ТІЛЕУҰЛЫ МӨҢКЕ БИ
1885 жылы Хромтау ауданының Ойсылқара ауылында дүниеге келген. Ашаршылық, колхоздастыру кезеңінің алапат аштығына ұрынған халық мұңын жоқтап өлеңдер жазды. Осынысы үшін 1931 жылы «халық жауы» атанып, қамауға алынып, атылды. Ақынның ұрпақтары Хромтау қаласында тұрады. 1991 жылы аудан халқы Әкімәлінің туғанына 100 жыл толуын ұлан асыр той қылып өткерді.
- Қаржауұлы Ә. Халқыма хат: Өлеңдер жинағы. -Ақтөбе,1991.-46 б.
- Қаржауұлы Ә. Халқыма хат: Шығармалары / Құраст.Қаржауов Ш.- Ақтөбе,1997-163 б.
- Қаржауұлы Ә. Өмірі мен шығармалары // Жәдігер:Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы / Ред.алқасы төрағасы Сағындықов Е.- Ақтөбе, 2006.-73 б.
- Қаржауұлы Ә. Өмірі мен шығармалары // Жеті ғасыр жырлайды. Т.2. / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы.- Алматы: Жазушы, 2008.-445 б
ӘКІМӘЛІ ҚАРЖАУҰЛЫ
1966-1988 жылдар аралығында оннан астам үлкенді-кішілі жыр жинақтарын шығарған танымал ақындардың бірі.
Тақырыбы жағынан сан алуан болып келетін С.Баймолдин өлеңдері авторлық өзіндік қолтаңбасына тән ырғақ, ұйқастармен ерекшеленеді. Ақын өз туындыларына замандастардың болмыс-бейнесі, тыныс-тіршілігі, моральдық және азаматтық бағыт-бағдары турасындағы ой-толғауларын арқау етті.
Шығармалары:
- Жер - мекен. Тұңғыш кітап. А., «Жазушы», 1966;
- Қырда туған. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;
- Монолог. Дастандар. А., «Жазушы», 1969;
- Қызыл іңір. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971;
- Сағыныш. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1976;
- Алтын гүл. Өлеңдер, дастан дар. А., «Жалын», 1978;
- Сенемін саған. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1980;
- Іңкәр күндер. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982;
- Армия семьясы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982;
- Бесік жыры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985.
СӘБИТ БАЙМОЛДИН
(05.05.1934, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылы — 05.05.1994, Алматы) — ақын.
1984 жылдан кейін шығармашылық еңбекпен айналысқан.
“Қарлығаш” аталатын алғашқы жинағы 1959 жылы жарық көрді. Содан кейінгі жылдары жиырмадан аса өлең кітаптарын жариялады. Жиенбаевтың
- “Сыйлық” (1960)
- “Қыр гүлі” (1966)
- “Сырлы теңіз” (1963)
- “Қайырлы таң” (1966)
- “Әлия” (1973)
- “Оймауыт” (1975)
- “Көктем самалы” (1976), т. б. өлең кітаптары жұртшылықтың көңілінен шықты.
Жиенбаев өз өлеңдерінде жан сарайын айқара ашып, тебірене толғаған сыршылдығымен, ақ пейіл шыншылдығымен, инабаттылықты, кісілік ізгілікті, елдікті, ерлікті жырлауымен ерекшеленеді. Ол бірқатар ән мәтіндерінің:
- “Махамбет”
- “Еңлік — Кебек” опера либреттоларының авторы.
Біраз жинақтары шет елдер тіліне аударылған. Өзі де А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Р.Ғaмзатовтың, Д.Кугульдиновтың, т.б. бірқатар өлеңдерін қазақшаға аударды.
Достарыңызбен бөлісу: |