Шартты рефлекстік кезең. Сілекей ас ауызға түспей тұрып, тағамның иісіне, түріне, дәмді тағам еске түскенде бөлінеді. Бұлы қыртыс пен сілекей бөлу орталығының қатысымен жүзеге асады.
Шартсыз рефлекстік кезең. Сілекей ас ауызға түсіп, ондағы рецепторларды тітіркендіргенде бөлінеді. Афференттік жүйкелер бойымен импульстер сілекей бөлу орталығына жетіп, одан секреторлық жүйкелермен сілекей бездеріне барады.
Сілекейдің құрамы
Сілекей – қоймалжың, түссіз, сұйық зат. Меншікті салмағы – 1,001-1,002.
рН = 5,8-7,4.
Су – 99,4-99,5%.
Құрғақ зат – 0,5-0,6%
Органикалық заттар 1. Ферменттер:
-амилаза – полисахаридтерді – декстран – дисахахридтерге дейін ыдыратады.
Мальтаза – ұзақ шайнағанда активтеліп, дисахаридтарді – моносахаридтерге дейін ыдыратады.
Аш ішектің астары кедір-бұдырлы бүртіктермен қапталған. Бүртіктердің астында қылтамырлар мен лимфа орналасады. Бүртіктердщ аш ішектегі асты сіщріп (сорып) алатын көлемі 4-5 м2-ден 400-500 м2-ге дейін болады. Аш ішектің ұзындығы 3-3,5 м. Оның бастапқы бөлімі-ұлтабар ұшы. Ұлтабар ұшының орташа ұзындығы 12 еліге тең. Ұлтабар ұшына бауыр мен ұйқы безінің шығару өзектері ашылады. Ұйқы безі сөлінің ферменттері сілтілі ортада ғана әсер етеді және оның қызметін өт күшейтіп отырады. Ac қорыту сөлі ферменттерінің әсерінен белок, май, көмірсулар ұлтабар ұшында ыдырайды.