Тақырыбы: «Қазақстанның физикалық географиясы» Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы және шекаралары


Қазақстан климатының жеке элементтерінің режимі



бет4/23
Дата07.02.2023
өлшемі77,72 Kb.
#65837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Қазақстанның физикалық гегр

Қазақстан климатының жеке элементтерінің режимі. Климат қалыптастырушы факторлармен бірге климатты анықтайтын бірнеше көрсеткіштер де бар. Олар: атмосфера қысымы, ауаның температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашын, жел, бұлттылық. Қазақстан климатының негізгі сипаттамасы осындай метеорологиялық элементтердің ұзақ жылдардағы орташа және абсолюттік мөлшерлері бойынша анықталады.
Республикада климат батыстан шығысқа қарай құрғақтана түседі, ең құрғақ климат орталық аудандарда байқалады. Себебі, мұнда жыл бойына солтүстік арктикалық суық ауалармен бірге оңтүстіктің жылы ауа массалары ықпал етіп отырады. Соның әсерінен көктем мен күз маусымдарында аракідік аязды күндер, ауа райының сууы және қар көшкіндері сияқты табиғат құбылыстары болып отырады.
Қазақстан территориясында үстемдік ететін метеорологиялық элементтерге
жеке-жеке тоқталамыз:

  1. Ауа қысымы мен жел. Атмосфералық қысым- бұл ауаның барлық денелер мен жер бетіне түсіретін қысымы. Қалыпты қысым Ο˚С температурада 760мм-ге тең, қысымды өлшейтін прибор барометр деп аталады.

Жер бедерінің күрделілігіне байланысты атмосфералық қысым өзгеріп отырады. Ауа қысымының орташа жылдық мөлшері жазықтық аудандарда 977-1022 мб-ға, Астанада 977 мб, Атырауда 1022 мб, Қ.О.-1003мб, ең төменгі мөлшері таулы аудандарға тән. Мысалы Алматыда 920мб.
Ауа қысымы мен ауа температурасы бір-біріне кері пропорционал, яғни температура жоғарылаған сайын жаз маусымында қысым төмендейді, ал температура төмендеген сайын қысым керісінше жоғарылайды.
Қазақстанның жел режимі атмосфералық циркуляция мен жер бедеріне байланысты анықталады. «Жел» дегеніміз - ауаның жоғарғы қысымды аймақтан төменгі қысымды аймаққа қарай горизонталь бағытта қозғалуы.
Қыстыгүні оңтүстік пен оңтүстік-батыстан солтүстікке қарай жылдамдық 6м/сек-қа дейін желдер соқса, ал жаздыгүні батыстан солтүстікке, солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай бағытталған желдер соғып тұрады, олардың орташа жылдамдығы 2-3 м/сек. Ал таулы аймақтарда аңғарлық желдер соғады. Мысалы Шу және Іле аймақтарында аңғарлық желдердің бағыты батысқа қарай соғады. Жазықты және аласа таулы аудандарда жылдамдығы 40-45 м/сек жететін дауылды желдер тұрып, олар халық-шаруашылығына кері әсер етеді, мұндай желдер көбінесе Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында байқалады. Көлдер мен үлкен су қоймаларының жағалауларында бриз желдері соғады. «Бриздер» дегеніміз-атмосфералық қысымның өзгеруінен күндіз теңізден құрлыққа, түнде құрлықтан теңізге қарай соғатын желдер. Таулы аймақтарда аңғарға қарай соғатын құрғақ әрі жылы желдер-фендер деп аталады. Мұндай желдер Тянь-Шань тауларында жиі-жиі болып отырады.

  1. Ауа температурасы. Қазақстанда қаңтардағы ауаның орташа температурасы қиыр оңтүстікте -1-5˚С, ал солтүстікте -19˚-20˚С-қа жетеді. Қыста суық ауа массаларының тау алдында және тұйық аңғарларда жиналуынан таулы өңірлерде радиациялық суыну байқалады. Республика бойынша қысқы ең қатты суыну Алтайдың тау аралық қазан шұңқырларында болады. Ал, абсолюттік min -47˚-54˚С-қа төмендейді. Ең ыстық ай шілде, шілденің орташа температурасы 18-30˚С, ал абсолюттік max оңтүстікте 42-44˚С-қа жетеді. Жеке қалалар бойынша қаңтардағы ауаның орташа температурасы Петропавлда -19˚С, Астанада -17,7˚С, Оралда -14˚С, Атырауда -10,4˚С, Таразда -5˚С, Шымкентте -4˚С, ең аязды күндер Солтүстік Қазақстанда байқалып, ауа температурасы -50-53˚С-қа жетеді. Ал шілдеде, Петропавлда +19˚С, Астанада 20˚С, Оралда 23˚С, Атырауда 25˚С, Шымкентте 26˚С.

Республикада 1 жыл ішіндегі аязды күндердің саны 90-200-ге жетеді. Мысалы, Қызылордада 148 күн, Оралда 177, Семейде 183күн, Астанада 200күн, Шымкент пен Таразда 100 күнге де жетпейді, ал таулы аудандарда биіктікке және географиялық орналасу ерекшелігіне қарай аязды күндердің саны артып отырады.

  1. Ауаның ылғалдылығы – бұл ауадағы су буының мөлшерін, жергілікті жердің ауа-райы мен климаттық ерекшеліктерді сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Ылғалдылықтың жылдық режимі ауа массаларының ауа температурасының алмасуымен және жауын-шашын мен буланудың мөлшеріне қарай анықталады. Республика территориясында жыл бойына түсетін жауын-шашын мөлшеріне қарағанда булану бірнеше есе артық, яғни түсетін жауын-шашын мөлшері солтүстікте 350-500мм, оңтүстікте 100-150мм, ал булану солтүстікте 550-1000мм, оңтүстікте 1000-1700мм. Ылғалдылықтың жетіспеуінен құрғақ күндер өте көп болады да, олар әсіресе Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда аймақтарында көп байқалады.

  1. Атмосфералық жауын-шашындар дегеніміз – бұлттардағы су буының конденсациялануы нәтижесінде жер бетіне жаңбыр, бұршақ, қар, қырау, түрінде түсетін ылғал. Биік таулы аудандарды ескермегенде, Қазақстан жері қуаң болып келеді. Жауын-шашынның таралуына көп жағдайда жергілікті жер бедері көп әсер етеді. Республиканың дала зонасында жылына орта есеппен 250-300мм жауын-шашын түседі, бұл көрсеткіш Орталық Қазақстанның көпшілік бөлігінде бірте-бірте төмендеп, 125-250мм-ге жетеді. Республика бойынша жауын-шашын ең аз түсетін аймақ – Балқаш көлі жағалауы мен Арал маңындағы Қарақұм өңірі, орташа жылдық жауын-шашын 100мм-ден аспайды. Батыстағы Үстірт пен Маңғыстау түбегінде 150мм түседі. Жер бедерінің биіктігі мен пішіндеріне қарай Қазақстанның биік таулы аудандарында жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 400-1000мм жетеді. Алтай тауларының батыс беткейлерінде 1500мм-ден артық ылғал түседі. Тау шыңдарынан етектеріне қарай ылғалдың мөлшері төмендеп, тауаралық қазаншұңқырларда 400-450мм, ал Зайсан қазаншұңқырларында 150мм жауын-шашын түседі. Іле Алатауында 900мм-ден аспайды. Ал, буланудың орташа мөлшері оңтүстікте 250мм-ден, солтүстікте 100мм-ге жетеді. Тау бөктерлерінде 200мм, таулы аудандарда 350-400мм.

Жаздыгүні буланудың мөлшері артып, оның абсолюттік max оңтүстікте 1200 мм-ге көтерілсе, солтүстікте 500мм.
Қазақстан территориясы бойынша жауын-шашынның таралуы өте әркелкі, мысалы жалпы бір жылда түсетін атмосфералық жауын-шашынның Оңтүстік Қазақстанда 60-65% салқын мезгілде жауса, керісінше Солтүстік Қазақстанда 70-80% жылы мезгілде түседі. Ол орманды дала зонасында жауын-шашынның көп бөлігі шілде айында жауады, тау баурайларында көктем мен күзде түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет