор. 10 – қан тамырларын тарылтатын фактор. 11 – тромбоксин тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, ұйынды құратын агрегация факторы. Ең белсенділері ф3, ф6.

  • Тромбоциттік факторлар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет