5.Алдияр: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт беріп өсірген.
Аналарды мейрамымен,
Құттықтаймын бүгін мен!
6.Мейіржан: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам!
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан!
7.Алисултан: Жүзімізге қараңыз,
Бал-бұл жанған баламыз.
Бізге түсер күн шуақ,
Бізге қымбат Анамыз.
8.Ақжан: Аялы алақан,
Әлпештеп өсірген.
Аяулы жан анам,
Қатемді кешірген.
9.Ибрахим:Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнімде,
Арнадым саған бәрінде!
Тәрбиеші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын.
Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.Олай болса өнерлеріңді тамашалайық!
Би: «Матрешки» Тәрбиеші: Келесі кезекте балалрдың орындауында « Әжетайым» әні.
Тәрбиеші: Ана, ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанына
Ана деп біздің халық текке айтпаған, — дей келе балапандарымыздың тақпақтарын тыңдайық:
10.Диана: Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Біздің үйдің бәріне.