Емі
Инсулин препараттарын қолдану, диета сақтау және физикалық күш түспеуін қадағалау. Стол №9 диета тағайындалады: кәмпит, қант, бидай ұны, құрма алынып тасталады. Беруге болмайды: қара нан,қарақұмық,арпа,сұлы,картоп,капуста,сәбіз,қызылша. Майлар,әсіресе жануар майлары. Күніне 6 рет тамақтандыру қажет: үшеуі негізгі тамақ (таңертеңгілік,түскі,кешкі ас әрқайсысы 25% күндік калориядан) және үш рет қосымша тамақтандыру. Тамақтану уақыты мен тамақ мөлшері үнемі тұрақты болуы керек. Науқастарға диетотерапия принциптерін,күндік калорияны,тамақтануды реттеу және жоспарлауды үйрету қажет. Негізгі ем – инсулинмен емдеу. Инсулин дозасы аурудың ағымына,ауырлығына байланысты. Орташа күндік қажеттілігі 0,25 – 0,5 – 1Б/кг дене салмағына. Күніне зәрмен бөлінген қантты анықтап, 4 – 5гр қантқа – 1Б инсулин тағайындайды. Инсулиннің дозасы дәл болу үшін арнайы инсулин шприцтері болады. Инсулин теріастына салынады. Инсулин салатын жерлерді ауыстырып тұру қажет.