Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет13/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65
Байланысты:
lektsiyalar (1)

Бір газдың белгілі көлемінің массасының басқа газдың сондай көлемінің массасына (сондай жағдайда алынған) қатынасы бірінші газдың екінші газ бойынша тығыздығы деп аталады. (D әрпімен белгіленеді):
бұдан М12D. (1.7)
Әдетте газдың тығыздығын ең жеңіл газ сутегі бойынша (белгіленеді) анықтайды. Сутегінің молярлық массасы, 2,016 г/моль немесе шамамен 2 г/мольге тең.
Сондықтан, М = 2 болады. (1.8)
Газ күйіндегі заттың молекулалық массасы оның сутегі бойынша алынған екі еселенген тығыздығына тең.
Көбінесе газдардың тығыздығы ауа бойынша анықталады. Ауа газдардың қоспасы болғанымен оның орташа молярлық массасын пайданалады. Ол 29 г/мольге тең.Бұл жағдайда молярлық масса:
М=29Dауа өрнекпен анықталады. (1.9)
Молекулалық массаларды анықтау жай газдардың молекулаларының екі атомнан (H2, Ғ2, Сl2, О2, N2), ал асыл газдардың молекулалары бір атомнан тұратындығын көрсетті. Асыл газдар үшін «молекула» және «атом» деген түсінік бірдей. Алайда кейбір жай заттардың молекулары үш не одан да көп атомдардан тұрады, мысалы, озон О3, фосфор Р4, төменгі температурадағы күкірт буының молекулалары S8.
Авогадро заңы бойынша әралуан есептеулер жүргізіледі — қалыпты жағдайда газдардың көлемін, тығыздығын, газ тәрізді заттардың молярлық массасын және газдардың салыстырмалы тығыздығын есептейді.
Газ күйіндегі заттарға байланысты химиялық есептерді шешу үшін мектептегі физика курсында қарастырылатын газ заңдарын жиі қолдануға тура келеді. Бұл жерде оларды толық қарастырмай-ақ есептеулерге керек болатын олардың формулалары мен тұжырымдамаларын келтіреміз.
Бойль-Мариотт заңы: тұрақты температура берілген газдың көлемі оның қысымына кері пропорционал болады. Бұдан,
pV=const, (1.10)
мұндағы р — қысым, V — газдың көлемі.
Гей-Люссак заңы: тұрақты қысымда газдың көлемінің өзгеруі температураға тура пропорционал болады, яғни
V/Т=const, (1.11)
мұндағы Т — температурада К(кельвин). Бойль-Мариотт пен Гей-Люсакктың біріккен газ заңы
рV= сопst (1.12)
Әдетте бұл формуланы басқа жағдайдағы көлемі белгілі болса берілген жағдайдағы газдың көлемін есептеуге қолданады, егер қалыпты жағдайдан (немесе қалыпты жағдайға) ауысқан болса онда бұл формуланы мына турде жазады:

мұндағы Т0 қалыпты жағдайдағы қысымы, газдың көлемі және темпе-ратура (р0= 101325 Па, Т0 = 273 К). (1.13)
Массасы мен мөлшері берілген газдың көлемін есептеу үшін Менделеев-Клапейрон теңдеуін қолданады:
pV=nRT (1.14)
немесе
(І.І5)
Мұндағы n — газдың моль саны, т — масса (г), М — газдың молярлық мас-сасы (г(моль),R универсал газ тұрақтысы, T = 8,31 Дж(моль * К)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет