Тақырыбы: «Қазақстаның дамуы мен көркеюіне менің үлесім»



Дата19.05.2022
өлшемі19,37 Kb.
#35001
Байланысты:
эссе фил


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.ӘУЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЭССЕ
Тақырыбы: «Қазақстаның дамуы мен көркеюіне менің үлесім»


Орындаған: Жұматаева Н
Група: Ап-20-8к3
Қабылдаған: Балтабаев Н


Шымкент 2022ж
Қазақстан – тәуелсіз, егеменді ел. Біздің елде түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Күн санап түрлі ғимараттар, үйлер салынуда. Сан-қилы салалар дамуда. Бір сөзбен айтқанда, еліміз дамып, гүлденіп жатыр. Осындай деңгейге жету үшін, тәуелсіз ел болу үшін халқымыз талай қиындықтардан өтті. Ел басы – Нұрсұлтан Назарбаевты президент етіп халқымыз бекер сайлаған жоқ. Назарбаев халқына берген антында, елдің өркендеуіне берген уәдесін орындады және әлі де орындауда. Ал енді, мен өз Отанымның өркендеуі үшін не істей алатыным жөнінде тоқталсам. Болашақта өз елімнің өркендеуі үшін аянбай еңбек етемін. Ең алдымен сапалы да, терең білім алсам деймін. Отан отбасыдан басталады демекші ең алдымен мен қазіргі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде ата-анама салмақ салмай грантпен оқып жатырмын. Оқу барысында көптеген конференцияларға қатысып жүлделі орындар алудамын. Қазіргі таңда екінші курс студентімін. Оқуымды ойдағыдай аяқтаған соң өз мамандығым бойынша жұмыс жасаймын.  Өз мамандығыма тоқтала кетсем менің мамандығым Ветеринариялық медецина. Мал дәрігерлері жан-жануарлардың ауруларын емдейді, әртүрлі аурудың алдын алу үшін екпе салып, қажет болғанда ота жасайды, малдан алынған ет, сүт, т.б. өнімдерге бақылау жүргізіп, осы өнімдердің жарамды-жарамсызын айырады. Мал дәрігерлікті мамандығын оқып бітіргендер мал дәрігерлік дәріханада, зертханада, емханада, мал шаруашылығында, кеденде, аң өсіретін фермада, хайуанаттар бағында және азық-түлік базарларында жұмыс істей алады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан мал дәрігерлік мамандыққа қолдау көрсету жайлы сөз болып жатыр. Себебі, мал ауырса ауыл шаруашылығына шаш-етектен шығынға батып қана қоймайды, адамға да жұғып, халық өміріне қауіп төндіреді. Қазіргі таңда еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – табиғат. Қазіргі кезде, табиғат ластануда, табиғат жойылса біз де жойыламыз. Осы мәселені қолға алу үшін, табиғатты қорғау жөнінде қатал заңдар енгізіп, іс-шаралар ұйымдастырылса жақсы болар еді. Еліміздегі басты проблема – тіл мәселесі. Үлкендерден: «қазақша сөйле, қазақ тілін үйрен, орысша сөйлегенді қашан доғарасың?» деген сыни сөздерді естіп жатамыз. Бір жағынан олардың айтқан сөздері де дұрыс. Бірақ мұны жастарымыз ескере бермейді. Мүмкін, әдет болып қалған шығар, үнемі орысша сөйлеу. Көпшілігінің айтуы бойынша: «тіл үйренуге уақытым жоқ» деп жататындар да бар. Осы мәселені шешу үшін, қатал заң шығарғаны жақсы болар еді. Сонда, қазақтар да, орыстар да қазақ тілін үйрене бастайды. Бұл әрине, ұзаққа созылатын процесс. Болашақта осы мәселені қолға алар едім. Еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын азаматтар мен азаматтаршалар саны көбейеді деп ойлаймын. Соның арқасында, еліміз көркейіп, дамып, өркендеп, биік белестерден көрінетін болады. Әрине, ауызбен айтқан оңай, іспен орындау қиын. Бірақ мен жоғарыда айтып кеткен мәселелерді шешуге өз үлесімді қосатыныма сенімдімін. Өйткені әр адам өз елінің өркендеуі үшін үлес қосуға міндетті. Мен осы міндетімді орындайымын және де болашағымыздың жарқын болатынына сенімдімін!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет