Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет17/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65
Байланысты:
lektsiyalar (1)

Қышқылдардың атаулары. Қышқылдардың атауын оттекті кышқылдардың атауларындағы бейметалдың атауына (егер оның тотығу дәрежесі топтың нөміріне сәйкес болса)-ты, -ті жалғауын қосып айтады. Тотығу дәрежесі төмендеген сайын жұрнақтар мына ретпен өзгереді -лау, -лы, -лылау:
+7 +5
НС1О4—хлор қышқылы H3AsO4— мышьяк қышқылы
+ 5 +5
НСlO3— хлорлау қышқыл HNO3— азот қышқылы
+3 +3
НС1О2— хлорлы қышқыл HNO2— азотты қышқыл
+1 +6
НСlO— хлорлылау қышқыл H2SO4— күкірт қышқылы
+4
H2SO3— күкіртті қышқыл
Дегенмен, егер тотығу дәрежесі бірдей элемент бірнеше оттекті кышқылдар түзетін болса, онда оттегі атомдары аз қышқыл атомына “мета”, ал оттегі атом саны көп болғанда “орто”— деген префикстерін қосады.
НВО2—метабор қышқылы H2n(SiО3)n — полиметакремний қышқылы.
Н3ВО3— ортобор қышқылы, H4SiО4— ортокремний қышқылы
Оттексіз қышқылдардың атауын бейметалл атауына сутегі деген сөз қосып айтады.
НҒ— фторсутек қышқылы немесе балқытқыш қышқыл, HC1 — хлорсутек немесе тұз қышқылы, НВг — бромсутек қышқылы, HJ — иодсутек қышқылы, H2S — күкіртсуітек қышқылы.
Алынуы. Оттекті қышқылдардың көпшілігі сумен бейметалдардың (тотығу дәрежесі жоғары болатын) оксидтері әрекеттескенде алынады. Мысалы:
SO3 + H2O↔H2SO4; N2Os + H2O = 2HNO3
Егер мұндай оксидтер суда ерімейтін болса, онда оларға сәйкес қышқылдар жанама жолмен алынады, анық айтсақ сәйкес тұзға басқа қышқылмен (көбінесе күкірт қышқылымен) әсер етіп алады. Мысалы:
Na2SiO3+H2SO4 = Na2SO4+H2SiO3
Сутегін бейметаллмен қосу арқылы алынған сутекті қосылысты суда ерітіп оттексіз қышқылдар алады. Бұл НҒ, HC1, HBr, HI, H2S.
Техникада және халық шаруашылығында көп маңызы бар қышқылдардың алу тәсілдері II бөлімде қарастырылады.
Қасиеттері. Қышқылдар — сұйық (H2SO4, HNO3 және т. б.) немесе қатты заттар (Н3РО4 және т. б.). Көпшілік қышқылдар суда жақсы ериді. Олардың ерітінділерінің қышқылдық дәмі болады, өсімдік және жануарлар тканьдерін жеп жібереді, көк түсті лакмусты қызыл түске өзгертеді.
Қышқылдардың маңызды химиялық қасиеттері болып мыналар есептелінеді:
1. Металдармен әрекеттесуі (тұз түзіп және сутегі бөліп). Мәселен:
2НС1 + Ғе=ҒеС122
Мұнда металдардың атомы тотығады, ал сутегі ионы тотықсызданады. Стандартты электродтық потенциалдар қатарында сутегінің оң жағында тұратын металдар сутегін қышқылдардан бөліп шығармайды. Концентрлі азот және күкірт қышқылдарымен металдар әрекеттескенде де сутегі бөлініп шықпайды. Мұндай жағдайда азот N пен күкірт S тотықсызданады (тотығу дәрежелерін төмендетеді).
2. Негіздік оксидтермен, негіздермен және тұздармен әрекеттесуі:
H2SO4+ CuO = CuSO4 + Н2О
H2SO4+2KOH = K2SO4+2H2O
h2so4+K24=H2SiO4↓+K2SO4
Электролиттік диссоциация теориясының көзқарасы бойынша қышқылдардың жалпы қасиеттері (қышқылдық дәм, индикаторлардың түсін өзгерту, негіздер мен негіздік оксидтермен, тұздармен әрекеттесуі) сутегі Н+ иондары дәлдеп айтқанда гидроксоний Н3О+ иондары арқылы іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет