Тақырыбы:БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫ КЛАСТАРЫ
Оксидтер. Оксидтердің жіктелуі. Алынуы мен химиялық қасиеттері.
Қышқылдар және олардың номенклатурасы. Алынуы мен химиялық қасиеттері.
Негіздер және олардың номенклатурасы. Негіздердің жіктелуі. Алынуы мен химиялық қасиеттері.
Тұздар және олардың жіктелуі. Алыну жолдары мен химиялық қасиеттері.
Бейорганикалық қосылыстардың кластары арасындағы байланыс.
Оксидтер
Заттардың жіктелуі оларды оқып-үйренуді жеңілдетеді. Қосылыстар ерекшелігін біле отырып олардың кейбір жеке өкілдерінің қасиеттерін сипаттауға болады. Бейорганикалық косылыстардың маңызды кластары оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар.
Оксидтер деп біреуі оттегі болып келетін екі элементтен тұратын заттарды айтады.
Химиялық элементтердің барлығы дерлік оксидтер түзеді. Кәзіргі кезге дейін үш элементтің — геллий, неон және аргон асыл газдарының оксидтері алынған жоқ.
Оксидтердің атауы. Халықаралық номенклатура бойынша оксидтердің атауы салыстырмалы электртерістігі үлкендеу элементтің латынша атының түбіріне — ид жалғауын қосып, салыстырмалы электртерістігі кіші элементтің атын ілік септікте беріп жазады. Егер бір элемент бірнеше оксид түзетін болса, онда олардың атауынан кейін элементтің тотығу дәрежесі бірден жақшаға алынған рим цифрымен көрсетіледі. Мысалы, Н2О сутегі оксиді (су), ҒеО — темір (II) оксиді, Ғе2О3—темір (III) оксиді, Р2О3—фосфор (III) оксиді, Р2О5— фосфор (V) оксиді, Р4О6— тетрафосфор гексаоксиді, Р4О!0— тетрафосфор декаоксиді, Сu2О мыс (1) оксиді немесе димыс оксиді.
Элементтердің оттекті қосылыстарының ерекше тобын пероксидтер түзеді. Әдетте оларды әлсіз қышқылдық қасиет көрсететін сутек пероксидінің Н2О2 тұздары деп қарастырады. Пероксидтердегі оттегі атомдары басқа элементтердің атомдарымен ғана емес, олар өзара бірімен-бірі химиялық байланысқан (пероксид тобын —О—О—түзеді). Мысалы, натрий пероксиді Na2O2 (—О—О—тобынын, атауы пероксо).
Пероксидтердегі элементтердің тотығу дәрежесін дұрыс анықтай білу керек. Мәселен, барий пероксидінде ВаО2 барийдің тотығу дәрежесі +2, ал оттегінікі —1.
Химиялық қасиеттеріне сай оксидтер үш топқа бөлінеді: негіздік, қышқылдық және амфотерлі.
Достарыңызбен бөлісу: |