Үйкы безі 2 түрлі тканьнен: а) ас қорыту сөлін бөлетін аци-нус; б) қанға гармондар бөліп шығаратын а және |3 клеткалары-нан қүрылған шашыранды Лангерганс аралшықтарынан түрады. Ацинус тканінің сөлі түтікше (өзек) арқылы 12 елі ішекке кұй-ылады. Бүл үйкы безінің сыртқы секрециялы кызметі. Лангер-ганс аралшықтарында түтік болмайды, ол сөлін қанға құяды. Демек үйқы безі ішкі секрециялы без.
Үйқы безі латынша панкреас деп, осыған орай оның ас қоры-ту сөлі панкреас сөл (секреті) деп аталады. Бұл аса күрделі сөл-діц ас корытуда үлкеи маңызы зор.
Үйкы безікен (панкреастан) сөл алу. Үйкы безінің сөл шығару қызмгтін, оныц құрамын білу үшін иттің панкреас түтігіне фис-
тула қойылады. Он екі елі ішек қабырғасын үйкы безінің түтігі ашылған жерінен ромба тәрізді етіп айналдыра тіліп, түтіктің аузы 12 елі ішек бөлігімен бірге сыртқа шығарылады (И. П. Павлов, 1879). Ұйқы безі қос түтікті. Осы екі түтіктің біреуі сыртқа шығарылса, онда 12 елі ішекте ас қорыту процесі бұзыл-майды. Сыртқа шығарылған түтіктің аузына зонд кіргізіп, ас қорыту кезінде ұйқы безі сөлін жинауға ішкен астың без сөлінің қүрамына, сөл шығару тәртібіне тигізетін әсерін зерттеуге бола-ды. Адамның ұйқы безінен таза сөл алу өте қиын. Сондықтан адамға жіңішке зонд (резеңке түтік) жұтқызып, оны карыннан он екі елі ішекке өткізіп одан сөл (таза болмаса да) жинауға болады. Әлбетте сөлдің құрамында ас қалдығы, өт болады. Сөл шыраруын күшейту үшін түрлі интестинальдық гормоидар қол-данылады.
Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қызметі
Ұйқы безінің сөлі түссіз, сілтілі (рН 7,8—8,4). Оның қүра-мында 1%-тей құрғақ зат болады. Ол негізінен белоктан тұрады (0,5—1,0%). Реакциясы құрамындағы натрий бикарбонатының мөлшеріне байланысты. Етті тағаммен қоректенген адамда сөл бикарбонаты 0,74%-ке жетуі мүмкін. Тәулігіне үйқы безінен 1,5—2 литрдей сөл бөлініп шығады, ондай сөлдсн 10 грамдай бе-лок жинап алуға болады. Ол негізінен түрлі фсрменттерден тұра-ды. іЧұнда ферменттердің шамамен 72%-і белокты ыдырататын Протеазалар: трипсин, химотрипсин, карбоксипептидазалар, элас-таза (панкреата пептидаза), рибонуклеаза.