Тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің маңызы. Ауыз қуысындағы, қарындағы, ішектегі астың қорытылуы



бет1/5
Дата05.10.2023
өлшемі3,58 Mb.
#112888
  1   2   3   4   5

Тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің маңызы. Ауыз қуысындағы, қарындағы, ішектегі астың қорытылуы.

  • Дәрістің жоспары:
  • Ас қорыту жүйесінің құрылысы.
  • Ас қорыту, оның маңызы, түрлері.
  • Ас қорыту жүйесінің қызметі.
  • Ауыз қуысындағы астың қорытылуы.
  • Сілекейдің шығуы және оның реттелуі.
  • Қарындағы астың қорытылуы.
  • Ішектегі астың қорытылуы.

Ас қорыту, оның маңызы

  • Тағам арқылы организмге энергиялық және пластикалық материалдар түседі. Қоректік заттар ас қорыту жолында механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды.
  • Ас қорыту барысында ірі молекулалы органикалық заттар жай заттар – мономерлерге айналып, олар қан мен лифаға сіңіп, организмде пайдаланылады.

Ас қорыту түрлері

  • Аутолитикалық – тағам құрамындағыфаерменттер (ана сүті).
  • Симбиоттық – бактериялар түзетін ферменттер – гидролиз микроорганизмдер ферменттерінің әсерінен жүреді (тоқ ішекте).
  • Өзіндік
  • а) қуыстық (дистанттық) ас қорыту – ас қорыту ішек-қарын түтігінде жүреді.
  • б) мембраналық (контакттық) ас қорыту – ішек жасушаларының көмкерілген эпителиі мен гликокаликсте орналасқан ферментттердің әсерінен жүреді.
  • в) жасуша ішіндегі ас қорыту (фагоцитоз, пиноцитоз).

Ас қорыту жолының қызметі

  • Ас қорыту қызметі.
  • Сөл шығару (секреция) – ас қорыту сөлдерін бөлу. Ферменттердің 3 тобын ажыратады: 1) протеазалар - белоктарды ыдыратады; 2) липазалар - майларды глицеридтер мен май қышқылдарына дейін ыдыратады; 3) карбогидразалар - көмірмуларды полисахарид, ди- және моносахаридтерге дейін қорытады.
  • Қимыл (моторлық).
  • Сіңіру.
  • Сыртқа шығару.
  • 2. Эндокриндік функция.
  • Ішек-қарынның кілегей қабатында гастроинтестиналдық гормондардың түзілуі. Энтерин жүйесінің гормондары қанға сіңіп: 1) ас қорыту сөлдерінің бөлінуін реттейді; 2) ассимиляцияға, организмнің өсуі мен дамуына әсер етеді; 3) түрлі ағзалардағы қан айналысын реттейді, биологиялық мембраналардың өткізгіштік дәрежесін реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет