Тақырыбы: Асқазанның және ішектің моторлық, эвакуаторлық, секреторлық қызметін реттеу



бет7/8
Дата03.11.2022
өлшемі498,52 Kb.
#47192
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ас қорыту физиология.pptx

Ішек қимылы бірыңғай салалы ет талшықтарының үйлесімді жиырылуына байланысты 5 түрге, атап айтқанда, маятник тәрізді, ырғақты-бунақтану, перистальтика, тонустық (ширақтык), кері перистальтика (антиперистальтика) қимылдарына бөлінеді.

  • Маятник тэрізді қимыл нәтижесінде ұзыннан ұзақ орналасқан ет талшықтары біресе жиырылып, біресе босаңсиды да ішектің біраз бөлігі біресе кысқарып, біресе үзарады. Осыған орай ішек-тегі химус бірде алға, бірде артқа қарай жылжып, ас қорыту сө-лімен әбден араласады.
  • Ырғақты-бунақтану қимылы кезінде сақина тәрізді ет талшық-тары бірден ішектің бірнеше жерінде жиырылып, оны үзындығы әртүрлі (1—2 см) көптеген сегменттерге бөледі. Одан әрі сег-менттер ортасындағы сақина тәрізді еттер жиырылып әр сегмент-ті екіге бөледі, сөйтіп келесі сегменттерді қүрады. Ішекті бунақ-қа бөлу ырғақты түрде қайталанып, оның бір жерінен екшші жеріне көшіп отырады. Бұл қимыл іштегі химустьщ ас қорыту сөл-мен араласуын қамтамасыз етеді.
  • Перистальтика қимылын жасауға ішек етінің екі түрі де қа-тысады. Ішек бөлігінің жоғарғы жағында сақина тәрізді көлде-нең еттер жиырылып, ішек қуысын тарылтады, ал дәл осы кезде төменгі жағында ішекті бойлай орналасқан еттер жиырылып ішек куысын кеңітеді. Ондағы химус енді ішек қуысының тарыл-ған жерінен кеңейген жеріне қарай жылжиды. Қелесі жолы сақи-на тәрізді еттер ішектің кеңіген жерінде жиырылады. Аталган қимыл он екі елі ішектің басында пайда болады да, аш ішек пен мықын ішектің бойымен толқын тәрізді таралып, тоқ ішекке же-теді. Сөйтіп, перистальтика қимылы химустың бір беткей, жоға-рыдан төмен карай жылжуын қамтамасыз етеді. Перистальтика кейде құрт тәрізді қимыл деп те аталады.
  • Қері перистальтика қимылы ішектегі химусты кері қайтарып, карынға қарай жылжытады. Бұл қимыл әдетте аздап он екі елі ішекте де байқалады. Мұның нәтижесінде ас осы ішекте кідіре-ді де, ас қорыту сөлінің әсері ұзарады.
  • Ширақтык, (тонустык,) қимыл да өзгеріп отырады. Бірыңғай салалы еттер әрдайым ширақ келеді, яғни (тонуста болады). Ішек тонусы түрлі себептердің әсерінен не жоғарылауы не төмен-деуі мүмкін. Еттер тонусы (ширақтығы) күшейсе, ішек қуысы тарылады, төмендесе, керісінше ішек қуысы кеңейді. Бұл да хи-мустың сөлмен араласып, даяр өнімдердің сіңуіне септігін тигі-зеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет