Тақырыбы: Қазақ тіл біліміндегі дыбыс үндесуі, дыбыстар сәйкестігі



бет2/2
Дата12.12.2022
өлшемі19,33 Kb.
#56714
1   2
(а, ä, е, ы, і, о, ö, у, ÿ), консонан­тизм саласы жиырма бір дауыссыз дыбыстан (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, p, л, к, г, ч, 1, қ, ғ, ң, й, ǐ-дж) құралатынын атап өтеді. Дауыстыларды жуан-жіңішке, ашық-қысаң деп жіктеп, графикаға қатысын да анықтайды. «Қу, ту, би» сөздерінде айтылатын «у, и» дыбыстарын естілуіне қарай созылыңқы дыбыстар деп таниды.
П.М. Мелиоранский, В. Радлов айтқан пікірді қуаттай отырып «л» сонорының жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дербес фонема деп түсінеді. Тіл ортасы «к, г» және тіл арты «қ, ғ» дыбыстарын көмей дыбыстары деп, олардың артикуляциялық-жасалу орнын теріс көрсеткен. 
Октябрь революциясына дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден — В. Катаринскийдің. «Грамматика кир­гизского языка» (Фонетика, этимология и синтаксис. Орен­бург, 1897), И. Лаптевтың «Материалы по казах-киргизско­му языку» (Москва, 1900) және Н. Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кітаптарын атап өтуге болар еді.
Аталған еңбектердің фонети­ка тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ, көбіне, бұрынғы айтылған мәселелерді қайталап отырады. Н. Катанов «Опыт исследования урянхайского языка» (Казань, 1903) атты еңбегінде қазақ тілі дыбыстарын өзге түркі тілдердің материалдарымен салыстыра, қазақ тіліне тән кейбір заңдылықтарды көрсетеді. Октябрь революциясына дейін қазақ тілі жайында жазылған шағың еңбектерде фонетика мәселелері грамматиканың құрамына еніп, соған байланысты әңгіме болып келді.
Қазақ тілінің дыбыс құрылысы белгілі жүйеге салынып әржақты талданған емес. Фонетика құбылыстары жай ғана артикуляциялық фонетика тұрғысынан қаралды да, зерттеу әдістері анықталмай қалды.
Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі — совет дәуірі тұсынан басталды. Совет дәуірі кезінде жаңа ғылым — қазақ лингвистикасы туды, оның фонетика, грамматика, лексикология, диалектология, стилистика сияқты бірнеше салалары пайда болды. Қазақ тілін зерттейтін дербес Институт ұйымдасты және көптеген маман-кадрлар шықты. қазақ тіл білімінің арнаулы бір тармағы болған — фонетика саласында едәуір жұмыс істелді. фонетика мен фонологияның зерттеу әдістері, тәсілдері анықтала түсті.
Фонетика саласы фонология, эксперименттік (тәжірибе) фонетика, салыстырмалы фонетика, тарихи фонетика тәрізді тармақтарға жіктеле бастады. Республикамыз өзінің даңқты елу жылдық тойын тойлағалы отыр. Осы даңқты елу жыл ішінде қазақ фонетикасы жайында нелер істелді, қандай табыстарға жеттік, алдағы кезде қандай шұғыл міндеттер тұр — осылар жөнінде өз пікірлерімізді ортаға салмақпыз.
Мектептерде қазақ тілін оқыту және жазу ережелерін (алфавит, графика, орфография) жетілдіру ісімен байланыс­ты әуелгі кезде қазақ фонетикасы жөнінде біраз шағын ең-бектер— мақалалар жарың көрді. [5-6]
Г. В. Архангельский жазған «Грамматикада» қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редукциясы), үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Бұл ғалым қазақ тілі дыбыстарын дауысты, шала дауысты және дауыссыз деп үш топқа жіктеп көрсетеді. Ауыздың ашылу түріне қарап дауыссыздарды ашық (а, ә), жарты ашық (е, о, ө), қысаң (ы, і) және жарты қысаң (ұ, ү) деп төрт топқа жіктеп өтеді.
Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерт­теу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді. [7, 169 б.]
Өз зерттеулерінде ол А, Байтұрсыновтың тұжырымды талдауларын дамыта түсті.
А. Байтұрсыновқа дейінгі еңбектерде қазақ тілі жүйесі түрде зерттеледі, жоғарыда аталған орыс ғалымдарының еңбектеріндегі зерттеулердің ғылыми дәрежесі төмен болды, қазақ тілінің өзіндік табиғи қасиеті көп жағдайда ескерілмеді, бір жақты байымдаулар мен үстірт пікірлерге құрылды, көбіне фиктивті құрылымды тілдердегі ережелерге сәйкестендірілді. Мысалы, Санкт-Питербургте 1875 жылы жарық көрген М.А. Теретьевтің «Грамматика турецкая, персидская, киргизская» деп аталатын кітабында қазақ тілі, оның дыбыс жүйесі мен грамматикалық құрылысы жайында азды- көпті ғана, қазақ тілінің қасиетін, мәнін т.б. ерекшеліктерін аша алиайтын мағлұмат берілген.
Ы. Алтынсариннің 1871 жылы Оринборда жарық көрген «Начальное руководство к обучению киргиз-русскому языку» атты еңбегі қазақтарға орыс тілі грамматикасын түсіндіретін ең бірінші оқу құралы ретінде зор қзмет атқарды. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым А. Байтұрсыновтың ағартушылық жолға құлшына кірісіп, сауаттылықты жою жолында қазақ тілін жан-жақты талдауына Ы. Алтынсариннің осы еңбегі де үлгі болған сияқты. Ташкентте, Орынборда, Алматыда жоғары орындарында профессор қызметін атқару. Қазақ тілі мен әдебиетін терең зерттеуге ғалымға мүмкіндік жасады, ұстаздық пен қоғамдық жұмыстарда жүріп, ол зерттеу жұмыстарын тоқтатпаған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет